"

ТЕК ТЕРМИНКОМ МҮШЕЛЕРІ ҒАНА ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ! РТК 2026 жылғы 5-отырысында бекітілетін терминдер (жаратылыстану-математика бағыты)

№ САЛАСЫ ТЕРМИН САНЫ РЕТТІК САНЫ
1 Байқау терминдері (2026) 11 1-11
2 Ихтиология саласы терминдері 500 12-511
#Вариант на русскомКазахский вариантРейтинг
1.блокчейн (байқау 2026)тізбекжазба, блокчейн (2021)
блокчейн (байқау 2026)
тізбекжазба, блокчейн (2021)
Байқау терминдері (2026)блок (ағылш. block) – бөлік; chain – тізбек.
Дефинициясы1. Тізбекжазба, блокчейн – тізбектеліп байланыстырылған блоктарда транзакция не жазба деректерін криптографиялық тәсілмен тіркейтін таратылған тізілім технологиясы.
2. Этимологиясы: блок (ағылш. block) – бөлік; chain – тізбек.
3. Өзбек: blokcheyn
4. Түрік: blokzincir
5. Ағылшын: blockchain
6. Неміс: Blockchain
7. Бекітілген нұсқасы: блокчейн (2021)
8. Қолдану саласы: Информатика және есептеуіш техника
9. Заңнамадағы қолданысы: 1. Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 6 ақпандағы № 193-VII ҚРЗ. ... ақпараттық жүйеде блокчейндегі консенсусты қолдауға ...
2. Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ. ... блокчейн - өзара байланысты деректер блоктары ...
3. Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 12 шiлдедегi № 138-VII ҚРЗ. ... жасанды интеллект, блокчейн ...
10. Ұсыныстар: «блокчейн» термині 2021 жылы Республикалық терминология комиссиясында бекітілген. Бұл атау ақпараттық технологиялар саласында кеңінен қолданылып, белгілі бір ғылыми-техникалық ұғымды білдіретін термин ретінде орныққан. Ал «тізбекжазба» нұсқасы технологияның жекелеген ерекшеліктерін сипаттағанымен, оның мазмұнын толық ашпайды. Осыған байланысты бұрын бекітілген терминді өзгертудің қажеттілігі жоқ деп санаймыз. Терминологиялық бірізділікті сақтау және қалыптасқан салалық қолданысты ескеру мақсатында «блокчейн» нұсқасын өзгеріссіз қалдыруды ұсынамыз.
+3
2.варакушкаалабұлбұл
варакушка
алабұлбұл
Байқау терминдері (2026)–
Дефинициясы1. Алабұлбұл – көгілдір өңеш маңындағы ала-құла реңімен ерекшеленетін Luscinia svecica түріне жататын ұсақ сайрауық құс.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: ko‘kto‘sh
4. Түрік: mavigerdan
5. Ағылшын: bluethroat
6. Неміс: Blaukehlchen
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Биология
9. Заңнамадағы қолданысы: –
10. Ұсыныстар: «варакушка» құс атауына ұсынылған «алабұлбұл» нұсқасын қолдауды ұсынамыз. Бұл атау құстың сыртқы бейнесі мен табиғи ерекшеліктеріне негізделіп жасалған. «Ала» сыңары құстың тамақ және төс тұсындағы түрлі түсті қауырсындарына, ал «бұлбұл» сыңары оның сайрағыштық қасиетіне байланысты алынған. Осы екі сөздің бірігуі арқылы жасалған «алабұлбұл» атауы құстың өзіне тән белгілерін танытады әрі қазақ тілінің сөзжасам заңдылықтарына сәйкес келеді. Атаудың мағынасы түсінікті, айтылуы жеңіл және қазақ тіліндегі құс атауларының жасалу үлгілерімен үйлеседі. Сондықтан «варакушка» терминінің қазақша баламасы ретінде «алабұлбұл» нұсқасын бекітуге ұсынамыз.
