| 1. | VAR, повтор | бейнеқайталау | VAR, повторбейнеқайталауДене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)бейнеқайталау (ағыл. video assistant referee)Дефинициясы1. Бейнеқайталау – ойын кезінде айрықша күмән туғызатын, төрешілер екі ойлы болатын аса маңызды сәтте көмекке келетін видеоқайталау жүйесі. Бұл төрешілерге видео көмек жүйесі, олар даулы жағдайларда шешім қабылдауға көмектеседі, видео қайталауды қолданады және ойын сәтін әртүрлі қырынан талдайды. 2. Этимологиясы: бейнеқайталау (ағыл. video assistant referee) 3. Өзбек: video yordamchi hakam 4. Түрік: video yardımcı hakem 5. Ағылшын: video assistant referee 6. Неміс: video-assistent 7. Бекітілген нұсқасы: қайталау (пед.) (1971), видеотизер (2024), цифрлық видео (2023) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 8 қаңтардағы № 215-VІ ҚРЗ. ... кино және бейне қызмет көрсетуде ...
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 204 Заңы ... ол функцияларын қайталауға жол бермейтiн бiрыңғай мемлекеттiк жүйе ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 19 маусымдағы № 93-VIII ҚРЗ. ... бейнеөнім – моральдық құндылықтарға сәйкес келмейтін ... 10. Ұсыныстар: берілген терминнің анықтамасына қарай және басқа тілдердегі аудармасын ескере келе, "ТБК (төрешінің бейне/видео көмекшісі)" деп қысқартылған нұсқасын немесе ашып жазылған нұсқасын алу керек деп ойлаймыз. Бірақ соңғы жылдары Терминком "видеоны" - "бейне" емес, "видео" нұсқасында бекіткенін ескеру керек.
| +1 |
| 2. | акробатическая дорожка | акробат жолағы, акробатикалық жол, акробатикалық жолақ | акробатическая дорожкаакробат жолағы, акробатикалық жол, акробатикалық жолақДене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)акробат (грек. akrobateo) - "аяқтың ұшымен жүру"Дефинициясы1. Акробатикалық жолақ – акробатика, гимнастика және күрделі секіріс элементтерін орындауды қажет ететін басқа да спорт түрлерінде жаттығу мен жарыс өткізуге арналған арнайы спорттық жабын. Ол жұмсақ қонуға мүмкіндік беріп, спортшылардың қимыл үйлесімділігі мен тепе-теңдігін дамытуына көмектеседі. 2. Этимологиясы: акробат (грек. akrobateo) - "аяқтың ұшымен жүру" 3. Өзбек: akrobatik yo‘lka 4. Түрік: akrobatik yol 5. Ағылшын: acrobatic track 6. Неміс: Sprungbahn 7. Бекітілген нұсқасы: акробатикалық этюд (2019), жүгіру жолы (2019), атжарыс жолы (2019), жолақ (2020) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 5 бұйрығы. ... акробатикалық жолақта секіру ...
Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 261 қаулысы. ... акробатикалық жолда секіру ...
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 290 бұйрығы. ... Акробатикалық жолда секіру ... 10. Ұсыныстар: басқа тілдердегі аудармасын қарай келе, бектіліген терминдерді ескере отыра "акробатикалық жол" нұсқасын бекітуді ұсынамыз. "Жолақ" деген "полоса" сөзінің қазақша нұсқасы ретінде бекітілген. Заңнамада да екі нұсқасы қатар қолданылып жүр. Сондықтан "жолақ" тіркесімен алу дұрыс емес.
| +1 |
| 3. | акселерация | жылдамдату, акселерация (2019) | акселерацияжылдамдату, акселерация (2019)Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)акселерация (лат. acceleratio) - "жеделдету"Дефинициясы1. Жылдамдату, акселерация – бұл спортшының жылдамдығын қысқа мерзімде, көбінесе стартта немесе соңғы үдеу кезінде күрт арттыру процесі. Стартта: акселерация оңтайлы жарыс жылдамдығына тез жету үшін бастапқы позициядан максималды үдеумен шығуды білдіреді. Жүгіру кезінде: мысалы, қарсыласын айналып өту немесе қарқынын арттыру үшін спортшы серпіліс үшін акселерацияны қолдана алады. 2. Этимологиясы: акселерация (лат. acceleratio) - "жеделдету" 3. Өзбек: tezlash 4. Түрік: hızlanma, ivmelenme 5. Ағылшын: acceleration (human development) 6. Неміс: Beschleunigung 7. Бекітілген нұсқасы: акселерация (2017) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 24 маусымдағы № 52-VII ҚРЗ. ... акселерациялық бағдарламалар арқылы дамыту ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 4 шiлдедегi № 174-VІ ҚРЗ. ... "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларды акселерациялау ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 1 сәуірде № 27-VII ҚРЗ. ... өсу қарқынын жылдамдату ... 10. Ұсыныстар: анықтамасын, басқа тілдердегі аудармасын қарай келе, "жылдамдату" нұсқасын бекітуді ұсынамыз. "Акселерация" сөзі биология саласына қатысты мағынасы мен спорт саласына қатысты анықтамасы әртүрлі. Аражігін ажырату үшін спорт саласы деп жақша ішінде көрсеткен дұрыс болады.
| +1 |
| 4. | активная борьба | ширақ күрес, белсенді күрес, белсене күресу | активная борьбаширақ күрес, белсенді күрес, белсене күресуДене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)белсенді (лат. activus, actus) - "белсенді, қозғалысқа келтіру"Дефинициясы1. Белсенді күрес – бұл шабуылға баса назар аудара отырып, әртүрлі әдістерді қамтитын жекпе-жектегі спортшылардың іс-қимыл кешені. Күрестің бұл түрінде қатысушылар белсенді шабуыл әрекеттерін қолдана отырып, қарсыласқа үстемдік етуге тырысады. Белсенді күрес жоғары техника мен тактикалық дайындықты қажет етеді. 2. Этимологиясы: белсенді (лат. activus, actus) - "белсенді, қозғалысқа келтіру" 3. Өзбек: aktiv kurash, faol kurash 4. Түрік: aktif mücadele 5. Ағылшын: active struggle 6. Неміс: aktiver Kampf 7. Бекітілген нұсқасы: биологиялық белсенді қоспа (2021), белсенді газ (2021), белсенді орталық (2024), радиоактивті индикаторлар (2024), күрес (2019) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 388-VI ҚРЗ. ... күрес жөніндегі белсенді шаралар ...
