"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының II отырысында қаралатын терминдер

ӘСКЕРИ САЛА ТЕРМИНДЕРІ
#Қазақша нұсқасыОрысша нұсқасыРейтинг
1.аванпоставанпост
аванпост
аванпост
СаласыӘскери сала
Этимологиясы
Дефинициясы1. Аванпост (фр. avant poste – «алдыңғы орындар») – жаудың оқыс шабуылынан хабардар болу үшін әскердің алдында қойылған күзет. 2. Әзербайжан: аvanpost 3. Қырғыз: аванпост 4. Өзбек: аvant-post 5. Түрік: karakol 6. Ағылшын: outpost 7. Испан: puesto avanzado 8. Неміс: Аußenposten 9. Француз: аvant-post 10. Бекітілген нұсқасы: – 11. Заңнамадағы қолданысы: – 12. Орыс тіліне француз тілінен (avant poste – «алдыңғы орындар») енген «аванпост» сөзі қазақ тілінде «аванпост» түрінде қолданылуы қажет деп санаймыз.
Рейтинг
+9
2.авиалайнеравиалайнер
авиалайнер
авиалайнер
СаласыӘскери сала
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авиалайнер (авиа – лат. avis – «құс» + лайнер – ағылшын. liner) – жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған ұшу аппараты. 2. Әзербайжан: avialayner 3. Қырғыз: авиалайнер 4. Өзбек: havo kemasi 5. Түрік: yolcu uçağı 6. Ағылшын: airliner 7. Испан: avión de pasajeros 8. Неміс: Verkehrsflugzeug 9. Француз: avion de ligne 10. Бекітілген нұсқасы: авиа – авиа; лайнер – лайнер 11. Заңнамадағы қолданысы: авиалайнер – авиалайнер 12. Орыс тіліне латын және ағылшын тілдерінен (авиа – лат. avis – «құс» + лайнер – ағылшын. liner) енген «авиалайнер» сөзі қазақ тілінде «авиалайнер» түрінде қолданылуы қажет деп санаймыз.
Рейтинг
+9
3.авиатасымалдағышавианосец
авианосец
авиатасымалдағыш
СаласыӘскери сала
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авиатасымалдағыш (авиа – лат. avis – «құс») – ашық теңізде әрекет ететін авиабаза ретінде авиациялық топтарға қызмет көрсету және орналастыру үшін бейімделген жауынгерлік кемелердің класы. 2. Әзербайжан: тəyyarə daşıyıcısı 3. Қырғыз: авианосец 4. Өзбек: samolyot tashuvchisi 5. Түрік: uçak gemisi 6. Ағылшын: aircraft carrier 7. Испан: portaaviones 8. Неміс: Flugzeugträger 9. Француз: le porte-avions 10. Бекітілген нұсқасы: авиа – авиа 11. Заңнамадағы қолданысы: авианосец – авиатасымалдағыш 12. Орыс тіліне алдыңғы сыңары латын тілінен (avis – «құс») енген «авианосец» сөзі қазақ тілінде «авиатасымалдағыш» түрінде қолданылуы қажет деп санаймыз.