+1
3.интеллектуальные возможности / интеллектуальный потенциал (smart capability /intelligence capacity)ойқуат
интеллектуальные возможности / интеллектуальный потенциал (smart capability /intelligence capacity)
ойқуат
Байқау терминдері (2026)–
Дефинициясы1. Ойқуат – адамның ақпаратты қабылдау, түсіну, талдау, есте сақтау, логикалық ойлау, мәселелерді шешу және алған білімін жаңа жағдайларда қолдану қабілеттерінің жиынтығы.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: intellektual imkoniyatlar
4. Түрік: entelektüel yetenekler
5. Ағылшын: intellectual abilities
6. Неміс: intellektuelle Fähigkeiten
7. Бекітілген нұсқасы: интеллект (2018), жазушы зерделілігі (2020), қайта пайдалану мүмкіндігі (2021)
8. Қолдану саласы: Әдебиет және лингвистика, Биология, Мәдениет және өнер
9. Заңнамадағы қолданысы: 1. Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 17 қарашадағы № 230-VIII ҚРЗ. ... Жасанды интеллект ...
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 171/НҚ бұйрығы. ... "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН ...
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 1151 Жарлығы. ... жасанды интеллект жылын жариялау туралы ...
4. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 413/НҚ бұйрығы ... Жасанды интеллект ...
5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 534/НҚ бұйрығы ... 1) "Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже ...
10. Ұсыныстар: термин құрамындағы "интеллект" термині 2018 жылы бекітілген, алайда терминнің беретін мағынасын басшылыққа ала отырып, "ойқуат" терминін бекітуді ұсынамыз.
0
4.когнитивные вычисления / когнитивная аналитика (сognitive сomputing /сognitive аnalytics)ойтаным
когнитивные вычисления / когнитивная аналитика (сognitive сomputing /сognitive аnalytics)
ойтаным
Байқау терминдері (2026)когнитив (лат. cognitio) – "тану"; аналитика (гр. analytikós) – "талдауға қатысты".
Дефинициясы1. Ойтаным – табиғи тілді өңдеу, машиналық оқыту, білімді ұсыну және қорытынды жасау сияқты жасанды интеллект әдістерін біріктіріп, құрылымдалған және құрылымдалмаған деректерді өңдеуге, контексті түсіндіруге, тәжірибеден үйренуге және шешім қабылдауды қолдауға арналған есептеу жүйелері мен технологияларының жиынтығы.
2. Этимологиясы: когнитив (лат. cognitio) – "тану"; аналитика (гр. analytikós) – "талдауға қатысты".
3. Өзбек: kognitiv hisoblash
4. Түрік: bilişsel hesaplama
5. Ағылшын: cognitive computing
6. Неміс: Cognitive Computing
7. Бекітілген нұсқасы: когнитивті-бихевиористік теория (2022), когнитивистика (2021), эволюциялық алгоритмдер көмегімен есептеу (2021)
8. Қолдану саласы: Информатика және есептеуіш техника, Математика, Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік, Энергетика
9. Заңнамадағы қолданысы: 1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 171/НҚ бұйрығы. ... когнитивті функцияларды ...
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 202/НҚ бұйрығы. ... когнитивті функцияларды ...
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 5 ақпандағы № 19 бұйрығы. ... когнитивті функцияларды ...
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 196/НҚ бұйрығы. ... когнитивті функцияларды ...
5. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 104 бұйрығы. ... когнитивтік және орындаушылық функциялар ...
10. Ұсыныстар: "ойтаным" термині заңнамалық құжаттарда кездеспейді, алайда терминнің мағынасын, ұғымды дәл берудегі уәжділігін басшылыққа ала отырып, "ойтаным" терминін бекітуді ұсынамыз.
0
5.крапивникүңгірек, тарғылтай
крапивник
үңгірек, тарғылтай
Байқау терминдері (2026)–
Дефинициясы1. Үңгірек, тарғылтай – торғайтәрізділер отрядына жататын, көбіне қоңыр түсті қауырсынды, денесі шағын, құйрығын жоғары көтеріп ұстайтын және қалың бұталар мен орманды жерлерді мекендейтін құс.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: bigiztumshuq
4. Түрік: bayağı çıt kuşu
5. Ағылшын: Eurasian Wren
6. Неміс: Zaunkönig
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Биология
9. Заңнамадағы қолданысы: –
10. Ұсыныстар: термин заңнамалық құжаттарда кездеспейді; алайда тұтынушыға түсінікті термин болса, бекітуге ұсынамыз.
