"
аборт деген сөздің аудармасын түсік деп жазып жүргендер бар , бұл атау дұрыс емес деп ойлаймын.
Түсік ол табиғи және жасанды болатындықтан.
Табиғи түсік және Жасанды түсік (аборт) деп бөлген дұрыс шығар.
Аружан Аль-Айдар, Ai-kerim Qojahmet
  • 1927 жылы Н. Қаратышқанұлының құрастыруымен «Пән сөздері» деген атаумен жарық көрген терминдер жинағында «аборт» сөзі «бала түсіру» түрінде берілген екен. «Аборт» терминін 2005 жылы медицина саласында «түсік» ретінде, ауыл шаруашылығы Толығырақ ...саласында 2015 жылы «іш тастау» (малда) түрінде қабылданған. Бірақ бірқатар ғалымдар «аборт» терминін «аборт» ретінде қалдыру туралы пікірлерін айтып, уәждерін келтірді. Осының нәтижесінде бұл термин 2018 жылы қазақ тілінде «аборт» қалпында бекітілді.
    Алмажанның ұсынысына келер болсақ, жалпы медициналық еңбектерде «аборт естественный - табиғи түсік», «аборт искусственный - жасанды түсік» түрінде қолданылып жүр.

  • Ахметов Мұхамбедия 5 жыл бұрын

    Аборттың қазақшасы түсік деп берілген. Латынша abortus – процесс прерывания беременности, ал түсік – недоносок (преждевременно рожденный плод), сондықтан аборт – түсік түсу, түсік тастау болу керек (если процесс самопроизвольный) Толығырақ ...немесе түсік түсіру, түсік тастату болу керек еді (если процесс совершен насильственно).
    Медициналық сөздіктерден неполный аборт – толықсыз түсік, несостоявщийся аборт – кешікті түсік деп аударғанды көргенде бұл қандай қазақша болды екен дейсің. Ал криминальный аборт – қылмысты түсік деп жазылып жүр, бір сөздікте астыртын түсік деп берілген. Осыларды оқығанда, өзі өлі, тіпті кеудесінде жаны бар болған күнде де түсіп қалған шарана, яғни, түсік, яғни, жаңағы недоносок нендей астыртын қылмыс жасап қойды екен деген ойға қаласың. Мысалы, “у вас угрожающий аборт” дегенді қазаққа айту үшін біздің медициналық сөздіктерге сүйенсеңіз – “сізде қауіпті түсік бар” деп іштегі ұрықты қылмыскерге теңеп сақау қазақша шығарған болар едіңіз. Дұрысы – сізде түсік түсу қаупі бар деу керек қой. Бұл, тек қана аборттың айналасынан алынған бірер мысал. Осы сияқты қателіктер қазақша медициналық сөздіктерде толып жатыр.

  • Ахметов Мұхамбедия 5 жыл бұрын

    Менің мына сөздіктерімнен іздеп көріңіздер... Осы Termincom.kz фото деген жерге салғам,Фейсбук парақшамнан да іздеңіз...

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Внимание! Чтобы оставить сообщение, надо войти в сайт.