1. | абляция ледника | мұздықтың семуі | абляция ледникамұздықтың семуіСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Мұздықтың семуі – еру және булану нәтижесінде мұздықтың немесе қар жамылғысы массасының төмендеуі. 2. Этимологиясы: лат. ablatio – алып тастау, кему, жою 3. Өзбек: muzlik ablasyonu 4. Түрік: buzul ablasyonu 5. Ағылшын: glacier ablation 6. Неміс: gletscherablation 7. Бекітілген нұсқасы: ледник - мұздық (2005), бассейн ледника - мұздық алабы (2022), истeканиe зeрна - дәннің семуі (2022) 8. Заңнамадағы қолданысы: – 9. Ұсыныстар: бекітілген терминдерді ескере отырып, "мұздықтың семуі" терминін бекіту ұсынылады.
| +6 |
2. | аварийная работа | авариялық жұмыс | аварийная работаавариялық жұмыс Саласы Этимологиясы Дефинициясы1. Авариялық жұмыс – авариялардың алдын алу немесе олардың зардаптарын жою үшін қажетті алдын ала болжанбаған шұғыл жұмыс түрі. 2. Этимологиясы: авария (итальян.avaria, франц. avarie) - "зақым". 3. Өзбек: – 4. Түрік: afet çalışması 5. Ағылшын: emergency operation 6. Неміс: Katastropheneinsatz 7. Бекітілген нұсқасы: вероятные аварии - ықтимал авариялар (2022), аварийный ремонт - авариялық жөндеу (2022) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 727 қаулысы.
...Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 274 Жарлығы. Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары. 9. Ұсыныстар: заңнама құжаттарында "авариялық жұмыстар" термин тіркесі кездеспеді. Бекітілген терминдерді, басқа тілдегі аудармасын ескере отырып, "авариялық жұмыстар" терминін бекіту ұсынылады.
| +7 |
3. | аварийная среда | авариялық орта | аварийная средаавариялық ортаСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Авариялық орта – ТЖ аймағындағы объектілерге деструктивті күштердің (факторлардың) әсерінен пайда болған орта, апат немесе басқа да төтенше жағдай салдарынан адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға немесе мүлікке қауіп төнген жағдай. 2. Этимологиясы: авария (итальян.avaria, франц. avarie) - "зақым". 3. Өзбек: favqulodda muhit 4. Түрік: acil durum ortamı 5. Ағылшын: emergency environment 6. Неміс: notfall-Umgebung 7. Бекітілген нұсқасы: авария экологическая - экологиялық авария (2022), нейтральная среда - бейтарап орта (2023) 8. Заңнамадағы қолданысы: – 9. Ұсыныстар: "авариялық орта" терминін бекіту ұсынылады.
| +6 |
4. | аварийный взрыв | авариялық жарылыс | аварийный взрывавариялық жарылыс Саласы Этимологиясы Дефинициясы1. Авариялық жарылыс – өндіріс технологиясының бұзылуы, қызмет көрсету персоналының қателіктері немесе жобалау кезінде жіберілген қателіктер нәтижесінде пайда болған жарылыс. 2. Этимологиясы: авария (итальян.avaria, франц. avarie) – "зақым". 3. Өзбек: favqulodda portlash 4. Түрік: acil patlama 5. Ағылшын: emergency explosion 6. Неміс: notexplosion 7. Бекітілген нұсқасы: авария - авария (2015) 8. Заңнамадағы қолданысы: – 9. Ұсыныстар: "авариялық жарылыс" нұсқасы ұсынылады
| +7 |
5. | аварийный выброс | авариялық шығарынды | аварийный выбросавариялық шығарынды Саласы Этимологиясы Дефинициясы1. Авариялық шығарынды – техникалық жүйелердегі, тазарту қондырғыларындағы және т. б. авария нәтижесінде қоршаған ортаға (су, топырақ, атмосфера) ластаушы заттардың байқаусызда шығарылуы. 2. Этимологиясы: итал. avaria не франц. avarie - "зақым" 3. Өзбек: favqulodda chiqish 4. Түрік: acil vaka emisyon 5. Ағылшын: emergency emission 6. Неміс: notfall-Emission 7. Бекітілген нұсқасы: выброс - шығарынды (2021) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 қарашадағы № 998 қаулысы ..ластағыш заттардың шығарындылары... 9. Ұсыныстар: "авариялық шығарынды" нұсқасын ұсынамыз.