+3
6.лазуриткөкмия, көктас, көк жылтыртас
лазурит
көкмия, көктас, көк жылтыртас
Байқау терминдері (2026)лазурит (парсы lažvard арқылы) – "көк тас атауы".
Дефинициясы1. Көкмия – қанық көк түсті, құрамында күкірт бар алюмосиликаттар тобына жататын минерал, әшекей тастардың және көк бояудың шикізаты.
2. Этимологиясы: лазурит (парсы lažvard арқылы) – "көк тас атауы".
3. Өзбек: lazurit
4. Түрік: lazurit
5. Ағылшын: lazurite
6. Неміс: Lasurit
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі, Кен ісі және металлургия, Сәулет және құрылыс
9. Заңнамадағы қолданысы: 1. Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 105-VIII ҚРЗ. ... Нефрит, яшма, жадеит, лазурит, радонит, малахит ...
2. Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 105-VIII ҚРЗ. ... Нефрит, яшма, жадеит, лазурит, радонит, малахит ...
10. Ұсыныстар: «лазурит» терминіне ұсынылған «көкмия» нұсқасын қолдамаймыз. Қазақ тілінде бұл минералдың «көктас», «көк жылтыртас» баламалары бұрыннан қолданылып келеді. Аталған атаулар минералдың өзіне тән көк түсін білдіреді әрі ұғымды түсінікті жеткізеді. Ал «көкмия» нұсқасындағы «мия» сыңары минералдың табиғи ерекшелігін нақты ашпайды және басқа минерал атауларымен шатастыруы мүмкін. Сондықтан қолданыста бар баламаларды ескере отырып, жаңа атау енгізудің қажеттілігі жоқ деп санаймыз. «Лазурит» терминінің қазақша баламасы ретінде «көктас» нұсқасын бекітуге ұсынамыз.
-1
7.макадамиямакадамия ағашы; майжаңғақ
макадамия
макадамия ағашы; майжаңғақ
Байқау терминдері (2026)макадамия (Macadamia) – ғалым Дж. Макдам есімімен аталған ботаникалық атау.
Дефинициясы1. Maкадамия – жеуге жарамды ядросы үшін өсірілетін өсімдік және оның майлылығы жоғары жаңғағы.
2. Этимологиясы: макадамия (Macadamia) – ғалым Дж. Макдам есімімен аталған ботаникалық атау.
3. Өзбек: makadamiya yong‘og‘i
4. Түрік: makademya cevizi
5. Ағылшын: macadamia; macadamia nut
6. Неміс: Macadamianuss
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет
9. Заңнамадағы қолданысы: –
10. Ұсыныстар: бұл термин 1. Макадамия (Macadamia) Австралиядан шыққан, тасжарғандар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштардың бір түрі; 2. сол ағаштың жеуге жарамды тұқымы, яғни жаңғағы, сондықтан 1. "макадамия ағашы"; 2. оның жемісін "майжаңғақ" деп бекітуді ұсынамыз. Бұл жаңғақтың құрамындағы май мөлшері 75.8 г., одан кейін пекан жаңғағы 72 г., сонымен қатар "жержаңғақ" деген де атау бар екені белгілі.
-1
8.портативное зарядное устройствоқуатқор; тасымал қуатқор; ықшам қуатқор; портатив қуатқор
портативное зарядное устройство
қуатқор; тасымал қуатқор; ықшам қуатқор; портатив қуатқор
Байқау терминдері (2026)портативті (лат. portare) – алып жүру; заряд (фр. charge) – жүк, электрлік заряд.
Дефинициясы1. Қуатқор – электр қуатын сақтап, мобильді құрылғыны қозғалыс үстінде зарядтауға арналған тасымалданатын аккумуляторлық құрылғы немесе портативті зарядтау құрылғысы.