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы N 220-IV Заңы ... Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенциян ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 299-V ҚРЗ ... Биологиялық активті заттарды ... 10. Ұсыныстар: "актив" сөзі соңғы жылдары бекітілген терминдерде екі нұсқада да алынған. Бекітілген терминдерді ескере келе, спорт саласына қатысты "белсенді күрес" нұсқасын қалдыруды ұсынамыз.
| +1 |
| 5. | активный бой | ширақ ұрыс, белсенді ұрыс, белсенді жекпе-жек/сайыс | активный бойширақ ұрыс, белсенді ұрыс, белсенді жекпе-жек/сайысДене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)белсенді (лат. activus, actus) - "белсенді, қозғалысқа келтіру"Дефинициясы1. Ширақ ұрыс, белсенді ұрыс, белсенді жекпе-жек/сайыс – бұл спорттық жекпе-жектің (бокс, кикбоксинг, ММА, дзюдо және т.б.) бір түрі, онда спортшы үнемі бастамашылдық танытып, қарсыласқа қысым көрсетіп, жоғары қарқынмен шабуыл жасап, жекпе-жектің ырғағы мен темпін бақылауда ұстайды. 2. Этимологиясы: белсенді (лат. activus, actus) - "белсенді, қозғалысқа келтіру" 3. Өзбек: faol jang 4. Түрік: aktif dövüş 5. Ағылшын: active fight 6. Неміс: aktiver Kampf 7. Бекітілген нұсқасы: жануарлар төбелесі (2022), атысты ұрыс (2020), қоян-қолтық ұрыс (әскери іс) (1998) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 182 бұйрығы. ... Ұйымдастырушы - жекпе-жек бойынша халықаралық федерациялар ...
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 6 қаулысы. ... Жекпе-жек сайысы Ауыр атлетика ...
Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 347/4 қаулысы. ... Жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрлері (ММА) ... 10. Ұсыныстар: бекітілген терминдерді, заңнамадағы қолданысын ескере келе, "белсенді жекпе-жек" нұсқасын бекітуді қолдаймыз.
| +1 |
| 6. | аллей-уп | шарық пас | аллей-упшарық пасДене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)пас (фр. passer) - "бару"Дефинициясы1. Шарық пас – баскетболдағы шабуылдаушы ойынның бір элементі. Бұл әдіс кезінде шабуылдаушы команданың бір ойыншысы қарсылас себетінің бағытына қарай жоғарыға қарай пас береді, ал оның командаласы сол сәтте секіріп, әуеде допты қағып алып, жерге түспей тұрып, көбіне данк (жоғарыдан салу) арқылы допты себетке салады. Бұл тәсіл ерекше дәлдік пен үйлесімділікті талап етеді және көрермендер үшін әсерлі сәттердің бірі. 2. Этимологиясы: пас (фр. passer) - "бару" 3. Өзбек: аlley-oop, havoga uzatma, osma pas 4. Түрік: аlley-oop, avadan pas, alçaktan smaç 5. Ағылшын: аlley-oop 6. Неміс: аlley-oop, Anspiel zum Dunking 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 314 бұйрығы. ... Шарықты, екi жылдамдықта және доғал ерiндi, қабырғасынан иiлген ... 10. Ұсыныстар: бұл халықаралық спорттық термин, көбінесе сол күйінде пайдаланылады. Көп жағдайда бұл термин аударылмай, транслитерация түрінде қолданылады. "Шарық" сөзінің түсіндірме сөздіктерде "көк, аспан" деген мағыналары бар. Мысалы: Ол сонау шырқау шарыққа шығып алды да, парашютін жерге жүз саржан қалғанда ашты (Ж.Молдағалиев, Айналайын.), Ителгі әлден уақытта ұшып шарыққа шықты (С.Бегалин, Уақыт.). Анықтамасына қарай отыра, берілген қазақша баламаны қолдануға болады деп санаймыз. Допты жоғарыға көтере пас беруге "шарық пас" келеді. Заңнамада қолданысы кездеспеді.
| 0 |
| 7. | андердог | елеусіз | андердогелеусізДене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)андердог (ағыл. under+dog) - "төмендегі ит"Дефинициясы1. Андердог – матчта немесе турнирде жеңіске жету мүмкіндігі төмен саналатын спортшы не команда. Көбіне қарсыласынан әлсіздеу деп есептелетін тарап, бірақ күтпеген нәтижелер көрсетуі де мүмкін. 2. Этимологиясы: андердог (ағыл. under+dog) - "төмендегі ит" 3. Өзбек: underdog 4. Түрік: underdog 5. Ағылшын: underdog 6. Неміс: Underdog 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 122 бұйрығы. ... елеусіз бұзушылықтар – табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар ...