Рейтинг
+9
4.жедел авиатасымалдағыш құрамаавианосное оперативное соединение
авианосное оперативное соединение
жедел авиатасымалдағыш құрама
СаласыӘскери сала
Этимологиясы
Дефинициясы1. Жедел авиатасымалдағыш құрама (авиа – лат. avis – «құс»; операция – лат. operatio «іс-әрекет», «қимыл») – қарсыластың әскери-теңіз күштерін жою, жағалау объектілері бойынша соққы жасау, мұхит коммуникацияларын жасыру, жедел және стратегиялық теңіз десанттарын түсіруді қамтамасыз ету үшін операцияларды жоспарлау кезінде құрылатын кемелер тобы. 2. Әзербайжан: avianoslu operativ birləşmə 3. Қырғыз: авиа аркылуу ыкчам туташуу 4. Өзбек: aviatsiya operatsion aloqasi 5. Түрік: uçak gemisi operasyonel bağlantı 6. Ағылшын: carrier task force 7. Испан: conexión operativa de portaaviones 8. Неміс: Flugzeugträger operative Verbindung 9. Француз: liaison opérationnelle de porte-avions 10. Бекітілген нұсқасы: авиа – авиа; оперативное – оперативті, жедел; соединение – құрама, жалғаным, қосылыс 11. Заңнамадағы қолданысы: оперативное время – оперативтік уақыт; соединение – қосылу; құрама 12. Орыс тіліне латын тілінен енген (авиа – лат. avis – «құс») «авиа» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «авиа» сөзі бекітілген, заңнамада «авиа» сөзімен аударылған. Сонымен қатар орыс тіліне латын тілінен енген (операция – лат. operatio «іс-әрекет», «қимыл») «оперативный» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «оперативті», «жәдел» сөздері бекітілген, заңнамада «оперативті», «жәдел» сөздерімен аударылған. Сонымен қатар орыс тіліндегі «соединение» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «құрама», «жалғаным», «қосылыс» сөздері бекітілген. Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі «авианосное оперативное соединение» сөз тіркесі қазақ тіліне «жедел авиатасымалдағыш құрама» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+10
5.авиатасымалдағышпен соққы беру құрамасыавианосное ударное соединение
авианосное ударное соединение
авиатасымалдағышпен соққы беру құрамасы
СаласыӘскери сала
Этимологиясы
Дефинициясы1.Авиатасымалдағышпен соққы беру құрамасы (авиа – лат. avis – «құс») – жауынгерлік іс-қимылдар аумағындағы, теңіздегі және базадағы жау кемелері мен авиациясын жоюға, жағалаудағы жерүсті объектілерін зақымдауға, теңіз маңындағы бағыттардағы әскерлерді тікелей авиациялық қолдауға және теңіз десанттық операцияларын қамтамасыз етуге, өзінің теңіз және мұхит коммуникацияларын қорғауға және қарсыластың теңіз тасымалдарын бұзуға арналған құрылым. 2. Әзербайжан: təyyarə zərbəsi 3. Қырғыз: авиаардык сокку уруучу бирикме 4. Өзбек: havo zarba aloqasi 5. Түрік: uçak gemisi şok bağlantısı 6. Ағылшын: carrier strike force 7. Испан: conexión de choque de portaaviones 8. Неміс: Flugzeugträger stoßverbindung 9. Француз: авианосное choc connexion 10. Бекітілген нұсқасы: авиа – авиа; удар – соққы; соединение – құрама; жалғаным, қосылыс 11. Заңнамадағы қолданысы: авиа – авиа; ударное воздействие – соққы әсері, соединение – құрама; қосылу 12. Орыс тіліне латын тілінен енген (авиа – лат. avis – «құс») «авиа» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «авиа» сөзі бекітілген, заңнамада «авиа» сөзімен аударылған. Сонымен қатар орыс тіліндегі «соединение» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «құрама», «жалғаным», «қосылыс» сөздері бекітілген. Сонымен қатар орыс тіліндегі «удар» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «соққы» сөзі бекітілген. Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі «авианосное ударное соединение» сөз тіркесі қазақ тіліне «авиатасымалдағышпен соққы беру құрамасы» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+10
