"
ЕРКЕКТІҢ ЕГІЗІ БОЛА МА?

Екі жыл бұрын «Айқын» газетінде Тұрсынмәмет НҮСІПХАНҰЛЫ деген тілші
Қостанай облысынан «ЕЛБАСЫ ЕЛДЕГІ «ЕГІЗІМЕН» КЕЗДЕСТІ» деген Толығырақ ...тақырыппен мақаласын жариялапты. Мен президентте қайдан егіз бала бола қойды екен деп ойлап қалдым. Бақсам, тілшінің айтып отырғаны «двойник» жөніндегі әңгіме екен. Алайда, біздің жариашымыз егіздің біреуі екіншісіне «сыңар» болатынын білмей, орысша мағынасындағы «близнец/близняшка» ұғымын тікелей «егізбен» алмастыра салған.Жалпы бұл қате кәзіргі қазақ журналистерінің көбіне ортақ.
Қатені жіберген тілші үшін де, редакция үшін де мынадай лингвистикалық сауаттандыру жасауға тура келді: «егіз» дегеніміз - дүниеге екі адамның бір анадан туылуы. Мұндай «егіздету» саны 3-тен жоғарылағанда, бұл туыстықты үшем, төртем, бесем... деп кете береді. Ал, бұларды жалқылай алғанда қазақша «сыңар» деп атайды, ал ол ұғым орыс тіліндегі нұсқасы «близнецпен» айтыла береді. Қысқасы, қазақ тілінде бір анадан (енеден) туған бірнеше адамға,айуанға қатысты жалпылап: егіз және N+«ем» (мұндағы N=3,4,5...) сөздерімен берілсе, олардың жіктеп, жекелей алғанда, «сыңар» сөзін қолданады. Сыңар сөзі «жұп» ұғымына да қатысты айтылады.Орыс тілінде «жұп» ұғымының сыңарын да «пара» («Моя пара») деп айта береді, оларда жекелей ұғымға арналған сөз жоқ.
Алайда, СЫҢАР деп бір бірінен ажыратуға болмайтын жағдайға қатысты мағынадағы ұғымдар айтылады. Егіздің сыңарындай, «жұп» сөзінен жұбай туындайды. Сондықтан біреу өзінің «егізімен» кездесті десек, ол егіз бала туып алған екен деп қалуға болады. Ал, шындығында «двойниктің» қазақша баламасы болуы керек, оны тілімізден ышқына іздесек, табылары сөзсіз. Бірақ «двойник» - егіз де, сыңар да емес. Мәселен «Егіз лебіз» шоуындағы жұптарды жеке алғанда «сыңар» деуге болады.
Терминологияда да «двойник» ұғымы бар, оны жасанды «телқосақ» сөзімен берген, алайда «телу» етістігі мен «қосақты» қосқанда «двойник» шыға қоймайды,себебі, двойниктің басты рөлі бір біріне ұқсау немесе бір қызметті бірігіп атқару және оның саны екеуден көп болуы мүмкін. Адамға қатысты «двойниктерді» телқосақ атау ерсі.
Негізінде белгілі бір негізгі ортақ кейіпке қатысты мағынаны қазақ тілінде -лас, -лес, -тас, -тес жұрнақтары арқылы беріледі: көрші+лес, қоңсы+лас, ат+тас, көңіл+дес, жер+лес, СЫҢАР+ЛАС ... Ендеше «двоиниктің» баламасын «сыңарЛАС» деуге әбден болады, себебі, «двойник» туа бітті сыңар болмағасын жай ғана сыңарлас, яғни ұқсас әрі бір функцияны ортақ атқаратын нәрсені білдіреді. Демек оны басқа терминге де қолдану мүмкіндігі зор.

С.ЕРҒАЛИ
Бақытгүл Ысқақова, Итеғұлова Сая Ағанасқызы
  • Дұрыс айтасыз. Ойыңызды өте жақсы дәлелдеп шығыпсыз

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.