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 502 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 17 ақпандағы N 69 Бірлескен бұйрықтары. ... елеусіз дәрежедегі тәуекел тобы ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 834 Қаулысы. ... елеусіз сипаттағы өзгерістер енгізу құқығымен ... 10. Ұсыныстар: басқа тілдердегі аудармасын, дефинициясын ескере келе, "андердог" сөзінің өзін қалдыру керек деп санаймыз. "Елеусіз" сөзі терминнің мағынасын аша алмайды. Заңнамада қолданысы жоқ.
| 0 |
| 8. | апелляция | қайта қарау, шағымдану, апелляция (2018) | апелляцияқайта қарау, шағымдану, апелляция (2018)Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)апелляция (лат. appellatio) - "үндеу"Дефинициясы1. Қайта қарау, шағымдану, апелляция – жарыстың нәтижесі туралы төрешілер алқасының шешімін немесе спорттық іс бойынша қабылданған басқа органның шешіміне жоғары төрешілер ұжымына қайта қарату үшін шағымдану. 2. Этимологиясы: апелляция (лат. appellatio) - "үндеу" 3. Өзбек: apellyatsiya 4. Түрік: itiraz 5. Ағылшын: appeal 6. Неміс: Berufung (Recht) 7. Бекітілген нұсқасы: апелляция (2018), қайта қарау (заң) (2010) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 Заңы. ... апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 3 шiлдедегi № 358-VI ҚРЗ. ... апелляциялық комиссиясы қызметін жүзеге асыру ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 20 наурыздағы № 20-VII ҚРЗ. ... Апелляциялық шағым берілген ... 10. Ұсыныстар: берілген терминнің дефинициясын, басқа тілдердегі аудармасын, заңнамада қолданысын қарай келе, "апелляция" термині қалуы керек деп санаймыз, берілген қазақша екі балама "шағымдану" - "обжалование", "қайта қарау (заң)" - "пересмотр" (2010) сөздеріне қолданылады.
| 0 |
| 9. | апперкот | түре соққы, апперкот (2019) | апперкоттүре соққы, апперкот (2019)Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)апперкот (ағыл. upper+cut) - "жоғарғы+кесу"Дефинициясы1. Түре соққы, апперкот – бокста төменнен ұру, яғни қарсыластың иек тұсына төменнен жоғары қарай бағытталған соққыны білдіреді. Көбінесе жақын арақашықтықта ұрыс салғанда қолданылады. 2. Этимологиясы: апперкот (ағыл. upper+cut) - "жоғарғы+кесу" 3. Өзбек: upperkut, yuqoriga zarba 4. Түрік: aparkat 5. Ағылшын: uppercut 6. Неміс: Aufwärtshaken 7. Бекітілген нұсқасы: апперкот (2019) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1351 Қаулысы. ... соққы толқынының қосарлы зақымдау факторлары ...
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 26 ақпандағы № 28 шешімі. ... соққы капсюлалары ... 10. Ұсыныстар: терминнің заңнамада қолданысы кездеспейді. Басқа тілдердегі аудармалары өзгеріссіз алынған. "Түре соққы" деген ұсыныс терминнің мағынасын толық аша алса, алуға болады. Сала мамандарымен қарау керек деп санаймыз.
| 0 |
| 10. | аренда игрока | жалға алу / жалға беру, ойыншыны жалға алу / ойыншыны жалға беру | аренда игрокажалға алу / жалға беру, ойыншыны жалға алу / ойыншыны жалға беруДене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)жалға алу (лат. arrendare) - "жалға беру"Дефинициясы1. Жалға алу / жалға беру, ойыншыны жалға алу / ойыншыны жалға беру – бұл спортшының (мысалы, футболшының) келісімшартына ие клубынан кейбір мерзімге басқа клубқа уақытша ауысуын білдіретін келісім. Ол трансферлік терезе кезінде де, одан тыс уақытта да жүзеге асырылуы мүмкін. Келісім мерзімі – алдын ала белгіленеді, және әртүрлі болуы мүмкін: бір матчтан бірнеше жылға дейін. 2. Этимологиясы: жалға алу (лат. arrendare) - "жалға беру" 3. Өзбек: ijara (sport) 4. Түрік: kiralama (spor) 5. Ағылшын: loan, player loan 6. Неміс: spieler mieten 7. Бекітілген нұсқасы: жалдау (жалға алу/беру) (2020), қосымшаларды жалға алу/беру (2023), қосалқы ойыншы (2019) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 131-V Заңы ... «Мүліктік», «жалға алу», «мүліктік жалдау ...
Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 шілдедегі № 202 шешімі ... Табиғи өлшеулер жүргізу үшін арендаторлары ...
Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 қазандағы N 187 қаулысы. ... мүлікті жалға (арендаға) беру ... 10. Ұсыныстар: берілген анықтаманы, заңнамада қолданысын, басқа тілдердегі аудармаларын, бекітілген терминдерді ескере отыра, "ойыншыны жалға алу / беру" нұсқасын бекіткен дұрыс деп санаймыз.
| 0 |
| 11. | атака сзади (футбол) | ту сыртынан шабуылдау, сыртынан шабуылдау | атака сзади (футбол)ту сыртынан шабуылдау, сыртынан шабуылдауДене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)шабуыл (ескі фр. attaquer) - "бекіту"Дефинициясы1. Ту сыртынан шабуылдау, сыртынан шабуылдау – бұл ойыншы осал күйдегі қарсыласын артқы жағынан ұрып-соғу немесе соққыға жығу ережелерін бұзу. Бұл спортқа тән емес мінез-құлық және айып добымен жазаланады, ал кейбір жағдайларда ойыннан шығарылады. 2. Этимологиясы: шабуыл (ескі фр. attaquer) - "бекіту" 3. Өзбек: orqadan hujum 4. Түрік: arkadan hücum 5. Ағылшын: rear attack 6. Неміс: angriff von hinten 7. Бекітілген нұсқасы: шабуыл (2020), арттан іліну (2019) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 13 мамырдағы № 256-VІ ҚРЗ. ... шабуылдауды имитациялауды ...