6.авиатасымалдағышпен соққы беру күштеріавианосное ударные силы
авианосное ударные силы
авиатасымалдағышпен соққы беру күштері
СаласыӘскери сала
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авиатасымалдағышпен соққы беру күштері (авиа – лат. avis – «құс») – жабық суларда немесе ашық мұхиттарда, күндіз-түні, кез келген ауа райы жағдайларында әрекет ете алатын икемді әскери-теңіз күші. Авиатасымалдағышпн соққы беру күштерінің басты міндеті негізгі шабуылдық атыс қуатын беру болып табылады,ал басқа кемелер қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. 2. Әзербайжан: təyyarə zərb qüvvələri 3. Қырғыз: сокку уруучу күчтөр 4. Өзбек: havo kuchlari 5. Түрік: uçak gemisi şok kuvvetleri 6. Ағылшын: carrier strike force 7. Испан: conexión de choque de portaaviones 8. Неміс: Flugzeugträger stoßverbindung 9. Француз: авианосное choc connexion 10. Бекітілген нұсқасы: авиа – авиа; удар – соққы; соединение – құрама; жалғаным, қосылыс; сила – күш 11. Заңнамадағы қолданысы: авиа – авиа; ударное воздействие – соққы әсері, соединение – құрама, силы – күштер 12. Орыс тіліне латын тілінен енген (авиа – лат. avis – «құс») «авиа» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «авиа» сөзі бекітілген, заңнамада «авиа» сөзімен аударылған. Сонымен қатар орыс тіліндегі «удар» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «соққы» сөзі бекітілген. Сонымен қатар орыс тіліндегі «сила» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «күш» сөзі бекітілген. Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі «авианосное ударные силы» сөз тіркесі қазақ тіліне «авиатасымалдағышпен соққы беру күштері» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+9
7.авиаоқшашаравиапулемет
авиапулемет
авиаоқшашар
СаласыӘскери сала
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авиаоқшашар (авиа – лат. avis – «құс») – ұшу аппараттарында (жауынгерлік ұшақтарда, тікұшақтарда, автожирлерде және т.б.) орнатылатын пулеметтердің түрі. 2. Әзербайжан: aviauçuş 3. Қырғыз: авиапулемет 4. Өзбек: havo qatnovi 5. Түрік: uçak bileti 6. Ағылшын: aviaperelet 7. Испан: aviapulemet 8. Неміс: Flugzeugabsturz 9. Француз: vol aérien 10. Бекітілген нұсқасы: авиа – авиа 11. Заңнамадағы қолданысы: авиа – авиа; пулемет – пулемет 12. Бекітілген терминдер сөздігіне сүйене отырып, орыс тіліне алдыңғы сыңары латын тілінен (avis – «құс») енген «авиапулемет» сөзі қазақ тіліне «авиаоқшашар» сөзімен аударылуы қажет деп санаймыз.
Рейтинг
-8
8.авиациялық даярлықавиационная подготовка
авиационная подготовка
авиациялық даярлық
СаласыӘскери сала
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авиациялық даярлық (авиа – лат. avis – «құс») – негізгі соққының алдында, жауды зақымдау мақсатында құрлық әскерлерінің шабуылы басталар алдындағы авиацияның жауынгерлік іс-қимылдары.Авиациялық даярлық-атыс дайындығының құрамдас бөлігі, әдетте, артиллериялық дайындықпен бірге жүргізіледі. Авиациялық даярлықтың ұзақтығы қорғаныс жағдайына, объектілердің сипатына және тартылатын авиация күштерінің құрамына байланысты болады. Ол әскерлердің шабуылы басталған кезде аяқталады. 2. Әзербайжан: аviasiya hazırlığı 3. Қырғыз: авиациялык даярдык 4. Өзбек: aviatsiya tayyorlash 5. Түрік: havacılık eğitimi 6. Ағылшын: aviation training 7. Испан: entrenamiento aéreo 8. Неміс: Flugausbildung 9. Француз: formation aéronautique 10. Бекітілген нұсқасы: авиационные – авиациялық (2019 жылғы 5 сәуір); подготовка – даярлық 11. Заңнамадағы қолданысы: авиационная подготовка – авиациялық даярлық 12. Орыс тіліне латын тілінен енген (авиа – лат. avis – «құс») «авиация» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «авиация» сөзі бекітілген, заңнамада «авиация» сөзімен аударылған. Сонымен қатар орыс тіліндегі «подготовка» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «даярлық» сөзі бекітілген. Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізгі ала отырып, орыс тіліндегі «авиационная подготовка» сөз тіркесі қазақ тіліне «авиациялық даярлық» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+10
