Пікірлерді ортаға салып, ой қорытып, мемлекет тілінің әлеуетін күшейтетін дұрыс шешімдер қабылдау үшін бұл алаңның ашылуы жақсы болған екен. Құтты болсын! Дегенмен оның жұмысының жемісі - қазақ тілінде терминдердің мейлінше азырақ болғандығында болса керек.
Архетип термині ғылымның көптеген салаларында қолданылатын, мағынасы өте кең тілдік бірліктердің бірі болып саналады. Мысалы, ол тіл білімінде де бар. Архетип терминінің қазақша баламасын түпнегіз немес түпбастау деп алуға болады, Толығырақ ...себебі ежелгі грек тілінен алғанда - первообраз, прообраз, образец деген мағынаны беріп, алғашқы үлгі, түпнұсқа мәнін білдіреді.