2. Этимологиясы: портативті (лат. portare) – алып жүру; заряд (фр. charge) – жүк, электрлік заряд.
3. Өзбек: ko‘chma quvvatlagich; powerbank
4. Түрік: taşınabilir şarj cihazı; güç bankası
5. Ағылшын: portable charger; power bank
6. Неміс: tragbares Ladegerät; Powerbank
7. Бекітілген нұсқасы: таблеткалардың ықшамдылығы (2022), тасымалды компьютер (индустр.) (2015), зарядтау құрылғысы (2017), үстеме зарядтау (2017)
8. Қолдану саласы: Информатика және есептеуіш техника, Электроника, радиотехника және байланыс, Энергетика
9. Заңнамадағы қолданысы: 1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 69 бұйрығы: "... жазу құрылғысы (бейне және аудио) ...";
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 504 қаулысы: "... камераларға арналған портативті объективтер ...";
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 151 бұйрығы: "... Зарядтау құрылғысы бар тактикалық шам ...";
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 934 бұйрығы: "... зарядтау құрылғысымен дана 1 3 3 5 жарық беру жұмыстарын жүргізу үшін ...";
5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 355 бұйрығы: "... жүргізуші (презентацияны басқару құрылғысы ...".
10. Ұсыныстар: термин құрамындағы сөзде портативный - тасымалды (2015), портативность - ықшамдылығы (2022); зарядное устройство - зарядтау құрылғысы (2017) ретінде бекітілген. Бекітілген нұсқаларға сүйене отырып, ұсылынған нұсқаны "тасымал қуатқор" немесе "ықшам қуатқор" ретінде бекіту ұсынылады. Не болмаса "портатив қуатқор" деген нұсқаны да талқылауға болады. Бұрынғы бекітілген нұсқалардағыдай -ті жұрнағының қажеттілігі жоқ, өйткені француз тіліндегі "портатив" сөзінің өзі port- (лат. portare - «тасу»); -able - «істеуге болатын, қабілетті» деген мағына беретін сөзжасамдық элемент.
+2
9.птицы-мышиобырқұстар; тышқанқұстар
птицы-мыши
обырқұстар; тышқанқұстар
Байқау терминдері (2026)птицы-мыши (орыс.) – ағаш бойымен тышқанша қозғалғанын теңеуден қалыптасқан термин.
Дефинициясы1. Обырқұстар – Африкада таралған, Coliiformes отрядына жататын, құйрығы ұзын, ағаштарда топтасып тіршілік ететін құстар тобы.
2. Этимологиясы: птицы-мыши (орыс.) – ағаш бойымен тышқанша қозғалғанын теңеуден қалыптасқан термин.
3. Өзбек: sichqonqushlar
4. Түрік: fare kuşları
5. Ағылшын: mousebirds
6. Неміс: Mausvögel
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Биология
9. Заңнамадағы қолданысы: –
10. Ұсыныстар: ұсынылған термин құрамындағы "обыр" сөзінің бір мағынасы "көзі тоймайтын ашқарақ, қомағай, жебір" дегенді білдіреді. Ал "птицы-мыши" терминіне сай келетін құстардың мұндай қасиетінің бар-жоғы белгісіз, сондықтан сала мамандарының пікірі қажет. Сонымен қатар халықаралық термин ретінде "тышқанқұстар" нұсқасы қолданылады, мұндағы көптік жалғауы "тәрізділер, тәріздестер" деген сипаттағы жалпылауыштың қызметін атқара алады.
+3
10.система искусственного интеллектазердежүйе
система искусственного интеллекта
зердежүйе
Байқау терминдері (2026)интеллект (лат. intellectus) – ақыл-парасат; жүйе (гр. systēma) – тұтастық.
Дефинициясы1. Зердежүйе – машиналық оқыту, пайымдау не басқа әдістерді пайдаланып кіріс деректерінен болжау, ұсыныс немесе шешім шығаратын бағдарламалық-техникалық жүйе.
