"
Пысықтауға берілген «разбирательство» термині туралы

Республикалық терминология комиссиясы 2020 жылы «талқыға салу» деп бекітілген терминнің сөздікқор.кз сайтында ұсынылған мынадай баламалары анықталды:
1) талқы – тексеріс, сын, тез (тезіне түсу);
2) талқылау – Толығырақ ...талқыдан өткізу жұмысы; сараптама (Б.Қалиев, Ж.Түймебаев, Ш. Құрманбайұлы, С.Исакова. «Мұқағали тілі» сөздігі. – Алматы, 2017);
3) талқылау – тексеру, бір істің егжей-тегжейіне жету, көпшіліктің тезіне салу (М.Белбаева. Қазақ тілінің омонимдер сөздігі: – Алматы: «Мектеп» баспасы, 1988. - 193 б.);
4) талқыға салу – көпшіліктің сынына, талқының тезіне түсірді;
5) талқылау, сарапқа салу – бір істі тексеріп, егжей-тегжейіне жету (С.Бизақов, Ә.Болғанбаев, Ш.Дәулетқұлов. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 720 б.);
6) тергеу-талқы – бір нәрсені анықтау үшін жүргізілген іс-шара (Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 14-том. / Құраст.: М.Малмақов, Қ.Есенова, Б.Хинаят және т.б. – Алматы, 2011. 800 б.).
Соңғы дереккөзде ұсынылған тергеу-талқы, яғни бір нәрсені анықтау үшін жүргізілген іс-шара деген мағынаны білдіретін нұсқасы қолданыстағы «расследование» – «тергеп-тексеру» деген терминнің жасалу жолына ұқсас.
Осы терминнің заңнамадағы қолданысына да шолу жасаған орынды. Оған сәйкес оның қолданыс аясын қоса берілген кестеден көруге болады. Көрсетілген кестеден «разбирательство» мен «обсуждение» терминдері бір мәтінде келгенде, екеуі де «талқылау» деп алынатыны анық.
Негіздемелерге сүйене отырып, аталған терминді «тергеу-талқы» деп алу ұсынылады.
  • «Талқылау – разбирательство», «Істі сотта талқылау – судебное разбирательство» деп бекітілсе, «Істі сотта қарау – разбирательство судебное» деген бекітілген нұсқасын алып тастау қажет. Істі сотта қарау – рассмотрение дела в суде.

  • Бақытгүл Ысқақова 2 ай бұрын

    Сәлеметсіз бе, Ерболат! Бекітілген терминдердің ішінде де күмән туғызатын терминдер баршылық. «Істі сотта қарау – разбирательство судебное» терминдік тіркесті қайта қарау керектігін қолдаймын. Осындай олқылықтарды жою үшін қазір Толығырақ ...Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен "Бекітілген терминдерге мониторинг жүргізу" жобасы жүзеге асырылып жатыр, Мониторинг нәтижесімен Нормативтік терминологиялық сөздік әзірленеді. Сол кезде біраз терминдерді біріздендіруге қол жеткіземіз деген ойдамыз.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.