1. Гид – жолбасшы
Гид - француз тілінен енген кірме сөз. Француз тілінде «guide» сөзі «бастаушы» деген мағынаны білдіреді. Қазақ тілінде «жолбасшы» деген мағынаға саяды. Гидтің негізгі қызметі Толығырақ ...туристерге түрлі саяхаттарды ұйымдастырып таныстыру, көшті бастап жол көрсету болғандықтан, «жолбасшы» сөзі мағына жағынан да, сөздің шығу тарихы жағынан да сәйкес келеді.
2. Экскурсия – сапар
«Экскурсия» сөзі латын тілінде «excurrere» сөзінен алынған, «жүгіріп шығу» деген мағынаны білдіреді.
3. Экскурсовод – сапар жүргізуші
Сапар барысында белгілі бір объектке қатысты кез келген мәлімет бере алатын адамды экскурсовод дейміз.
4. Указка – сілтеуіш
Экскурсоводтар белгілі бір объектіні туристерге таныстыру мақсатында қолданатын құрылғы. Орыс тіліндегі «указать» сөзі «көрсету», «нұсқау» деген мағынада қолданылады. Дегенмен объектіні сілтеп көрсеткендіктен «сілтеуіш» сөзі дұрыс балама болады.
5. Экскурсант – сапар қатысушысы
6. Витрина – көрме-сөре
Негізгі көрсетілетін заттар қойылған арнайы сөре.
7. Этикетаж – таңбалау
8. Плакат – суретті мәтін
«Плакат» сөзі француздың «рlасаrd» сөзінен енген, тура аудармасы «хабарландыру» деген мағынаны білдіреді. Дегенмен, қазіргі кезде плакатта тек мәтін емес, түрлі түсті бояулар, суреттер болғандықтан қазақша «суретті мәтін» баламасы дұрыс келеді.
9. Микрофон – дыбыстатқыш
10. Виза – рұқсатнама белгі
11. Этнография – халық жазбасы
Alań
Maqalalar
Kitaptar
Bıblıografıa
