Хәрри Поттер мен Пәлсапа тас кітабындағы кейбір мәдени элементтер мысалы: Куидич, Магл, Факультет, Мистер және Миссис, немесе Профессор, Grunnings т.б қазақ тіліне аударылғанда ағылшын тіліндей сақталып қалды. Бұл аударма мәселесін қалай шешуге болады ?
Онымен қоса бұл менің Магистрлік Диссертация тақырыбым
Бұл сөздердің өзі ағылшын және басқа тілдерде аударылмаған, тек бейімделген. аударудың ұажеті жоқ деп ойлаймын
Бұл мәселе – көркем аударматанудағы өзекті ғылыми проблемалардың бірі. Мұндай құбылыстарды тек сөз аудармасы тұрғысынан емес, мәдени реалийлерді, авторлық неологизмдерді және ұлттық-мәдени мазмұнды жеткізу мәселесі ретінде қарастырған дұрыс деген ойдамын. Толығырақ ...Сіздің мысалдарыңызда әртүрлі лексика-семантикалық топтар қамтылған, сол бойынша жіктеп алып, аударма сапалы әрі қазақтілді оқырманға түсінікті болу үшін кем дегенде мынадай қағидаларды ескерген жөн: 1. автор жасаған көркем әлемнің өзіндік атауларын қазақ мәдениетіне күштеп бейімдеуге болмайды (мысалы, Quidditch атауын ұлттық спорт атауымен алмастыру мүмкін емес); 2. атауларды сақтаған жағдайда оған қысқаша түсіндірме беріп отыру керек; 3. осы шығармадағы жалқы есімдер мен терминдердің транслитерациясына белгілі бір жүйеге сақталуы тиіс; 4. мәдени реалийлерге балама қолданған жағдайда (Mr/Mrs – мырза/ханым) мағыналық барабарлық қолайлы болады. Қысқасы, бұл мәселеде түпнұсқадағы барлық ағылшын сөздерін міндетті түрде қазақшалау немесе сол күйінде қалдыру емес, әрбір бірліктің қызметі мен мәдени мазмұнына қарай аударма стратегиясын таңдау маңызды.