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 9 қарашадағы 490-IV Заңы ... сондай-ақ тұтқиылдан шабуылдау салдарынан ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 734 қаулысы ... Десанттық-шабуылдау ... 10. Ұсыныстар: заңнамада қолданысын, бекітілген терминдерді ескере келе, терминнің ықшамдылығын сақтау үшін "сыртынан шабуылдау" нұсқасын қолдаймыз.
| 0 |
| 12. | атакующий подбор | қайырма талас | атакующий подборқайырма таласДене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)атака (фр. attaque) - "шабуыл"Дефинициясы1. Қайырма талас – бұл команда шабуыл жасап жатқанда доп себетке түспей кері қайтса (яғни, мүлт кетсе), сол допты қайта қағып алып, шабуылды жалғастыру. Мұны қарсылас емес, шабуылдап жатқан команда жасайды. Шабуыл кезіндегі допты қайта алу. 2. Этимологиясы: атака (фр. attaque) - "шабуыл" 3. Өзбек: hujumiy ribaund 4. Түрік: hücum ribaundu 5. Ағылшын: offensive rebound 6. Неміс: Offensiv-Rebound 7. Бекітілген нұсқасы: шабуыл (2020) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 25-02/457 Бұйрығы. ... қайырма қаракөл жағалы, әрбір қатарда ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 166 Жарлығы. ... Қондырмалы қайырма жағалы ...
10. Ұсыныстар: спорт саласының сөздіктерінде "атакующий" тіркесімен келген сөздерді "шабуылдаушы" деп береді. Терминнің анықтамасына үңілсек, "қайырма талас" баламасын алуға болады, сала мамандарымен талқылап қабылдау керек.
| 0 |
| 13. | атрибут | төлсипат | атрибуттөлсипатДене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)атрибут (лат. attributio) - "беру"Дефинициясы1. Төлсипат – бір нәрсені ерекшелейтін белгі. Бұл ойыншыға немесе ойынға тән ерекше сипаттама, қасиет немесе құрал дегенді білдіреді. Футбол ойынында доптан бастап, соғылған голға дейін ойын атрибуттары болып саналады. 2. Этимологиясы: атрибут (лат. attributio) - "беру" 3. Өзбек: atribut 4. Түрік: öznitelik 5. Ағылшын: Attribute 6. Неміс: Attribut 7. Бекітілген нұсқасы: атрибут (2018), төлсипат (ақпараттық технология) (2006) 8. Қолдану саласы: Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік, Дене тәрбиесі және спорт, Философия және саясаттану, Педагогика және психология, Информатика және есептеуіш техника, Іс жүргізу және мұрағат ісі 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 2 ақпандағы № 58-VIII ҚРЗ ... меншіктің негізгі атрибуттарынан айтарлықтай айырады ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 141-VIII ҚРЗ ... ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған құралдарды (бұйымдарды) және атрибуттарды сатып алуға ...
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 11-V Заңы ... белгілері мен атрибуттар ... 10. Ұсыныстар: берілген терминнің дефинициясына қарасақ, "төлсипат" ұғымы мағынасын ашпайды. Іс жүргізу саласында ғана "төлсипат" деп 2006 жылы бекітілген екен. Заңнама құжаттарында да "атрибут" деп қолданылады. Сондықтан 2018 жылы бекітілген нұсқасында қалдырып, терминді қараудан алып тастаған дұрыс деп санаймыз.
| 0 |
| 14. | аут | сырт, аут (2019) | аутсырт, аут (2019)Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)аут (ағыл. out) - "тыс"Дефинициясы1. Сырт, аут – доптың, шайбаның ойын алаңынан тыс шығып кетуі; бокс алаңында реферидің ұрысты нокаутпен аяқтауды тоқтатуы туралы берген командасы. 2. Этимологиясы: аут (ағыл. out) - "тыс" 3. Өзбек: chiqish, aut 4. Түрік: hariç, mola, çıkış 5. Ағылшын: оut 6. Неміс: Out 7. Бекітілген нұсқасы: аут (2019) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 64 шешімі. ... "стэмпинг аут" жүргізілген ел аумағында ... 10. Ұсыныстар: басқа тілдердегі аудармасын ескере келе, 2019 жылы бекітілген "аут" нұсқасы қалуы керек деп санаймыз.
| 0 |
| 15. | бандаж | жұмсауыт, бандаж (2021) | бандажжұмсауыт, бандаж (2021)Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)бандаж (фр. bandage) - "таңғыш, бинт"Дефинициясы1. Жұмсауыт, бандаж – дененің жеке бөліктерін қажетті қалыпта сақтауға арналған, мықтап киіліп тұратын таңғыш. 2. Этимологиясы: бандаж (фр. bandage) - "таңғыш, бинт" 3. Өзбек: bandaj 4. Түрік: bandaj 5. Ағылшын: bandage 6. Неміс: Verband 7. Бекітілген нұсқасы: бандаж (2021), бандаж, белтартпа (2019), белтартпа (мед.) (2005) 8. Қолдану саласы: Көлік және қатынас жолдары, Дене тәрбиесі және спорт, Энергетика, Медицина, Механика және машинатану, Машинажасау, Сәулет және құрылыс 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 9 қаңтардағы № 152-VIII ҚРЗ. ... Балдақтарды, хирургиялық белдіктерді және бандаждарды қоса алғанда ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 166-VІ ҚРЗ. ... бекіту құралдарына (гипс, бандаж) жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда ...
