Discussion
Articles
5. Периодическое печатное издание
А) мерзімді баспасөз басылымы12 %Ә) мерзімді баспа басылымы87 %8 дауыс
Периодическое издание термині орыс тілінде жиі кездесетін будан терминдердің бірі. Термин гректің "periodos" – «аралап шығу, айналып оралу» және орыстың "издавать, издать" – «жариялау, басып шығару» деген сөздерінен жасалған. Дефинициясына Толығырақ ...келер болсақ, белгілі бір уақыт аралығында жарияланып отыратын, шығарылымдарының нақты саны белгілі, мазмұны жағынан қайталанбайтын, рәсімделуі және атауы мен басты тақырыптары жағынан біркелкілікті сақтайтын сериалы басылым. Ал енді "периодическое печатное издание" (грек. periodos – «аралап шығу, айналып оралу» және латын. signum – «белгі», сондай-ақ орыс. издавать, издать – «жариялау, басып шығару») деп жылына кем дегенде бір рет шығатын, тұрақты атауы мен ағымдағы реттік саны бар газет, жорнал, альманах, бюллетень немесе басқа да басылымдарды айтады. Мен «периодическое печатное издание» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «мерзімді баспа басылымы» сөзін қолданған жөн деп есептеймін.

Өте дұрыс жазылған сараптама

мерзімді баспа басылымы

Журналистика (француз journal – «күн сайынғы жаңалық, хабар») – баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және Толығырақ ...табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы.
Бұл термин Кеңестік дәуірден орыс тілінің заңдылығына сай қабылданған "журналистика" түрінде қолданысқа еніп, санамызға сіңіп кетті. Десек те Алаш зиялыларының жазбаларында жорналшы түрінде кездеседі. "Журналистика" терминін қазақ тілінің фоно-морфологиялық заңдылықтарына қарай икемдеп, «жорналшылық» түрінде қолданған жөн деп есептейміз.

Шеттілдік сөздерді өзіміздің тілімізге икемдеп, "жорналшылық" деп алғанымыз дұрыс. Ал "қаламгерлік" терминнің дефинициясын ашпайды.

"ЖУРНАЛИСТ" дегеніміз -- мамандық. "ЖУРНАЛИС + тік" дегеніміз журналиске қатысты кез келген анықтауды бейнелейтйн Толығырақ ... сөз. "ЖОРНАЛ + шылық" сөзі қанша бүгін "фонологиясын икемдегенмен" "--шылығы" қазіргі заманның құлағына жағымды емес. Негізгі балама термин іздеп ұсынылып отырған сөз ЖУРНАЛИСТИКА ғой... Ал сол "журналистика" сөзінің бойында ЖУРНАЛИЗМ ұғымы тұр, сондықтан сауалнамаға ұсынылған үш сөздің үшеу де ЖУРНАЛИСТИКА сөзінің мәнін ашып тұрған жоқ.

"Вычитка" термині орыстың "вы́читать, вычитывать" етістігінен шыққан, қазақша мағынасы «оқып білу, оқып шығу, оқып түзету», яғни редакторлық оқудан өткен материалды қайта сүзгілеу, түпнұсқаны оқи отырып өңдеу. Бұл жерде Толығырақ ...материалдың орфографиялық, пунктуациялық қателерін түзеу және теру барысында кеткен әріптік қателерін жоюға; грамматикалық құрылымын мәтінді оқуға жеңіл ететіндей етіп құруға, қабылдауға жеңіл ұғымдармен алмастыруға, сандар, қысқартулар, атаулар, сілтемелер сияқты мәтіндегі біртиптес элементтерді қабылдауға оңай етіп орналастыруға; автор мен редактор байқамаған семантикалық, стилистикалық, нақты қателіктерді табуға баса мән беріледі. Демек «вычитка» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «сүзгілеу» сөзі өзінен өзі сұранып-ақ тұр.

Шынымен де "вычитка" терминінің мағынасы "оқу", "оқып танысу", "жөндеу" іс-әрекеттерінен күрделі. "Сүзгілеу" "вычитканың" мағынасын толық ашып тұр.

сүзгіоқу деп бекітіліпті

Верстка термині төлнұсқа голланд тілінде "versteken" формасында қолданылады. Мағынасы «ретке келтіру» дегенді білдіреді. Типографиялық жинақты беттері бойынша орналастыру; 2) салыстыру, теңестіру, өсу реті бойынша қою процесі "верстка" деп аталады. 1971-1981 Толығырақ ...жылдары Мемтерминком "беттеу" түрінде бекітіп, іс жүргізу, баспа салаларында кеңінен қолданылып келді. Бірақ кей оқулықтар мен басылымдарда "верстка" терминінің баламасы "парақтау" түрінде де беріліп жүр. Өз басым «верстка» терминінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «беттеу» сөзін қолданған жөн деп есептеймін.

"Беттеу" қолданысқа еніп кеткен термин.

беттеу деп бұйрықта қолданамыз
Графопостроитель – калька немесе A0 көлеміне дейінгі қағазға суреттерді, схемаларды, күрделі сызбаларды, карталарды және басқа да графикалық ақпаратты үлкен дәлдікпен автоматты түрде сызуға арналған құрылғы. Оны соңғы жылдары плоттер Толығырақ ...деп те атайды. "Плоттер" атауы ағылшын тіліндегі "plotter" атауынан тікелей алынып отыр. Мағынасы «сызба сызушы» дегенді білдіреді. Графопостроитель термині гректің "γράφω" - «жазамын, сурет саламын» және орыстың "строить" – «тұрғызу, салу» деген сөздерін будандастыру жолымен жасалған. Туыстас әзербайжан тілінде "qrafik planlayıcısı", қырғыз тілінде "график куруучу", өзбек тілінде "grafo quruvchi", түрік тілінде "grafik oluşturucu" түрінде қолданылады. Аталған мысалдарды қорыта келе, "графопостроитель» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «псызбаөрнектеуші» тіркесін қолданған жөн деп есептеймін.
сызбаөрнектеуші
сызбаөрнектеуші