Attention! To leave a message, please sign in.
Аномалия
Бұл сөзді көптеген сөздіктер тура «аномалия" я "ауытқу" деп аударып жүр. Алайда, бұл сөздің түпкі мағынасына үңілсек білгілі бір қабылданған нормаға сай болмау, күткен нәтижеден ауытқу я ретсіз, өрескел Толығырақ ...болу дегенді білдіреді. Түрік тіліндe бұл сөз "bozukluk" деп яғни дұрыс болмау я қалыпсыз мағынасында қолданылады. Түбірі осындай сөз қылмасақ та, қазақ тілінде мағынасы жағынан сәйкес келуі мүмкін "оғаштық" я "оғаш" деген сөзді ұсынғым келеді. Мысалға, аномальные звуки дегенді оғаш дыбыстар. Сонымен қатар, аномалия сөзі "қалыптан тыс" деген тіркеспен де алмастырылып отырады. Сол себептен "бірқалыпсыздық" я "бірқалыпсыз» деген сөзді де ұсынуға болар.
Тлеумағамбет Баян Рустемқызы, Жүніс Әли, Абзал Нұрғазы және 4
  • Шынымен де "ауытқу"-- белгілі бір бағытты, тәртіпті, деңгейді өзгерту. Ол көбінесе адамның қатысуымен жоспарлы не жоспарсыз түрде жүзеге асады. Ал "аномалияның" дефинициясы оған сәйкес келмейді, "оғаш" сөзін алған дұрыс болар.

  • Гауһар Жұмаш 5 жыл бұрын

    Шынымен де, "оғаш" жақсы ұсынылған терминдік аударма деп санаймын, себебі "ауытқу" деп қолданылатын өзгеше мағынадағы салалық терминдердің де кездесетіндігін есепке алған жөн. Мысалы, математика саласындағы "бұрыштық ауытқу" я жалпы "шаманың Толығырақ ... ауытқуы" деген терминдік тіркестерде ауытқу деп өзгерісті немесе берілген датаның өзара қателік бойынша құбылуын атайды. Яғни, мағыналық тұрғыдан бұл терминнің өзге салалық терминдермен қарама-қайшы келуін алдын алу үшін, "оғаш" деген аударманы қабылдаған жөн сияқты.

  • Абзал Нұрғазы 5 жыл бұрын

    Аномалия немесе ауытқу сөзі физика пәнінде график салғанда қолданылады. Яғни нормадан ауытқып кеткен нүктені аномалды нүкте ретінде алады.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Attention! To leave a message, please sign in.