2. Этимологиясы: интеллект (лат. intellectus) – ақыл-парасат; жүйе (гр. systēma) – тұтастық.
3. Өзбек: sun’iy intellekt tizimi
4. Түрік: yapay zekâ sistemi
5. Ағылшын: artificial intelligence system
6. Неміс: KI-System; System der künstlichen Intelligenz
7. Бекітілген нұсқасы: жасанды интеллект жүйесі (ЖИ) (2023)
8. Қолдану саласы: Заңтану, Информатика және есептеуіш техника, Педагогика және психология
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 17 қарашадағы № 230-VIII ҚРЗ «Жасанды интеллект туралы» Заңы. ... жасанды интеллект жүйесін ...
2) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы. ... жасанды интеллект құралдары мен платформаларын ...
3) .Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 881 Жарлығы. ... Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес туралы ...
4) Қазақстан Республикасының Кодексі 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII ҚРЗ. .... жасанды интеллект жүйелерін қоса алғанда, ..
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 25 қаулысы. ... жасанды интеллект платформасының операторы ...
10. Ұсыныстар: "зердежүйе" дефинициясына сәйкес келетін сәтті балама термин болғанмен, заңнамалық құжаттарда «жасанды интеллект жүйесі» нақты нормативтік қолданысқа ие. «Система искусственного интеллекта (система ИИ) (artificial intelligence system (ai system)» ұғымына ұсынылған «зердежүйе» нұсқасын бекітуді сала мамандарымен талқылау керек.
0
11.страусообразныетүйеқұстектестер
страусообразные
түйеқұстектестер
Байқау терминдері (2026)–
Дефинициясы1. Түйеқұстектестер – Struthioniformes отрядына жататын, ұшпайтын ірі денелі түйеқұстар тобы.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: tuyaqushsimonlar
4. Түрік: devekuşu benzeri
5. Ағылшын: ostriches; Struthioniformes
6. Неміс: Straußenvögel
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Биология
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 186 шешімі ... түйеқұстарға және құстардың осы түрлерінің ...
2) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 29 қарашадағы № 39 бұйрығы. ... фермаларда өсірілетін түйеқұстар ...
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 329 бұйрығы. ... Асыл тұқымды түйеқұстардың тізілімі ...
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 298 бұйрығы. ... түйеқұстар ...
10. Ұсыныстар: «түйеқұстәрізділер», "түйеқұстектестер" термин ретінде бекітілмегенмен, биологияда қолданыста бар. Сала мамандарының, Комиссияның таоқылауына ұсынылады.,
+2
12.забор водысу алу
забор воды
су алу
Ихтиология саласы терминдері–
Дефинициясы1. Cу алу – су көзінен белгілі бір мақсатта суды алу және оны су пайдалану немесе технологиялық процестерге бағыттау үдерісі.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: suv olish
4. Түрік: su alma
5. Ағылшын: water intake
6. Неміс: wasserentnahme
7. Бекітілген нұсқасы: суағызғы (2024)
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия, Су шаруашылығы, Энергетика
9. Заңнамадағы қолданысы: 1.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 5 ақпандағы N 228 Заңы ... алдын алу ...
2.Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 ақпандағы № 403-IV Заңы ...Су қорғау ...
3.Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ ...
4.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының 2019 жылғы 9 қазандағы № 119 н/қ бұйрығы ... есепке алу ...
5.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығы ... Су айдындарына балық жіберу ...
10. Ұсыныстар: жоғарыда берілген деректерді басшылыққа ала отырып, "су алу " нұсқасын қолдаймыз.