| +7 |
6. | аварийный выход | авариялық шығу, авариялық шығужол | аварийный выходавариялық шығу, авариялық шығужол Саласы Этимологиясы Дефинициясы1. Авариялық шығу – эвакуация жолына, тікелей сыртқа немесе қауіпсіз аймаққа апаратын есік, люк немесе басқа шығу жолы. 2. Этимологиясы: "авария" итал. avaria, франц. avarie - "зақым" 3. Өзбек: favqulodda chiqish 4. Түрік: acil çıkış 5. Ағылшын: emergency exit 6. Неміс: notausgang 7. Бекітілген нұсқасы: аварийный выход - авариялық шығар жер (2016) 8. Заңнамадағы қолданысы: Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 ақпандағы №243/2 қаулысы. ... автобустан авариялық шығулардың және оларды қимылға келтiретiн құрылғылардың ... 9. Ұсыныстар: өзбек, түрік тіліндегі аудармаларын басшылыққа ала отырып, "авариялық шығужол", яғни "шығужолды" біріктіріп термин ретінде ұсынуға болады.
| +4 |
7. | аварийный сертификат | авариялық сертификат, авария сертификаты | аварийный сертификатавариялық сертификат, авария сертификаты Саласы Этимологиясы Дефинициясы1. Авариялық сертификат - сақтандырылған мүлікте келтірілген залалдың сипатын, мөлшерін және себептерін растайтын құжат. 2. Этимологиясы: авария (итальян. avaria, франц. avarie) - "зақым"; сертификат (ортағасырлық лат. certifico, франц. sertificat) - "куәландыру". 3. Өзбек: favqulodda vaziyatlar sertifikati 4. Түрік: acil durum sertifikası 5. Ағылшын: emergency certificate 6. Неміс: notfallzertifikat 7. Бекітілген нұсқасы: сертификат - сертификат (2016), корневой сертификат - түбір сертификат (2023) 8. Заңнамадағы қолданысы: – 9. Ұсыныстар: "авариялық сертификат" калька аударма болғандықтан, "авария сертификаты" терминін ұсынамыз.
| +5 |
8. | авария и ее последствия | авария және оның салдары | авария и ее последствияавария және оның салдары Саласы Этимологиясы Дефинициясы1. Авария және оның салдары - қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын құрылыстарды және (немесе) техникалық құрылғыларды бұзу, жабдықтардың немесе механизмдердің күтпеген жерден істен шығуы, одан әрі жұмыс істеуі мүмкін болмайтын ғимараттарды немесе инфрақұрылымды бұзу. 2. Этимологиясы: "авария" итал. avaria, франц. avarie - "зақым" 3. Өзбек: baxtsiz hodisa va uning oqibatlari 4. Түрік: kaza ve sonuçları 5. Ағылшын: accident and its consequences 6. Неміс: der Unfall und seine Folgen 7. Бекітілген нұсқасы: следствие - салдар (2021) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 622 қаулысы. "Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан ... 9. Ұсыныстар: "авария және оның салдары" терминдік мәнге ие емес сөз тіркесі болғандықтан, күн тәртібінен алынып тастау керек.
| +7 |
9. | авария морского (речного) объекта | теңіз (өзен) объектісінің авариясы | авария морского (речного) объектатеңіз (өзен) объектісінің авариясы Саласы Этимологиясы Дефинициясы1. Теңіз (өзен) объектісінің авариясы - теңіз (өзен) объектісінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, теңіз (өзен) объектісі корпусының немесе оның жабдықтарының зақымдалуына, теңіз жарамдылығының жоғалуына не жағалау құрылысының теңіз (өзен) объектісінің зақымдануына және қоршаған ортаның ластануына әкеп соғатын қауіпті оқиға. 2. Этимологиясы: объект (лат.objectum) - "алға лақтыру","қарсы алу". 3. Өзбек: dengiz (Daryo) ob'ektining avariyasi 4. Түрік: deniz (nehir) nesnesinin kazası 5. Ағылшын: accident of a marine (river) facility 6. Неміс: unfall eines Meeres- (Fluss-) Objekts 7. Бекітілген нұсқасы: морская вода - теңіз суы (2023), объект - нысан (әдеб.) (2003), информационный объект - ақпараттық объект (2023) 8. Заңнамадағы қолданысы: – 9. Ұсыныстар: басқа тілдердегі аударманы басшылыққа ала отырып, "теңіз (өзен) объектісінің авариясы" нұсқасын қолдаймыз.
| +3 |
10. | авария на АЭС | АЭС-тағы авария | авария на АЭСАЭС-тағы авария Саласы Этимологиясы Дефинициясы1. АЭС-тағы авария – радиоактивті заттардың шығарылуына әкелуі мүмкін, адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіретін атом электр станциясындағы авария. 2. Этимологиясы: атом (грек. ἄτομος) - "бөлінбейтін, кесілмейтін"; электр (грек. λλεκτρον, 'электрон') - "кәріптас"; станция (поляк. stancja) - "тұру; келу орны"; авария (итальян. avaria, франц. avarie) - "зақым". 3. Өзбек: atom elektr stantsiyasida avariya 4. Түрік: nükleer santral kazası 5. Ағылшын: accident at a nuclear power plant 6. Неміс: unfall in einem Atomkraftwerk 7. Бекітілген нұсқасы: атомная электростанция (АЭС) - атом электр стансасы (АЭС) (2023) 8. Заңнамадағы қолданысы: – 9. Ұсыныстар: "АЭС-тағы авария" терминін бекіту ұсынылады.
