Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысымен дайындалған 30 томдық қазақша-орысша, орысша-қазақша салалық ғылыми терминологиялық сөздіктер топтамасында «эквивалентность» термині «эквиваленттік» Толығырақ ...түрінде қолданылған екен.
Сұрағыңызға жауап бермес бұрын алдымен «эквивалент» терминінің дефинициясын ашып алсақ деймін. Ол латын тіліндегі «aequivalens (æquivalens)» - «тең мәнді», «тең бағалы», «бірдей» деген сөзінен шыққан, «aequivalere» етістігі «бірдей құнға ие болу» дегенді білдіреді.
Яғни эквивалент – бір нәрсеге балама немесе сәйкес келетін, оны алмастыратын немесе оның өрнегі ретінде қызмет ететін нәрсе.
Бұл термин әр жылдары мынадай нұсқаларда бекітілген екен: коммуникативная эквивалентность - қатысымдық баламалылық (2020 жыл), эквивалент – балама (2016 жыл), длина эквивалентная - барабар ұзындық (көлік және қатынас жолдары) 2015 жыл, шкала эквивалентности - баламалық шәкіл (статистика) (2013 жыл), Закон эквивалентов - пара-парлық заңы (хим) (2006 жыл). Көріп отырғанымыздай, соңғы қаралымда «балама» түрінде бекітілген. Демек «аудармадағы эквиваленттік» сөзі «аудармадағы тең мәнділікті» білдіреді, яғни аудармадағы мазмұн, берілетін ой түпнұсқадағы мазмұнына дәлме-дәл келу керек.
Дұрыс, Сая ханым. Бірақ эквивалентность ұғымы бірнеше салада қолданылады, соларға ортақ болатындай балама іздеу керек. Кейін бір бірірне қайшы болып қайта қолға алынбайтындай әрекет қажет. Эквивалентный - теңмәндес (жай Толығырақ ...ғана мәндес емес), эквивалентность - теңмәндестік дегендерді қарастырып көруге болар
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы әзірледі.