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 273 бұйрығы. ... Жаттығу бандажы ... 10. Ұсыныстар: берілген термин осы уақытқа дейін бірнеше рет бекітілген. Заңнамадағы қолданысы – "бандаж". "Жұмсауыт" баламасын алу туралы сала мамандарымен талқылау керек.
| 0 |
| 16. | баттерфляй (хоккей) | тарбақ тұрыс | баттерфляй (хоккей)тарбақ тұрысДене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)баттерфляй (ағыл. butterfly) - "көбелек"Дефинициясы1. Тарбақ тұрыс – бұл қақпашының шайбаны тоқтату үшін қолданатын арнайы қорғану техникасы. Қақпашы тізесін бүгіп, екі аяғын жанына жайып отырады. Бұл қалып шайбаның төменгі жағынан (жерге жақын) өтуіне жол бермейді. Қолымен және денесімен қақпаның жоғары бөлігін жауып қорғайды. 2. Этимологиясы: баттерфляй (ағыл. butterfly) - "көбелек" 3. Өзбек: butterfly 4. Түрік: kelebek (stili) 5. Ағылшын: butterfly 6. Неміс: Schmetterling 7. Бекітілген нұсқасы: баттерфляй (2019) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 28 бұйрығы. ... 50 м. баттерфляй ...
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 104/қе бұйрығы. ... Баттерфляй, құрастырылған станок, бастан ауыр тартуға арналған тұтқа ... 10. Ұсыныстар: берілген термин спорттың басқа саласы бойынша дәл сол қалпында 2019 жылы бекітілген. Хоккейге қатысты ұсынылған балама берілген анықтаманың мағынасын аша алады. Бірақ қолданысқа белсенді түсіп кетуіне байланысты алдын ала болжау қиын. Сала мамандарымен талқылау қажет. Хоккей спорт түріне қатысты комиссия келісіп жатса, бірге "тарбақтұрыс" деп берген дұрыс деп санаймыз. Салалық сөздіктердің бәрінде жүзуге қатысты мағынасы алынған.
| 0 |
| 17. | батут | секіртпе, серпілмелі тор, батут (2023) | батутсекіртпе, серпілмелі тор, батут (2023)Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)батут (фр. batoude) - "соққы"Дефинициясы1. Секіртпе, серпілмелі тор, батут – резеңке немесе металл серіппелер арқылы металл жақтауға созылған берік тордан тұратын спорттық снаряд. Батутта гимнасттар 8 метрге дейін ауада әртүрлі секірулер, акробатикалық трюктар мен бұрылыстар, құлаулар сияқты элементтерді орындайды. 2. Этимологиясы: батут (фр. batoude) - "соққы" 3. Өзбек: batut 4. Түрік: trambolin 5. Ағылшын: trampoline 6. Неміс: trampolin 7. Бекітілген нұсқасы: батут (2023), кермесерiппе (2019) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Нұр-Сұлтан қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 23 cәуірдегі № 6 қаулысы. ... боулинг-орталықтарға, батуттар,компьютерлік клубтарға ...
Павлодар облыстық әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 22/1 қаулысы. Батуттық гимнастика Шаңғы жарысы ...
Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 4/574 қаулысы. ... Батутта және акробатикалық жолда секіру ... 10. Ұсыныстар: басқа тілдердегі аудармасын қарай келе, осыған дейін "батут" деп бекітілсе де, мағынасын толық ашып көрсете алса, берілген қазақша балмасының біреуін немесе "секіртпе тор" нұсқасын алуға болады деп санаймыз.
| 0 |
| 18. | безадресная передача (пас) | лақпа пас | безадресная передача (пас)лақпа пасДене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)пас (фр. passer) - "жүру, өту"Дефинициясы1. Лақпа пас – бұл нақты ойыншыға бағытталмаған, адрессіз пас дегенді білдіреді. Нақты командаласқа емес, жалпы алаңдағы бос кеңістікке немесе бағытқа беру. 2. Этимологиясы: пас (фр. passer) - "жүру, өту" 3. Өзбек: manzilsiz uzatma 4. Түрік: adressiz iletme 5. Ағылшын: unaddressed pass / aimless pass 6. Неміс: Ungezielter Pass 7. Бекітілген нұсқасы: массаберіліс (2021) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 15 желтоқсандағы N 106-IV Заңы ... энергия берілісі көлемдерін арттыру ...
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы N 89 Заңы. ... газ ұңғымалары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда ... 10. Ұсыныстар: берілген терминнің анықтамасына қарай отыра, ұсынылған қазақша баламасы "лақпа пас" дегенді алуға болады деп санаймыз. Айтуға жеңіл, қолданысқа тез енуі мүмкін. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде "лақпа" сын есім, лағып бетімен кететін, бос сөйлейтін" деген анықтама берілген.
| 0 |
| 19. | биатлонная винтовка | бесатар | биатлонная винтовкабесатарДене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)биатлон (лат. bis, еж. грек. ἆθλον) - "жарыс, күрес"Дефинициясы1. Бесатар – биатлонда қолданылатын арнайы спорттық қару, шаңғымен жүгіруді атумен біріктіретін қысқы спорт түрі. Бұл, әдетте, 50 метрге дейінгі қашықтықта спорттық атуға арналған белгілі бір техникалық сипаттамалары бар шағын калибрлі мылтық. 2. Этимологиясы: биатлон (лат. bis, еж. грек. ἆθλον) - "жарыс, күрес" 3. Өзбек: biatlon miltig‘i 4. Түрік: biatlon tüfeği 5. Ағылшын: biathlon rifle 6. Неміс: Biathlongewehr 7. Бекітілген нұсқасы: биатлон (2019), спорттық мылтық (2019) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт, Әскери іс 9. Заңнамадағы қолданысы: Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 96/1 қаулысы. ... Биатлон ...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 2 қазандағы № 171 бұйрығы. ... Шаңғы және/немесе биатлон жолында жаттығу ...
Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 4 наурыздағы № 71 қаулысы. ... Суға секіру Биатлон ... 10. Ұсыныстар: басқа тілдердегі аудармасын, бекітілген терминдерді назарға ала отыра, берілген терминнің қазақша баламасын "биатлон бесатары" деп алу ұсынылады. Салалық сөздіктерде "винтовканың" өзін "бесатар" деп алу үрдісі бар.
| 0 |
| 20. | блок (волейбол), (конькобежный спорт) | тосқауыл (волейбол), қалқалау (сырғы жарыс) | блок (волейбол), (конькобежный спорт)тосқауыл (волейбол), қалқалау (сырғы жарыс)Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)блок (фр. bloc) - "бөрене, ағаш бөлігі"Дефинициясы1. Блок – бұл бірнеше спорт түрінде қолданылатын термин, бірақ әрқайсында мағынасы мен қолдану тәсілі әртүрлі. Тосқауыл (волейбол) – бұл қарсыластың шабуылын тоқтату үшін тор жанында секіріп, қолмен тосқауыл қою әдісі. Қарсы шабуылшының соққысын қайтару немесе бағытын өзгерту. Командаға қорғаныс мүмкіндігін арттыру. Қалқалау (сырғы жарыс) – бұл жарыс жолындағы айналым бөліктерінің (шеңберлердің) бірін шартты түрде "блок" деп атау. Бұл жерде "ішкі" және "сыртқы" блок деген ұғымдар қолданылады. Ішкі блок – мұз айдынының ішкі доғасы, қысқа жол. Сыртқы блок – сыртқы доға, ұзын жол. Жүгірушілер әр айналым сайын ішкі-сыртқы блоктарды ауыстырып жүреді, бұл барлық спортшылардың жол ұзындығы тең болуын қамтамасыз етеді. 2. Этимологиясы: блок (фр. bloc) - "бөрене, ағаш бөлігі" 3. Өзбек: blok, aylana yo‘lagi 4. Түрік: blok, Kulvar 5. Ағылшын: block, lane / curve (in speed skating) 6. Неміс: block, Bahn 7. Бекітілген нұсқасы: блок (2018), липоидты тосқауыл (2021), қалқалау ведомствосы (2022) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт, Физика және астрономия, Математика, Информатика және есептеуіш техника, Әскери іс 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 24 желтоқсан N 274-ІІ ... оқшауландыру және онда тосқауыл қою ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 20 ақпандағы № 288-V ҚРЗ. ... орта тосқауылдары арасындағы ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 866 қаулысы. ... Мемлекеттік шекарадан өтетін жерде қалқалау ...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 14 қазан N 1259 ... қалқалаушы құрылыстар мен резервтiк су қоймалары ... 10. Ұсыныстар: спорт саласындағы қолданыс ерекшелігіне қарай әртүрлі беру керек болса, сала мамандарымен талқылай отыра шешім шығару керек деп есептейміз.
| 0 |
| 21. | блок-шот (баскетбол) | тосқын, қолмен тосқауыл (2019), блок-шот (2023) | блок-шот (баскетбол)тосқын, қолмен тосқауыл (2019), блок-шот (2023)Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)блок-шот (ағыл. block+ shot) – "блок + лақтыру, соққы"Дефинициясы1. Тосқын, қолмен тосқауыл, блок-шот – қорғаныстағы ойыншылардың қарсылас лақтырған допты кері қайтарып тосқауылдауы. 2. Этимологиясы: блок-шот (ағыл. block+ shot) – "блок + лақтыру, соққы" 3. Өзбек: blokli zarba 4. Түрік: blok-şot 5. Ағылшын: block shot 6. Неміс: Block-Shot 7. Бекітілген нұсқасы: блокшот (2023), қолмен тосқауыл (2019) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 мамырдағы N 472 қаулысы. ... көмекшi толқын тосқынын ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 24 мамыр N 564. ... өзіне бас және көмекші толқын тосқының және бір мезгілде төрт жүк ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 25 қаңтар N 110. ... Толқын тосқыны және дамбаларды қайта жаңартуды көздейтiн 2-кезең. ... 10. Ұсыныстар: тосқауыл, бөгет, кедергі мағыналарын қамтитын "тосқын" терминін бекітуге ұсынамыз.
| 0 |
| 22. | блокер | қалқанқолғап | блокерқалқанқолғапДене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)блок (фр. bloc) - "бөрене, ағаш бөлігі"Дефинициясы1. Қалқанқолғап – қақпашының жырнақты ұстайтын қолының сыртқы жағында орналасқан үлкен төртбұрышты қалқан. Қолдың басын қорғауға арналған және сонымен қатар соққыларды қайтаруға қажет. 2. Этимологиясы: блок (фр. bloc) - "бөрене, ағаш бөлігі" 3. Өзбек: bloker 4. Түрік: engelleyici 5. Ағылшын: blocker 6. Неміс: Blocker 7. Бекітілген нұсқасы: қалқан (2024) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 413 Жарлығы. ... салтанатты қолғап; 2) қысқы (2-сурет): күнқағары ...
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығы. ... қалқанның, жинақ шиналарына ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 166 Жарлығы. ... кашне, қолғап, галстук, аяқ киім дайын күйінде ...