+3
13.заведомо ложное показаниекөрінеу жалған көрсетпе
заведомо ложное показание
көрінеу жалған көрсетпе
Ихтиология саласы терминдері–
Дефинициясы1. Көрінеу жалған көрсетпе – адамның шындыққа сәйкес келмейтінін біле тұра, тергеу, сот немесе өзге де уәкілетті орган алдында әдейі жалған мәлімет беруі.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: ataylab yolgʻon ko‘rsatma
4. Түрік: kasten yalan tanıklık
5. Ағылшын: knowingly false testimony
6. Неміс: wissentlich falsche aussage
7. Бекітілген нұсқасы: көрінеу жалған сөз жеткізу (2025), көрінеу жалған (заң.) (2003)
8. Қолдану саласы: Әскери іс, Заңтану, Су шаруашылығы, Экономика және қаржы
9. Заңнамадағы қолданысы: 1.Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 202-VІ ҚРЗ. ... көрінеу жалған сараптамалық ...
2.Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 9 қарашадағы 490-IV Заңы ... көрсетпеу 119-бап. ...
3.Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 543-IV Заңы ... көрінеу жалған сараптамалық ...
4.Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 12 наурыздағы № 254-IV Заңы ... жалған болуына ...
5.Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 105 Бұйрығы. ... көрінеу жалған мәліметтерді ...
10. Ұсыныстар: жоғарыда берілген деректерді басшылыққа ала отырып, "көрінеу жалған көрсетпе " нұсқасын қолдаймыз.
-1
14.заводской метод воспроизводстваөсім молайтудың зауыттық тәсілі
заводской метод воспроизводства
өсім молайтудың зауыттық тәсілі
Ихтиология саласы терминдері–
Дефинициясы1. Өсім молайтудың зауыттық тәсілі – табиғи көбею үдерісін арнайы балық өсіру кәсіпорындарында қолдан ұрықтандыру, инкубациялау, дернәсілдер мен шабақтарды өсіру арқылы жүзеге асыратын жасанды молықтыру әдісі.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: zavod usulida ko‘paytirish
4. Түрік: kuluçkahane yöntemiyle üretim
5. Ағылшын: hatchery propagation method
6. Неміс: vermehrung im brutbetrieb
7. Бекітілген нұсқасы: зауыттық сынақ (көлік ж/е қат. жол.) (2015), өнім (2022), тәсіл (2022)
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Биология, Су шаруашылығы, Іс жүргізу және мұрағат ісі, Экология
9. Заңнамадағы қолданысы: 1.Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 62-IV Заңы ... зауыттық, бір тұқым ...
2.Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 166-VII ҚРЗ. ... айқындалған тәсілі ...
3.Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңы. ... өсімді молайту ...
4.Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 11 қараша N 473-I ... базасын молайтудың ...
5.Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 17 шілдедегі № 332-V ҚРЗ ... өсімін молайту және оларды ұтымды ...
10. Ұсыныстар: жоғарыда берілген деректерді басшылыққа ала отырып, "өсім молайтудың зауыттық тәсілі " нұсқасын қолдаймыз.
+3
15.завозжеткізу, жеткізілім
завоз
жеткізу, жеткізілім
Ихтиология саласы терминдері–
Дефинициясы1. Жеткізу, жеткізілім – материалдарды, жабдықтарды, шикізатты, балықтарды, шабақтарды немесе өзге де ресурстарды белгілі бір нысанға, шаруашылыққа немесе аумаққа жеткізу үдерісі.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: olib kelish
4. Түрік: getirme
5. Ағылшын: introduction
6. Неміс: einbringung
7. Бекітілген нұсқасы: жеткізілім (мем. сатып алу) (1999), жеткізу (2016), жеткізу (2016)
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Әскери іс, Заңтану, Іс жүргізу және мұрағат ісі
9. Заңнамадағы қолданысы: 1.Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 35-VІ ҚРЗ. ... жеткізілім – барлау-нұқсан келтіру ...
2.Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 85-V Заңы. ... жеткізу саласындағы ...
3.Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 86-V Заңы. ... мұнай өнімдерін жеткізу ...
4.Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 1 Заңы ... жеңілдік шарттарымен жеткізуді ...
5.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 20 тамыздағы № 124 бұйрығы. ... Экспорттық жеткізілімдер ...
10. Ұсыныстар: жоғарыда берілген деректерді басшылыққа ала отырып, " жеткізілім" нұсқасын қолдаймыз.
+3
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Внимание! Чтобы оставить сообщение, надо войти в сайт.