Керемет қуаныштымын, осы сайттың пайда болғанына. Лингвис емеспін, сондықтан дұрыс түсінбей, қатысты емес тақырыпта жазсам, кешіріңіздер, және қайда жазу керек, жөн сілтеулеріңізді, не жанашыр азамат болса, өздері осы мәселені бірге
Толығырақ ...көтеруге атсалысасыздар ма деген үмітім бар... 20 жылдай, оқтын-оқтын мынадай жағдайда стресте жүремін: 10 шақты жыл жобалау жұмыстарымен айналысамын, тапсырысшыларым орысша талап ететіндіктен көбінесе орысша жазылады. Бірақ жер-су атауларын, орысша тексте, Республика Қазақстаннан бастап тек қазақ тілінде жазамын (месторождение Ақбақай, Бақыршық, река Ертіс, т.т.). Естімейтіндерім жоқ: "Уберите казахские буквы с текста", "Мы вам деньги платим...", "Как нам согласуют госорганы?", "Будет путаница", т.т. Бір компаниямен шартты бұзуға әзер қалдым, сол кездегі премьер, К.Масимовқа жазамын дегеннен ғана тынышталған). Қазір де қазақша атаулар үшін бір компаниямен 1 айдай айтыстық). Мысалы, р. Уралды, р. Жайық деп жазамын, және жақшаның ішінде (Исторические название рр. Еділ и Жайық, в 1775г. приказом Екатерины 2-ой, были переименованы в рр. Урал и Волга) деп жазғанымды сызып тастайды да, қайтадан Уралын қойып қояды (басқа да қазақ атаулары бар, орысша транскрипциямен жазылатын), мен қайта транслитерациямен (Тілдер заңы, 19 бап бойынша құқым бар, мысалы орыс мәтінінде, ағылшынның сөздері латын әріптерімен кездесетіндей) қазақша қойып қоямын... Әйтеуір меморгандарға (жобаларымды согласоват ететін) хабарласып, ана компанияның осындай қызметкері маған осындай қысымшылық көрсетіп жатыр, дегенімде, олардың қолдауымен ғана тыныштандыдым). 2013ж. осы жағдаймен сол кездегі мәдениет министрі Құл-Мұхаммедке де жазып жауап алғанмын. Соны да жібергем, және, жарайды, заңға бағыңғыңыз келмесе, этикалық жағынан: "Сіз мысалы, РФ орыстілді атаулар міндетті түрде басқа тілге беймделіп (транскрипцияланып) бұрмаланып қала берсін деп тұрған сияқты болып тұрсызғой" дегеніме де еш көнбеді, ақыры сол меморгандар арқылы "тыныштандырдым". 20 жыл осылай да жүйкем құртылып келе жатыр... Осыны мемлекеттік деңгейде шешіп, республикамыздың атауынын бастап, барлық жер-су атаулары міндетті түрде, қай тілдегі мәтін болмаса да, транслитерация заңымен, қаз-қалпында жазылу керек деген заң шығарылса?
Qurmetti Rýza Beısenbaı tegi "Termınkom" alańyna qosh keldińiz! "Tilge qurmet - elge qurmet", "Til mártebesi - el mártebesi" demekshi ana tilimizdiń abyroıynyń asqaqtaýy, bedeliniń bıikteýi, "kósegesiniń kógerýi" siz ben bizge Tolyǵyraq ... baılanysty. Bul kúnderi ózge tilden ne orys tilinen engen keıbir termın sózder tilimizdi shubarlap, qazaqı bolmysymyzǵa keri áserin tıgizýde. Mysaly, Qytaı, Japon t.b elderde halyqaralyq termınderdiń óziniń tilinde balamasy bar, al biz bolsaq áli kúnge deıin tilimizdi burap, jaǵymyzdy qısaıtyp sóılep júrmiz. Sonda bizdiń sózdik qorymyz, til baılyǵymyzdyń osyǵan áleýeti jetpeı me?! Sol sebepti bul saıttyń maqsaty keıbir termınderdiń qazaqsha balamasyn taýyp, termınderdi jáne ataýlardy qazaq tiliniń normalaryna sáıkes rettep, elmen birge sarapqa salyp, suryptaý! Osy tusta Elbasynyń «Qazaq pen qazaq qazaqsha sóılessin», – degen ulaǵatty sózin eskermeı ketý múmkin emes. Memlekettik tildiń qoldanylý aıasyn keńeıtý men tilge degen qurmetti arttyrý maqsatynda kóptegen memlekettik baǵdarlamalar men is – sharalar uıymdastyrylýda. Bul "Alań" sonyń kýási. Sizdiń tilge degen janashyrlyǵyńyz - elge degen mahabbatyńyz dep bilemin. Men de siz sekildi Ertisti en jaılaǵan eldenmin. Bul másele meni de qatty tolǵandyrady. Tilimizdiń mártebesin kóteretin zań shyǵady degen oıdamyn. "Sabaqty ıne sátimen".«Ana tili degenimiz – sol tildi jasaǵan, jasap kele jatqan halyqtyń baıaǵysyn da, búgingisin de, bolashaǵyn da tanytatyn, sol halyqtyń máńgiliginiń máńgilik máselesi. Ana tilin tek ógeı uldary ǵana mensinbeıdi, ógeı uldary ǵana aıaqqa basady» dep Ǵ. Músirepov aıtqandaı eldiń bolashaǵyn, tildiń bolashaǵyn saqtaý barshanyń mindeti. "Men - qazaqtyń tilimin, Kúnin keshken dárýish, qańǵybastyń. Qoı ótinde jeti tún qalǵymaspyn, Qarǵakóz ben qarakóz qazaǵymnyń, Qarashyǵyn qurǵatpas qandy jaspyn. Qara qazaq zapyran zarǵa ulastyń, Shala qazaq qapyda jardy bastyń, Biri - durys, bireýi - burys tartqan, Qos aıyrylǵan quıryǵy qarlyǵashpyn" degen jyr shýmaqtarymmen túıindeıin.