10. Ұсыныстар: заңнама мәтіндерінде аталған термин "қалқан" және "қолғап" нұсқаларында ғана кездеседі. Дегенмен, сараптама қорытындысы сөзтіркесім арқылы жасалған "қалқанқолғап" терминін бекітуге ұсынады.
| 0 |
| 23. | блокирование (футбол) | тосқауыл, тосқауыл қою | блокирование (футбол)тосқауыл, тосқауыл қоюДене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)блок (фр. bloc) - "бөрене, ағаш бөлігі"Дефинициясы1. Тосқауыл, тосқауыл қою – бұл ойыншы қарсыласының допқа жақындауына немесе ойнауына кедергі келтіретін тактикалық әдіс. Ол сондай-ақ берілістерді немесе соққыларды ұстау үшін пайдаланылуы мүмкін. 2. Этимологиясы: блок (фр. bloc) - "бөрене, ағаш бөлігі" 3. Өзбек: bloklash 4. Түрік: engelleme 5. Ағылшын: blocking 6. Неміс: Blockierung 7. Бекітілген нұсқасы: бұғаттау (2016), тосқауыл, кедергі (2016), тосқауыл, кедергі (2016), тосқауыл (индустрия) (2015) 8. Қолдану саласы: Көлік және қатынас жолдары, Дене тәрбиесі және спорт, Энергетика, Заңтану, Әскери іс, Экономика және қаржы 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 18-02/1003 бұйрығы. ... тосқауыл ағаштар мен тұтқыр үймелер орналастыру ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 наурыз N 340. ... техникалық тосқауылдар жөніндегі келісім ...
Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 1 Өкімі. ... істеуі шеңберіндегі тосқауыларды жоюы ... 10. Ұсыныстар: "тосқауыл" терминінің басқа салаларда бекітілгенін ескере келе, сараптама қорытындысы "тосқауыл қою" терминін бекітуге ұсынады.
| 0 |
| 24. | блокировка | тосқауылдау, қақпайлау, жолды жабу, бұғаттау (2016) | блокировкатосқауылдау, қақпайлау, жолды жабу, бұғаттау (2016)Дене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)блок (фр. bloc) - "бөрене, ағаш бөлігі"Дефинициясы1. Тосқауылдау, қақпайлау, жолды жабу, бұғаттау – шабуылды тоқтату үшін қолданатын қорғаныс әрекеті. Қарсыластың қолын, денесін немесе аяғын ұстап, әдіс жасауына кедергі келтіру не денемен қақпайлап, жүрісінен жаңылдыру. Озбақ болған қарсыласын өткізбеу үшін алдына түсіп алып сырғанау. 2. Этимологиясы: блок (фр. bloc) - "бөрене, ағаш бөлігі" 3. Өзбек: qulflash 4. Түрік: engelleme 5. Ағылшын: blocking 6. Неміс: Blockierung 7. Бекітілген нұсқасы: бұғаттау (2021) 8. Қолдану саласы: Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік, Дене тәрбиесі және спорт, Механика және машинатану, Информатика және есептеуіш техника, Электроника, радиотехника және байланыс, Экономика және қаржы, Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 Бұйрығы. ... орталықтандыру және бұғаттау құрылғылары ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 40-VІ ҚРЗ. ... дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты бұғаттау ...
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 21 бұйрығы. ... талаптар лауазымды адамдар қолжетімділікті бұғаттау ... 10. Ұсыныстар: заңнама мәтіндеріндегі қолданысына қарай, Комиссия шешімімен 2021 жылы бекітілген "бұғаттау" терминін қалдыруды ұсынамыз. Мамандардың пікірі қажет.
| 0 |
| 25. | бой на ближней дистанции (бокс) | жақын ұрыс, таяу қашықтықтағы сайыс, жақын арақашықтықта ұрыс салу | бой на ближней дистанции (бокс)жақын ұрыс, таяу қашықтықтағы сайыс, жақын арақашықтықта ұрыс салуДене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)дистанция (лат. distantia) – "қашықтық, аралық"Дефинициясы1. Жақын ұрыс, таяу қашықтықтағы сайыс, жақын арақашықтықта ұрыс салу – бұл қарсыластардың жақын арақашықтықта тұрып, негізінен ішке бағытталған қысқа соққылар (апперкоттар, хуктар) арқылы шабуылдап, қорғанатын бокс техникасы. Мұндай қашықтықта боксшылар көбіне денеге соққы бағыттайды және клинчке жиі түседі. 2. Этимологиясы: дистанция (лат. distantia) – "қашықтық, аралық" 3. Өзбек: yaqin masofadagi jang 4. Түрік: yakın mesafe dövüşü 5. Ағылшын: close range combat 6. Неміс: Nahkampf 7. Бекітілген нұсқасы: арақашықтық өлшеу (2015), теңiздегi ұрыс (2020), қарсы сайыс (2019) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 25 мамыр 1995 ж. N 743. ... ең таяу әуе айлағы ретiнде ұйғарылсын ...
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 6/қе бұйрығы. ... мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына ...
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 331 бұйрығы. ... жарықтағы көлденең арақашықтықтары ... 10. Ұсыныстар: сараптама қорытындысы термин ықшамдылығы мен қолданыс жеңілдігіне байланысты "жақын ұрыс" нұсқасын бекітуге ұсынады.
| 0 |
| 26. | бой на дальней дистанции (бокс) | алшақ ұрыс, алыс арақашықтықта ұрысқа түсу | бой на дальней дистанции (бокс)алшақ ұрыс, алыс арақашықтықта ұрысқа түсуДене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)дистанция (лат. distantia) – "қашықтық, аралық"Дефинициясы1. Алшақ ұрыс, алыс арақашықтықта ұрысқа түсу – боксшылардың алыстан, соққы жасау үшін қолдарын жазып жүріп жұдырықтасуы. 2. Этимологиясы: дистанция (лат. distantia) – "қашықтық, аралық" 3. Өзбек: uzoq masofali jang 4. Түрік: uzak mesafe dövüşü 5. Ағылшын: long range combat 6. Неміс: Distanzkampf 7. Бекітілген нұсқасы: ұрыс сипаты (2021), қоян-қолтық сайыс (2019), жол арақашықтығы (төтенше жағдайлар) (2015) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 22 қараша N 45-I. ... қолданушы органдары немесе өкiмет органдары ұрыс қимылдары ...