| +7 |
11. | авария на магистральном трубопроводе | магистральды құбырдағы авария, магистрал құбырдағы авария | авария на магистральном трубопроводемагистральды құбырдағы авария, магистрал құбырдағы аварияСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Магистральды құбырдағы авария - техногендік төтенше жағдайдың туындауына әкеп соғатын химиялық немесе өрт-жарылыс қауіпті заттардың жоғары қысыммен шығарылуымен және төгілуімен байланысты құбырдағы авария. 2. Этимологиясы: магистраль (нем. Magistrale; лат. magistralis) - "үлкен", "негізгі". 3. Өзбек: magistral quvurda avariya 4. Түрік: ana boru hattında kaza 5. Ағылшын: accident on the main pipeline 6. Неміс: unfall an der Hauptleitung 7. Бекітілген нұсқасы: магистраль - магистраль (2018), магистральный трубопровод - магистралдық құбыржелі (2020) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1202 қаулысы. ... Магистральдық мұнай құбырлары... 9. Ұсыныстар: "магистральды құбырдағы авария" терминін қазақ тілі заңдылығына сәйкес "магистрал құбырдағы авария" бекіту ұсынылады.
| +1 |
12. | авария на подземном сооружении | жер асты құрылысындағы авария,
жерасты құрылысындағы авария | авария на подземном сооружениижер асты құрылысындағы авария,
жерасты құрылысындағы авария Саласы Этимологиясы Дефинициясы1. Жер асты құрылысындағы авария - жерасты шахтасында, тау-кен қазбасында, жерасты қоймасында, көлік туннелінде немесе рекреациялық үңгірде құрылыстардың кенеттен толық немесе ішінара бұзылуымен байланысты, олардағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын және (немесе) материалдық залалға әкеп соқтыратын қауіпті оқиға. 2. Этимологиясы: авария (итальян.avaria, франц. avarie) - "зақым". 3. Өзбек: er osti inshootidagi avariya 4. Түрік: yeraltı yapısında kaza 5. Ағылшын: an accident at an underground facility 6. Неміс: unfall auf unterirdischer Baustelle 7. Бекітілген нұсқасы: подземные воды - жерасты суы (2022), рубеж инженерных сооружений и заграждений - инженерлік құрылыстар мен бөгеттер шебі (2022) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1296 Қаулысы. ... 10) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (лық толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі; 11) жер асты ... 9. Ұсыныстар: "жерасты құрылысындағы авария" терминдік тіркес түрінде бекіту ұсынылады.
| +3 |
13. | авария на промышленных объектах | өнеркәсіп объектілеріндегі авария | авария на промышленных объектахөнеркәсіп объектілеріндегі авария Саласы Этимологиясы Дефинициясы1. Өнеркәсіп объектілеріндегі авария - өндірістік нысанда, техникалық жүйеде немесе өндірістік қондырғыда жұмыстың реттелген орындалуын тоқтататын кенеттен және күтпеген оқиға. 2. Этимологиясы: объект (лат.objectum) - "алға лақтыру","қарсы алу"; авария (итальян.avaria, франц. avarie) - "зақым". 3. Өзбек: sanoat ob'ektlarida avariya 4. Түрік: endüstriyel tesislerde kaza 5. Ағылшын: accident at industrial facilities 6. Неміс: unfall in Industriestandorten 7. Бекітілген нұсқасы: промышленная вода - өнеркәсіптік су (2022) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 75 қаулысы. ... объектілеріндегі елді мекендер шекараларының шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ... 9. Ұсыныстар: "өнеркәсіп объектілеріндегі авария" терминін бекіту ұсынылады.
| +7 |
14. | авиасанитарный отряд | авиасанитарлық жасақ | авиасанитарный отрядавиасанитарлық жасақСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Авиасанитарлық жасақ – санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған тактикалық міндеттерді орындауға арналған авиациялық бөлімше. 2. Этимологиясы: Авиа (латын. avis) - "құс", санитар (латын. sanitas) - "денсаулық"; отряд (орыс. отряжать) - "жасақтау, жасақ құру". 3. Өзбек: aviasanitariya otryadi 4. Түрік: hava sağlığı müfrezesi 5. Ағылшын: aviation sanitary unit 6. Неміс: luftwaffentruppe 7. Бекітілген нұсқасы: отряд пограничников - шекарашылар жасағы (2020), отряд - отряд (2020) 8. Заңнамадағы қолданысы: – 9. Ұсыныстар: жоғарыда берілген аудармаларды басшылыққа ала отырып, сондай-ақ бұрын бекітілген терминдерді ескере келе, "авиасанитарлық жасақ" нұсқасын қолдаймыз.
