"
«Ақпараттық білім беру ортасы" сөзінде сызықша болады ма?
Кейбір жерлерде бар, кейбірінде жоқ
"Информационно-образовательная среда» орысшасы
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова, Abdikarim, Құлманов Сәрсенбай Қуантайұлы
  • Сәлеметсіз бе, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіндегі қолданысы: ақпараттық-білім беру ортасы.

    Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 20 қаңтардағы "Жоғары және (немесе) Толығырақ ...жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы № 23 бұйрығының 61-тармағында «*ақпараттық-білім беру ресурстарының жиынтығын қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру орта» деп жазылған және 2001 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында «*Ақпараттық-бiлiм беру ортасын құру» деген қолданысы бар.

  • Дамира 3 жыл бұрын

    рақмет үлкен!

  • Abdikarim 3 жыл бұрын

    Дамира, сұрағыңыз үшін рақмет! Ал оған дәйекті түрде жауап берген Ерболат Ғалымжанұлына алғыс айтамыз. «Ақпараттық білім беру ортасы" тіркесінің кейде дефиспен, кейде онсыз жазылуы қазақ тілінің тіркесім заңдылығына қайшы келіп Толығырақ ...тұруымен байланысты. Ақпараттық білім беру - анықтауыштық қатынастағы тіркес, сондықтан олардың арасына дефис қойылмайды; және де әртүрлі сөз табының қосарлануы қазақ тіліне жат құбылыс. Сондықтан бұл ұғымның нені білдіретіндігін сараптап алғанымыз жөн. Орыс тіліндегі еңбектерде бұл ұғым қайдан бастау алатындығын былайша түсіндіріледі: "... информатизация образования, обусловленная глобальными изменениями..." Ендеше жоғарыдағы екі нұсқаның екеуі де дұрыс емес, оны "ақпараттандыру-білім беру ортасы" деп аударған жөн деген ойдамыз. Осындай даулы мәселелер болса, ортаға салып, пікір қалдырып тұруларыңызды сұраймыз.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.