9.авиациялық қолдауавиационная поддержка
авиационная поддержка
авиациялық қолдау
СаласыӘскери сала
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авиациялық қолдау (авиа – лат. avis – «құс») – құрлықтағы әскер бірлестіктерінің (құрамаларының) операциядағы (ұрыстағы) мақсаттарына негізделген авиацияның әскери қимылдары, шабуылдық атыспен қолдаудың құрамды бөлігі. Шабуылды авиациялық қолдау әскер шабуылға көшкенде басталады. Майдан (тактикалық) және армиялық авация күшімен жүргізіледі. Бірінші кезекте қарсыластың ядролык шабуылдау құралдарын, алға шыққан жақын резервтерін, басқару пункттерін, тірек пункттерін, атыс құралдарын жояды. 2. Әзербайжан: aviasiya dəstək 3. Қырғыз: авиациялык колдоо 4. Өзбек: aviatsiya yordami 5. Түрік: havacılık desteği 6. Ағылшын: air support 7. Испан: apoyo aéreo 8. Неміс: Luftunterstützung 9. Француз: appui aérien 10. Бекітілген нұсқасы: авиационные – авиациялық (2019 жылғы 5 сәуір), поддержка – қолдау 11. Заңнамадағы қолданысы: авиационная – авиациялық, поддержка – қолдау 12. Орыс тіліне латын тілінен енген (авиа – лат. avis – «құс») «авиация» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «авиация» сөзі бекітілген, заңнамада «авиация» сөзімен аударылған. Сонымен қатар орыс тіліндегі «поддержка» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «қолдау» сөзі бекітілген. Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізгі ала отырып, орыс тіліндегі «авиационная поддержка» сөз тіркесі қазақ тіліне «авиациялық қолдау» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+10
10.авиациялық зеңбiрекавиационная пушка
авиационная пушка
авиациялық зеңбiрек
СаласыӘскери сала
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авиациялық зеңбірек (авиа – лат. avis – «құс») – ұшу аппараттарында қолдану үшін бейімделген немесе арнайы жобаланған автоматты зеңбіректер. Авиациялық пушкалардың басты ерекшеліктері олардың салмағы аз, жоғары жылдамдық, жинақы және салыстырмалы түрде шағын калибр (45 мм дейін) болып табылады. 2. Әзербайжан: аviasiya silahı 3. Қырғыз: авиациялык жаздык 4. Өзбек: aviatsiya qurollari 5. Түрік: hava tabancası 6. Ағылшын: aircraft cannon 7. Испан: cañón de aviación 8. Неміс: Flugzeugkanone 9. Француз: canon d`aviation 10. Бекітілген нұсқасы: авиационные – авиациялық (2019 жылғы 5 сәуір); пушка – зеңбірек 11. Заңнамадағы қолданысы: авиационная пушка – авиациялық зеңбiрек 12. Орыс тіліне латын тілінен енген (авиа – лат. avis – «құс») «авиация» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «авиация» сөзі бекітілген, заңнамада «авиация» сөзімен аударылған. Сонымен қатар орыс тіліндегі «пушка» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «зеңбірек» сөзі бекітілген. Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізгі ала отырып, орыс тіліндегі «авиационная пушка» сөз тіркесі қазақ тіліне «авиациялық зеңбірек» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+10
11.авиациялық барлауавиационная разведка
авиационная разведка
авиациялық барлау
СаласыӘскери сала
Этимологиясы