| +3 |
15. | авиационная катастрофа | авиациялық апат | авиационная катастрофаавиациялық апат Саласы Этимологиясы Дефинициясы1. Авиациялық апат - адамдардың қаза болуына немесе хабар-ошарсыз кетуіне, зардап шеккендерге дене жарақатын келтіруге, кеменің және онда тасымалданатын материалдық құндылықтардың бұзылуына немесе бүлінуіне әкеп соққан әуе кемесіндегі, ұшудағы немесе эвакуациялау процесіндегі қауіпті оқиға. 2. Этимологиясы: авиация (еж. үндіеур. awi; лат. avi; фр. aviation) - "құс". 3. Өзбек: aviatsiya halokati 4. Түрік: havacılık kazası 5. Ағылшын: aviation disaster 6. Неміс: Flugzeugabsturz 7. Бекітілген нұсқасы: авиационная поддержка - авиациялық қолдау (2020) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 334 қаулысы. ... авиациялық іздестіру-құтқару қызметтері ... ... апатқа ұшырау жағдайындағы адамдар үшін ... 9. Ұсыныстар: "авиациялық апат" терминдік тіркесі заңнамалық құжатта кездеспеді, жеке термин ретінде қолданыста бар. Басқа тілдегі қолданысты ескере отырып, "авиациялық апат" терминін бекіту ұсынылады.
| +5 |
16. | автоматическая пожарная сигнализация | автоматты өрт сөндіру сигнализациясы,
автоматтық өрт сөндіру сигнализациясы,
автоматты өрт сөндіру дабылы | автоматическая пожарная сигнализация автоматты өрт сөндіру сигнализациясы,
автоматтық өрт сөндіру сигнализациясы,
автоматты өрт сөндіру дабылы Саласы Этимологиясы Дефинициясы1. Автоматты өрт сөндіру сигнализациясы, автоматтық өрт сөндіру сигнализациясы – басқару аспаптары мен шлейфтердің жиынтығы-өрт хабарлағыштары орнатылған оларды қосатын коммуникациялық кабельдік желілер (немесе сымсыз байланыс құрылғылары). 2. Этимологиясы: автомат (гр. automatos) - "өздігінен әрекет ететін", сигнализация (лат. signāle, signum) - «белгі". 3. Өзбек: avtomatik yong'in signalizatsiyasi 4. Түрік: otomatik yangın alarmı 5. Ағылшын: automatic fire alarm system 6. Неміс: automatischer Feueralarm 7. Бекітілген нұсқасы: автоматическая игла - автоматты ине (2021), водопровод пожарный - өрт сөндіру суқұбыры (2021), предупреждающая сигнализация - ескерту дабылы (байланыс) (2007) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 228 қаулысы. ... техникалық құралдарды (күзет және өрт сигнализациясы ... 9. Ұсыныстар: "автоматты өрт сөндіру сигнализациясы" немесе "автоматты өрт сөндіру дабылы" деп бекіту ұсынылады.
| +1 |
17. | автоматическая пожарная сигнализация и система оповещения | автоматтандырылған өрт сөндіру сигнализациясы мен құлақтандыру жүйесі, автоматтық өрт сөндіру сигнализациясы мен құлақтандыру жүйесі | автоматическая пожарная сигнализация и система оповещенияавтоматтандырылған өрт сөндіру сигнализациясы мен құлақтандыру жүйесі, автоматтық өрт сөндіру сигнализациясы мен құлақтандыру жүйесіСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Автоматтандырылған өрт сөндіру сигнализациясы мен құлақтандыру жүйесі - өрттің шығу көзін (өрт дабылы) анықтауға мүмкіндік беретін аппаратураны, сөйлеуді ескертуді автоматты түрде қосу құрылғысын, өрт сөндіру жүйесін, түтін шығаруды және кіруді бақылау және басқару жүйесіне (СКУД) және лифт шаруашылығына басқару сигналдарын беруді қамтитын және күзетілетін аумақта өрт туралы ақпаратты белгілі бір түрде алатын, өңдейтін, беретін және тұжырымдайтын жүйе. 2. Этимологиясы: автомат (гр. automatos) - "өздігінен әрекет ететін", сигнализация (лат. signāle, signum) - «белгі". 3. Өзбек: avtomatik yong'in signalizatsiyasi va ogohlantirish tizimi 4. Түрік: otomatik yangın alarmı ve uyarı sistemi 5. Ағылшын: automatic fire alarm and warning system 6. Неміс: automatische Brandmeldeanlage und Alarmsystem 7. Бекітілген нұсқасы: предупреждающая сигнализация - ескерту дабылы (байланыс) (2007), автоматическая игла - автоматты ине (2021), водопровод пожарный - өрт сөндіру суқұбыры (2021), система оповещения гражданской защиты - азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі (2022) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 228 қаулысы. ... (күзет және өрт сигнализациясы ...
