Ас мәзірінде жиі кездесетін қателердің бір легі мынау: етпен пицца, ірімшікпен пісірілген баялды, пиде етпен т.б. Етпен сөзі “с мясом” формасын калькалау арқылы жасалған.
Сондықтан келесі нұсқаларды ұсынамын: етті Толығырақ ... оливье, ірімшікті баялды, етті пицца, саңырауқұлақ пиццасы, ет пиде т.б.
Бұл атаулар келесі терминжасам жолы арқылы ұсынылған:
1)-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ: бір нәрсенің бар екендігін білдіретін қосымша арқылы жасалған.
2)ілік септігінің 2-ші изафеттік құрылымы арқылы жасалған;
3) ілік септігінің 3-ші изафеттік құрылымы арқылы жасалған.
Обсуждение
Библиография

Бұл ұсынысыңызды қолдаймын!
Қолдаймын, дұрыс ұсыныс.
Етті орама – Рулет с мясом (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет)
Етті қаусырма – Пирог с мясом (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет)