"
Ас мәзірін қазақшалау - күн тәртібінде тұрған өткір мәселелердің қатарында. Мәселен, «рассольник" деген тағам бар. Менің ойымша, барлық көже атауларының жанына сорпа деген сөзді тіркестіру қажет. "Рассольникті» тұздықты сорпа деп аударуды ұсынамын.
Abdikarim, Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
  • Рассольник – тұздықты көже – rassolnik (soup with pickled cucumber). Дереккөз: Рахимбердиева Б.М. Р 24 Тағамтану сөздігі. – Алматы: «Ой-сана» баспасы, 2013. –216 бет. Орысша-қазақша-ағылшынша (Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат Толығырақ ...министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында шығарылды)

    Сорпа мен көже бірдей тағам емес. Сорпа – бульон (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет), көже – суп (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет), тұздықты көже – рассольник (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет), үй тұздықты көжесі – рассольник по-домашнему (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет). Дереккөз: https://termincom.kz

    Көже – зат. 1. тамақ. Еттен, ұннан, дәнді дақылдардан сұйық етіп пісірілген ас. Кеспе к ө ж е күн батқанша, Бидай к ө ж е ел жатқанша, Тары көже таң атқанша (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.). Байдың малына сатылып бір, к ө ж е с і н е сатылып екі адасасыңдар (М.Дулатов, Шығ.). Зар жылап түрдым шөптің төбесінде Үрлеймін тырна ымның көбесіне. Басыма көп бәлені іздеп алдым, Тоям деп залым байдың к ө ж е с і н е (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 2. Тамақ, азық. Біледі жайын бар үйдің, Секілді бәрі мойнында. К ө ж е с і болса сәбидің, Көңілі де оның орнында (С.Жиенбаев, Алтын қалам). 3. ауыс. Былық, былапыт. Әділбек ана екеуінің аузынан шыққан сөзді қағыс жібермей, бір нәрсе түсінуге тырысады. Әрі-беріден соң миы к ө ж е болып кеткендей (З.Шүкіров, Қиын түйін). Дереккөз: Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 8 - том / Құраст.: Қ. Күдеринова, О.Жұбаева, М. Жолшаева және т.б. - Алматы, 2011. - 744 б.

    Сорпа – суға қайнап піскен еттің сөлі шыққан сұйық тамақ. Аспазшылар ас әкелді. Май, ботқа, с о р п а исі аңқып кетті (М.Жұмабаев, Шығ.). Қойшыға да ұстатты сүйек-саяқ Ет артынан с о р п а ішті бірер аяқ. Бата қылып, қол жуып болысымен Еңлік атты ерттеді айтқызбай-ақ (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Оның есесіне қысты күні с о р п а ғ а, көжеге, сарқасқа қылып құрт езіп тойып алса, қора ішіне кемзелшең, көйлекшең шыққанда бойы қыз-қыз қайнап жүреді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Дереккөз: Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 13-том / Құраст. А. Фазылжанова, Н. Оңғарбаева, Қ. Ғабитханұлы және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.