Қарағанды облысының әкімдігінің 2024 жылғы 7 наурыздағы № 14/01 қаулысы. ... "Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ... 9. Ұсыныстар: "автоматтандырылған өрт сөндіру сигнализациясы мен құлақтандыру жүйесі" немесе "автоматтандырылған өрт сөндіру дабылы мен құлақтандыру жүйесі" деп бекіту ұсынылады.
| -5 |
18. | автоматическая система газового пожаротушения | автоматтандырылған газды өрт сөндірудің жүйесі,
газды өрт сөндірудің автоматтық жүйесі,
газбен өрт сөндірудің автоматтық жүйесі, | автоматическая система газового пожаротушенияавтоматтандырылған газды өрт сөндірудің жүйесі,
газды өрт сөндірудің автоматтық жүйесі,
газбен өрт сөндірудің автоматтық жүйесі, Саласы Этимологиясы Дефинициясы1. Автоматтандырылған газды өрт сөндірудің жүйесі, газды өрт сөндірудің автоматтық жүйесі - өртпен күресу үшін газды өрт сөндіру құрамдарын пайдаланатын жабдықтар жиынтығының (сұйытылған газдар (СО2, хладондар) және сығылған газдар (инерген, аргонит, азот, аргон) автоматтандырылған жүйесі. 2. Этимологиясы: газ - (нидерл. gas, еж. грек. háos) - "хаос". 3. Өзбек: avtomatik gazni o'chirish tizimi 4. Түрік: otomatik gazlı yangın söndürme sistemi 5. Ағылшын: automatic gas fire extinguishing system 6. Неміс: automatische Gasfeuerlöschanlage 7. Бекітілген нұсқасы: автоматическая система газового пожаротушение - газбен өрт сөндірудің автоматтық жүйесі (өртке қарсы қызм.) (1999) 8. Заңнамадағы қолданысы: – 9. Ұсыныстар: 1999 жылы бекітілген нұсқаны, қазақ тілі заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, "газбен өрт сөндірудің автоматтық жүйесі" немесе "газды өрт сөндірудің автоматтық жүйесі" термин тіркесін бекіту ұсынылады.
| -7 |
19. | автоматическая система дренчерного пожаротушения | автоматтандырылған дренчерлік өрт сөндіру жүйесі, дренчерлік өрт сөндірудің автоматтық жүйесі, дренчерлі өрт сөндірудің автоматтық жүйесі | автоматическая система дренчерного пожаротушенияавтоматтандырылған дренчерлік өрт сөндіру жүйесі, дренчерлік өрт сөндірудің автоматтық жүйесі, дренчерлі өрт сөндірудің автоматтық жүйесіСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Автоматтандырылған дренчерлік өрт сөндіру жүйесі, дренчерлік өрт сөндірудің автоматтық жүйесі - өрт ошақтарын жою және өртті оқшаулайтын, өрттің одан әрі таралуына жол бермейтін, су пердесін жасау үшін пайдаланылатын автоматтық жүйе. 2. Этимологиясы: дренчер (ағылш. drench) - "суару". 3. Өзбек: avtomatik drenaj yong'inni o'chirish tizimi 4. Түрік: otomatik drenaj yangın söndürme sistemi 5. Ағылшын: automatic drencher fire extinguishing system 6. Неміс: automatische Entwässerungsfeuerlöschanlage 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Заңнамадағы қолданысы: – 9. Ұсыныстар: қазақ тіліндегі сөз тіркесі байланысының ерекшеліктерін ескере отырып, "дренчерлі өрт сөндірудің автоматтық жүйесі" терминін бекіту ұсынылады.
| -9 |
20. | автоматическая система контроля | автоматтандырылған бақылау жүйесі, автоматтық бақылау жүйесі, автоматты бақылау жүйесі (2015) | автоматическая система контроляавтоматтандырылған бақылау жүйесі, автоматтық бақылау жүйесі, автоматты бақылау жүйесі (2015)Саласы Этимологиясы Дефинициясы1. Автоматтандырылған бақылау жүйесі, автоматтық бақылау жүйесі - шығарындылар және (немесе) төгінділер көрсеткіштерін автоматты өлшеуді және есепке алуды, осы көрсеткіштер туралы ақпаратты қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілердің мемлекеттік тізіліміне тіркеуді және беруді қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: avtomatik bahilau juyesi 4. Түрік: otomatik kontrol sistemi 5. Ағылшын: automatic control system 6. Неміс: automatisches Kontrollsystem 7. Бекітілген нұсқасы: автоматическая система контроля - автоматты бақылау жүйесі
(2015) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығы. ... автоматты бақылауды жүзеге ... 9. Ұсыныстар: 2015 жылы бекітілген "автоматты бақылау жүйесі" термині болғандықтан, күн тәртібінен алып тастау ұсынылады.
| +1 |
21. | автоматическая система пенного пожаротушения | автоматтандырылған көбікті өрт сөндіру жүйесі, көбікпен өрт сөндірудің автоматтық жүйесі (1999) | автоматическая система пенного пожаротушенияавтоматтандырылған көбікті өрт сөндіру жүйесі, көбікпен өрт сөндірудің автоматтық жүйесі (1999)Саласы Этимологиясы Дефинициясы1. Автоматтандырылған көбікті өрт сөндіру жүйесі, көбікпен өрт сөндірудің автоматтық жүйесі - белсенді зат ретінде көбікті қолдана отырып, өрт
ошағын оқшаулаудың автоматтық жүйесі. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: avtomatik ko'pikli yong'inga qarshi tizimі, avtomatik ko'pikli yong'inni o'chirish tizimi 4. Түрік: otomatik köpük yangın söndürme sistemi 5. Ағылшын: automatic foam fire extinguishing system 6. Неміс: automatisches Schaumlöschsystem 7. Бекітілген нұсқасы: автоматическая система пенного пожаротушения - көбікпен өрт сөндірудің автоматтық жүйесі (1999) 8. Заңнамадағы қолданысы: – 9. Ұсыныстар: 1999 жылы бекітілген "көбікпен өрт сөндірудің автоматтық жүйесі" нұсқасын немесе "көбікті өрт сөндірудің автоматтық жүйесі" терминдік тіркесін бекіту ұсынылады.
| -5 |
22. | автоматическая система порошкового пожаротушения | автоматтандырылған ұнтақты өрт сөндіру жүйесі, ұнтақты өрт сөндірудің автоматтық жүйесі | автоматическая система порошкового пожаротушенияавтоматтандырылған ұнтақты өрт сөндіру жүйесі, ұнтақты өрт сөндірудің автоматтық жүйесіСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Автоматтандырылған ұнтақты өрт сөндіру жүйесі, ұнтақты өрт сөндірудің автоматтық жүйесі - ұсақ ұнтақталған минералдармен, арнайы қоспалары бар ұнтақтармен жабдықталған өрт сөндірудің автоматтық жүйесі. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: avtomatik kukunli yong'inga qarshi tizim, 4. Түрік: otomatik toz yangın söndürme sistemi 5. Ағылшын: automatic powder fire extinguishing system 6. Неміс: automatisches Pulverlöschsystem 7. Бекітілген нұсқасы: автоматическая система порошкового пожаротушения - ұнтақпен өрт сөндірудің автоматтық жүйесі(өртке қарсы қызм.) (1999) 8. Заңнамадағы қолданысы: – 9. Ұсыныстар: 1999 жылы бекітілген "ұнтақпен өрт сөндірудің автоматтық жүйесі" терминін қалдыру немесе "ұнтақты өрт сөндірудің автоматтық жүйесі" терминін бекіту ұсынылады.
| -9 |
23. | автоматическая система спринклерного пожаротушения | автоматтандырылған спринклерлік өрт сөндіру жүйесі, спринклерлік өрт сөндірудің автоматтық жүйесі, спринклерлі өрт сөндірудің автоматтық жүйесі | автоматическая система спринклерного пожаротушенияавтоматтандырылған спринклерлік өрт сөндіру жүйесі, спринклерлік өрт сөндірудің автоматтық жүйесі, спринклерлі өрт сөндірудің автоматтық жүйесіСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Автоматтандырылған спринклерлік өрт сөндіру жүйесі, спринклерлік өрт сөндірудің автоматтық жүйесі – спринклер деп аталатын арнайы құрылғылардан тұратын өрттен қорғау құралдарының автоматтық жүйесі. Негізгі мақсаты-өрт сөндіргіш затты үлкен қысыммен бүрку. 2. Этимологиясы: спринклер (ағылш. sprinkler) - "шашыратқыш", "бүркігіш" 3. Өзбек: avtomatlashtirilgan sprinkler yong'inni o'chirish tizimi, avtomatik sprinkler yong'inni o'chirish tizimi 4. Түрік: otomatik yangın söndürme sprinkler sistemi, otomatik yağmurlama yangın söndürme sistemi 5. Ағылшын: automatic sprinkler fire extinguishing system 6. Неміс: automatisches Sprinkler-Löschsystem 7. Бекітілген нұсқасы: автоматическая система спринклерного пожаротушение - спринклерлік өрт сөндірудің автоматтық жүйесі (өртке қарсы қызм.) (1999) 8. Заңнамадағы қолданысы: – 9. Ұсыныстар: бұған дейін бекітілген "спринклерлік өрт сөндірудің автоматтық жүйесі" терминін қайта бекіту немесе "спринклерлі өрт сөндірудің автоматтық жүйесі" терминін бекіту ұсынылады.