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 97 бұйрығы. ... арақашықтықта жабдықталады ...
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 91 қаулысы. ... Аманат ауылынан алшақтай келе ағыспен ... 10. Ұсыныстар: дефиницияға сүйене отырып, сараптама қорытындысы "алшақ ұрыс" нұсқасын бекітуді ұсынады.
| 0 |
| 27. | бой с тенью | ауаны осқылау, көлеңкемен ұрыс | бой с теньюауаны осқылау, көлеңкемен ұрысДене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)–Дефинициясы1. Ауаны осқылау, көлеңкемен ұрыс – жекпе-жекті, қарсыласты көзге елестетіп, ауаны ұрғылау. Айнаға қарап тұрып та жаттығуға болады. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: soya bilan kurash 4. Түрік: gölgeyle dövüş 5. Ағылшын: shadowboxing 6. Неміс: Schattenboxen 7. Бекітілген нұсқасы: көлеңке әріп (лингв.) (2003), атысты ұрыс (2020) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №356 бұйрығы. ... көлеңкемен 3 минуттық жекпе-жек ... 10. Ұсыныстар: заңнама мәтіндерінде "бой с тенью" термині бір рет қана кездесті. "Көлеңкемен жекпе-жек" түрінде тікелей (калькамен) аударылған. Сараптама қорытындысы "ауаны осқылау" терминін бекітуге ұсынады.
| 0 |
| 28. | бой финальный | ақтық жекпе-жек, ақтық жарыс, ақтық айқас | бой финальныйақтық жекпе-жек, ақтық жарыс, ақтық айқасДене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)финал (лат. finalis) – "шешуші, соңғы"Дефинициясы1. Ақтық жекпе-жек – жарыстың шешуші кезеңіндегі кездесу, чемпионды анықтайтын соңғы айқас 2. Этимологиясы: финал (лат. finalis) – "шешуші, соңғы" 3. Өзбек: final jangi, so‘nggi jang 4. Түрік: final dövüşü / final maçı 5. Ағылшын: final bout / final fight 6. Неміс: finalkampf 7. Бекітілген нұсқасы: финал (2003), жануарлар төбелесі (2022), шайқас тәртiбi (2019) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт, Философия және саясаттану, Әскери іс, Тарих 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 16 қарашадағы N 340-ө Өкімі. ... ақтық жарыстарын ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 811 қаулысы. ... балғалары айқаса ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 802 қаулысы. ... жекпе-жек сарайының ... 10. Ұсыныстар: "жекпе-жек" атауы топтық сайыс түріне келмейтіндіктен, "ақтық айқас" атауын ұсынамыз.
| 0 |
| 29. | боковая линия | қаптал сызық | боковая линияқаптал сызықДене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)линия (лат. linea) – "зығыр жіп, бау; сызық"Дефинициясы1. Қаптал сызық – футбол алаңының екі жағындағы сызық. Доп осы сызықтардан шығып кетсе, төреші ойынды тоқтатып, қарсы тараптың футболшысы допты басынан асыра лақтырып, ойынға қайта қосады. 2. Этимологиясы: линия (лат. linea) – "зығыр жіп, бау; сызық" 3. Өзбек: yon chiziq 4. Түрік: yan çizgi 5. Ағылшын: sideline 6. Неміс: Seitenlinie 7. Бекітілген нұсқасы: бүйір бет (2023), таза ұрпақ тізбегі (2024), корреляция сызығы (2024) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт, Биология 9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 452-ІІ Заңы. ... сызықпен оңтүстiк-батыс бағытта ...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 103 бұйрығы. ... қабықпен қапталған таблеткалар ...
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 113 шешімі. ... суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі ... 10. Ұсыныстар: өзге тілдегі аудармалар мен заңнама мәтіндеріндегі қолданысын негізге алып, "қаптал сызық" терминін бекітуге ұсынамыз.
| 0 |
| 30. | боковое вращение (теннис) | шиіру, қапталды шиіру, қаптал шиіру | боковое вращение (теннис)шиіру, қапталды шиіру, қаптал шиіруДене тәрбиесі және спорт ("Комментатор сөздігі" бойынша)–Дефинициясы1. Шиіру, қапталды шиіру, қаптал шиіру – бұл допты тік осьтің айналасында айналдыру. Допты қаққанда ракет кесе көлденең шиіріп жібереді. Дәл осы кезде доп жерге параллель не оңға, не солға қарай айналады. Әуеде де, жерге түскен соң да доптың айналуына қарай ұшу бағыты өзгереді. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: lateral aylanish 4. Түрік: yan döndürme 5. Ағылшын: lateral rotation 6. Неміс: seitliche Rotation 7. Бекітілген нұсқасы: айналдыру (2021), айналыс (көлік ж/е қат. жол.) (2015), қаптал жел (2024) 8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт 9. Заңнамадағы қолданысы: Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 31 шешімі. ... жұқа жіптерді шиыру; арқанның иірімжібіне ширата бұрау ...
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 119 бұйрығы. ... негіз қималары мен үзіктерін шиыру және станокты қосу ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 Бұйрығы. ... шиыру, бау өру, белбеу ... 10. Ұсыныстар: "шиіру" сөзі қазақ тілінің әдеби нормаларына сай келмейді, әрі сөздік қорымызда кездеспейді. Дұрыс түрі – "шиыру", заңнама мәтіндерінде осы нұсқасы қолданылады. Сараптама қорытындысы "бүйірлік шиыру" немесе "бүйірлік айналдыру" терминдерін бекітуге ұсынады.
| 0 |