"
Мойнақ терминіне қатысты айтар болсақ, осы сөздің бірнеше мағынасы бар:

1. Мойнақ – екі жерді қосатын, екі жағынан су шаятын жіңішке жер жолағы.
2. Мойнақ – құрылыс жұмысы кезінде бөгеттің қазаншұқырын Толығырақ ...су басудан қорғайтын топырақ үйінділі қоршау.
3. Мойнақ – түйенің мойын терісінен жасалған торсық.
4. Мойнақ – тау басының түйе мойнына ұқсас иілген жері.
5. Мойнақ – түйенің және басқа малдың алқымынан басына дейінгі мойын терісі.
6. Мойнақ – көріктің отқа жел үрлейтін өңеші, үрімпар.
7. Мойнақ – пышақ және басқалардың сабына салынатын сақина шығыршық.
8. Мойнақ – отқа төзімді материалдардан жасалатын қымталған ыдыс.
9. Мойнақ – бұраңдаған ұзақ жол.

Географиялық атау ретінде кездесуі:
1. Мойнақ – Қарақалпақстан Республикасы Мойнақ ауданының әкімшілік орталығы әрі ең ірі елді мекені.
2. Мойнақ су электрстанциясы – Шарын өзенінің жоғары ағынындағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 150 км қашықтықта орналасқан қысымды деревациясы бар су торабы болып табылады.
3. Мойнақ – Жетісу облысы Талдықорған қалалық әкімдігіне қарасты Өтенай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
4. Мойнақ – Қызылорда облысы Арал ауданы, Аралқұм ауылдық округі құрамындағы ауыл.
5. Мойнақ – Алматы облысы Кеген ауданындағы ауыл.

Қылта терминіне келер болсақ, мынадай мағынасы бар:
1. Қылта – бұрылысты, қалтарысты тар жер, шатқал.
2. Екі құрлық яки түбекті жалғастыратын жердің ені тар тұсы.
3. Қылта – тізенің астыңғы жағындағы әлсіз сіңір, тірсек.
4. Қылта – өзеннің өте енсіз жері.

Терминдердің сөздіктердегі мағынасын ескеріп және қолданылу саласын жақшада көрсете отырып, қылта (анатомия) – перешеек (анатомия), мойнақ (география) – перешеек (география) деп бекітуді қолдаймын.
  • Мойнақ сөзінің қолданыстағы баламасы өте көп екен. Медицинада қылта деген сөз қолданылады. Перешеек сөзінің тамаша баламасы.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Attention! To leave a message, please sign in.