| -7 |
24. | автомобиль аэродромный пожарный | аэродромдық өрт сөндіру автомобилі | автомобиль аэродромный пожарныйаэродромдық өрт сөндіру автомобиліСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Аэродромдық өрт сөндіру автомобилі – ұшақтар мен тікұшақтардағы өртті сөндіруді, апатқа ұшыраған ұшақтардан жолаушылар мен экипаж мүшелерін эвакуациялау бойынша жұмыстарды жүргізуді, сондай-ақ әуежайлар ауданындағы объектілердегі өртті сөндіруді қамтамасыз ететін құтқару қызметіне арналған көлік. 2. Этимологиясы: автомобиль (көне грек. α’υτός) - "өзі", (латын. mobilis) - "жылжымалы", аэродром (көне грек. ἀήρ) - "ауа", δρόμος - "жол". 3. Өзбек: avtomobil aerodrom o't o'chiruvchisi 4. Түрік: havaalanı itfaiyecisi arabası 5. Ағылшын: airfield fire truck 6. Неміс: fahrzeug der flugplatz-feuerwehr 7. Бекітілген нұсқасы: беспилотный автомобиль - жүргізушісіз автомобиль (2021) 8. Заңнамадағы қолданысы: – 9. Ұсыныстар: жоғарыда берілген аудармаларды басшылыққа ала отырып, сондай-ақ бұрын бекітілген терминдерді ескере келе, "аэродромдық өрт сөндіру автомобилі" нұсқасын қолдаймыз.
| +5 |
25. | автомобиль газодымазащитный службы | газ-түтіннен қорғау қызметінің автомобилі | автомобиль газодымазащитный службыгаз-түтіннен қорғау қызметінің автомобиліСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Газ-түтіннен қорғау қызметінің автомобилі – газдану және түтіндеу жағдайында жұмыстарды жүргізу үшін агрегаттармен және өрт-техникалық қару-жарақпен жабдықталған өрт сөндіру автокөлігі. 2. Этимологиясы: Автомобиль (көне грек. α’υτός) - "өзі", (латын. mobilis) - "жылжымалы"; газдымозащитный (көне грек. χάος) - "ретсіз, тәртіпсіз, бей-берекет", дым (үндіеуропа. dhumas) - "түтін", защитный (орыс. за) - "шеттілдік префикс", щить - "қалқан". 3. Өзбек: gaz va tutunni himoya qilish xizmati avtomobili 4. Түрік: gaz koruma hizmetinin aracı 5. Ағылшын: gas and smoke protection service vehicle 6. Неміс: fahrzeug des gasschutzdienstes 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Заңнамадағы қолданысы: – 9. Ұсыныстар: жоғарыда берілген аудармаларды басшылыққа ала отырып, "газ-түтіннен қорғау қызметінің автомобилі" нұсқасын қолдаймыз.
| +9 |
26. | автомобиль пожарно-спасательный | өрт сөндіру-құтқару автомобилі | автомобиль пожарно-спасательныйөрт сөндіру-құтқару автомобиліСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Өрт сөндіру-құтқару автомобилі – өрт сорғысымен, сұйық өрт сөндіргіш заттарды сақтауға арналған сыйымдылықтармен және оларды беру құралдарымен, генератормен, өрт-техникалық қару-жарақтың кеңейтілген жиынтығымен жабдықталған және жеке құрамды, өрт-техникалық қару-жарақ пен жабдықты өрт (авария) орнына жеткізуге, сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған өрт сөндіру автомобилі. 2. Этимологиясы: автомобиль (көне грек. α’υτός) - "өзі", (латын. mobilis) - "жылжымалы". 3. Өзбек: автомобиль пожарно-спасательный 4. Түрік: yangın ve kurtarma aracı 5. Ағылшын: fire and rescue vehicle 6. Неміс: feuerwehr-rettungswagen 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Заңнамадағы қолданысы: – 9. Ұсыныстар: жоғарыда берілген аудармаларды басшылыққа ала отырып, сондай-ақ бұрын бекітілген терминдерді ескере келе, "өрт сөндіру-құтқару автомобилі" нұсқасын қолдаймыз.
| +9 |
27. | автомобиль пожарный пенно-порошкового тушения | көбік-ұнтақты өрт сөндіру автомобилі | автомобиль пожарный пенно-порошкового тушениякөбік-ұнтақты өрт сөндіру автомобилі Саласы Этимологиясы Дефинициясы1. Көбік-ұнтақты өрт сөндіру автомобилі – өрт сөндіргіш ұнтақты сақтауға арналған ыдыспен, газы бар баллондармен немесе компрессорлық қондырғымен, лафеттік және қол оқпандарымен, көбік түзгішті сақтауға арналған бір немесе бірнеше сыйымдылықпен, коммуникацияларды байлайтын өрт сорғысымен және көбік түзгішті мөлшерлеуге арналған құрылғымен жабдықталған және өрт орнына жеке құрамды, өрт-техникалық қару-жарақ пен жабдықты жеткізуге арналған өрт сөндіру автомобилі. 2. Этимологиясы: автомобиль (еж. гр. α ατός, лат. mobilis) - "өзі" + "жылжымалы, жылдам" 3. Өзбек: ko'pikli kukunli söndürme mashinasi o't o'chiruvchisi 4. Түрік: köpük ve toz söndürme itfaiyecisi arabası 5. Ағылшын: foam powder extinguishing fire truck 6. Неміс: löschfahrzeug der Feuerwehr Schaumpulver löschen 7. Бекітілген нұсқасы: автомобиль пожарной пенно-порошкового тушения - көбік-ұнтақты өрт сөндіргіш (өртке қарсы қызм.) (1999) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 888 бұйрығы.
