"
Құрметті Termincom.kz сайтының қолданушылары, келесі екі терминнің анықтамасы мен аудармасын ұсынамын. Бұлар «Физика және астрономия» категориясына жатады.



1. Ферми парадоксы - миллиардтаған жылдар бойы бүкіл әлемді қоныстандыру керек болған басқа планеталық Толығырақ ... өркениеттердің іздері де болмауы.



2. Бірегей Жердің гипотезасы - Ферми парадоксына ұсынылған жауап, ол Жер сияқты планетаның пайда болуының ықтималдығы өте төмен деп санау керектігін түсіндіреді.
#Вариант на русскомКазахский вариантРейтинг
1.Парадокс ФермиФерми парадоксы
2.Гипотеза уникальной ЗемлиБірегей Жердің гипотезасы
Алибек Айтжан, Ai-kerim Qojahmet
  • Алибек Айтжан 5 жыл бұрын

    Ферми парадоксісі*

  • Askar Bazarbay 5 жыл бұрын

    "Бірегей Жер гипотезасы" - деп түзетсеңіз, құп болады. Ілік септігі қажетсіз, Бірегей Жер гипотезаның иесі емес, атауы ғана. Сол себепті, зат есімі нөлдік тұлғадағы 2-изафет арқылы жартылай матастырған дұрыс.

  • Ферми парадоксы деген нұсқаның да, Ферми парадоксісі деген нұсқаның да қате тұсы бар. Бұл жерде қате "кірме сөзге жалғау қалай жалғанады?" деген сұрақ төңірегіндегі түсінбеушіліктен туындап отыр. Бір ғалымдар парадокс Толығырақ ... сөзінде бірыңғай жуан дауыстылар болғандықтан жалғау жуын жалғанады десе, бір ғалымдар "кс" тіркесіне аяқталған сөзге қосымша дәнекерсіз жіңішке жалғанады деп түсіндіреді. 2013 жылы жарық көрген орфографиялық сөздікте "пародоксі" түрінде беріледі. Біз қолданыста осы сөздікті басшылыққа аламыз. Сондықтан дұрысы ФЕРМИ ПАРАДОКСІ болады

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Внимание! Чтобы оставить сообщение, надо войти в сайт.