... ұнтақты және ауа-көбікті өрт сөндіргіштердің жұмысының мақсаты ... 9. Ұсыныстар: өртке қарсы қызмет саласында бұған дейін бекітілген "көбік-ұнтақты өрт сөндіргіш" терминін редакциялап, "көбік-ұнтақты өрт сөндіру автомобилі" деп бекіту ұсынылады.
| -7 |
28. | автомобиль пожарный с порошковой установкой пожаротушения | ұнтақты өрт сөндіру қондырғысы бар өрт сөндіру автомобилі, ұнтақты өрт сөндіру қондырғылы өрт сөндіргіш автомобиль | автомобиль пожарный с порошковой установкой пожаротушенияұнтақты өрт сөндіру қондырғысы бар өрт сөндіру автомобилі, ұнтақты өрт сөндіру қондырғылы өрт сөндіргіш автомобиль Саласы Этимологиясы Дефинициясы1. Ұнтақты өрт сөндіру қондырғылы өрт сөндіру автомобилі – жүк көлігінің шассиіне орнатылған және ұнтақ ыдыстары, сығылған газ көзі, құбырларды қосу жүйелері, бекіту және реттеу арматурасы, лафеттік және қол оқпандары, бақылау аспаптары бар автомобиль түрі. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: kukunli o't o'chirish moslamasi bilan o't o'chiruvchi mashina 4. Түрік: toz yangınla mücadele tesisi olan itfaiyeci arabası 5. Ағылшын: car repair with repair 6. Неміс: löschfahrzeug mit pulverförmigem Löschfahrzeug 7. Бекітілген нұсқасы: автомобиль пожарной пенно-порошкового тушения - көбік-ұнтақты өрт сөндіргіш (өртке қарсы қызм.) (1999) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 429 бұйрығы. ... мақсаттағы (газдық-су (бу шығару)) өрт сөндіру автомобилі ... 9. Ұсыныстар: "ұнтақты өрт сөндіру қондырғысы бар өрт сөндіру автомобилі" терминін редакциялап, "ұнтақты өрт сөндіру қондырғылы өрт сөндіргіш автомобиль" деп бекіту ұсынылады.
| +5 |
29. | автомобиль пожарный с углекислотный установкой пожаротушения | өрт сөндіруге арналған көмірқышқылдық қондырғысы бар өрт сөндіру автомобилі, өрт сөндіруге арналған көмірқышқылдық қондырғылы өрт сөндіргіш автомобиль | автомобиль пожарный с углекислотный установкой пожаротушенияөрт сөндіруге арналған көмірқышқылдық қондырғысы бар өрт сөндіру автомобилі, өрт сөндіруге арналған көмірқышқылдық қондырғылы өрт сөндіргіш автомобильСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Өрт сөндіруге арналған көмірқышқылдық қондырғысы бар өрт сөндіру автомобилі - сұйық көмірқышқыл газының заряды бар, қаныққан булардың қысымында болатын, жоғары қысымды айдау, газды орта мен жану аймағын араластырып салқындату арқылы жұмыс атқаратын автомобиль түрі. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: karbonat angidrid yong'in o'chirish tizimiga ega o't o'chirish mashinasi 4. Түрік: yangını söndürmek için karbondioksit tesisine sahip itfaiye aracı 5. Ағылшын: fire truck with carbon dioxide installation for fire extinguishing 6. Неміс: löschfahrzeug mit Kohlendioxid-Löschanlage 7. Бекітілген нұсқасы: углекислый газ - көмірқышқыл газ (2023) 8. Заңнамадағы қолданысы: – 9. Ұсыныстар: "өрт сөндіруге арналған көмірқышқылдық қондырғылы өрт сөндіргіш автомобиль" термині ұсынылады.
| -9 |
30. | автоокисление | өздігінен қышқылдану, автототығу | автоокислениеөздігінен қышқылдану, автототығуСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Өздігінен қышқылдану – органикалық қосылыстардың ауадағы оттегімен өздігінен тотығуы. 2. Этимологиясы: Автоокисление (көне грек. αὐτός) - "өзі, өздігінен", (орыс. окислять) - "қышқылдандыру, тотықтандыру". 3. Өзбек: avtomatik oksidlanish 4. Түрік: otomatik oksidasyon 5. Ағылшын: auto-oxidation 6. Неміс: autooxidation 7. Бекітілген нұсқасы: автохронометраж - автохронометраж (2023), окислитель - тотықтырғыш (2023) 8. Заңнамадағы қолданысы: – 9. Ұсыныстар: жоғарыда берілген аудармаларды басшылыққа ала отырып, сондай-ақ бұрын бекітілген терминдерді ескере келе, "автототығу" нұсқасын қолдаймыз.
| +1 |