Дефинициясы1.Авиациялық барлау (авиа – лат. avis – «құс») – әуеден, ұшу аппараттарының көмегімен әске асырылатын әскери барлау түрлерінің бірі.Барлау авиациясының бөлімдері, авиациялық құрамалардың барлау бөлімшелері, жауынгерлік міндеттерді орындайтын барлық экипаждар, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттары (ұшақтар, автоматты аэростаттар және тағы сол сияқтылар) әскери іс-қимылдарды сәтті орындау мақсатында қарсылас туралы қажетті (объектілер, күштер мен құралдар, жерлер және тағы басқалар туралы) деректер алу мақсатында жүзеге асырады. 2. Әзербайжан: аviasiya kəşfiyyatı 3. Қырғыз: авиациялык чалгындоо 4. Өзбек: aviatsiya razvedkasi 5. Түрік: aviatsiya razvedkasi 6. Ағылшын: aviation intelligence 7. Испан: reconocimiento aéreo 8. Неміс: Luft-Intelligenz 9. Француз: reconnaissance aérienne 10. Бекітілген нұсқасы: авиационные – авиациялық (2019 жылғы 5 сәуір); разведка – барлау 11. Заңнамадағы қолданысы: авиационная разведка – авиациялық барлау 12. Орыс тіліне латын тілінен енген (авиа – лат. avis – «құс») «авиация» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «авиация» сөзі бекітілген, заңнамада «авиация» сөзімен аударылған. Сонымен қатар орыс тіліндегі «разведка» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «барлау» сөзі бекітілген. Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізгі ала отырып, орыс тіліндегі «авиационная разведка» сөз тіркесі қазақ тіліне «авиациялық барлау» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+9
12.авиациялық зымыранавиационная ракета
авиационная ракета
авиациялық зымыран
СаласыӘскери сала
Этимологиясы
Дефинициясы1.Авиациялық зымыран (авиа – лат. avis – «құс») – ұшу аппараты арқылы жер үстіндегі, судағы, әуедегі нысаналарды жоюға арналған қару. Мұның «Әуе Жер», «Әуе Кеме», «Әуе – Әуе» деп аталатын түрлері бар. Авиациялық ракета, әдетте, бір сатылы болады. Басқарылатын, басқарылмайтын болып екіге бөлінеді. 2. Әзербайжан: аviasiya raketi 3. Қырғыз: авиациялык ракета 4. Өзбек: aviatsiya raketasi 5. Түрік: uçak roketi 6. Ағылшын: aircraft missile 7. Испан: misil de aviación 8. Неміс: Bordrakete 9. Француз: missile aérien 10. Бекітілген нұсқасы: авиационные – авиациялық (2019 жылғы 5 сәуір); ракета – зымыран 11. Заңнамадағы қолданысы: авиационная ракета – авиациялық зымыран 12. Орыс тіліне латын тілінен енген (авиа – лат. avis – «құс») «авиация» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «авиация» сөзі бекітілген, заңнамада «авиация» сөзімен аударылған. Сонымен қатар орыс тіліне италян тілінен енген (ракета – итальян – rocchetta, rocca «ұршық») «ракета» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «зымыран» сөзі бекітілген. Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізгі ала отырып, орыс тіліндегі «авиационная ракета» сөз тіркесі қазақ тіліне «авиациялық зымыран» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+9
13.авиациялық қызметавиационная служба
авиационная служба
авиациялық қызмет
СаласыӘскери сала
Этимологиясы
Дефинициясы1.Авиациялық қызмет (авиа – лат. avis – «құс») – әуе кемелерінің көмегімен адамның әуе кеңістігін пайдалануына жағдайлар жасауға бағытталған қызметтің барлық түрі. 2. Әзербайжан: aviasiya xidməti 3. Қырғыз: авиациялык кызмат 4. Өзбек: aviatsiya xizmati 5. Түрік: havacılık servisi 6. Ағылшын: aviation service 7. Испан: aviation service 8. Неміс: Aviation Service 9. Француз: service aérien 10. Бекітілген нұсқасы: авиационные – авиациялық (2019 жылғы 5 сәуір); служба – қызмет; аудиторская деятельность – аудиторлық қызмет, аудиторлық іс-қимыл (2006 жылғы 27 қазан); благотворительная деятельность – қайырымдылық қызмет (2016 жылғы 7 желтоқсан); враждебная деятельность – дұшпандық әрекет (2016 жылғы 7 желтоқсан); служба – қызмет (2016 жылғы 8 желтоқсан); гражданская служба – азаматтық қызмет (2016 жылғы 8 желтоқсан) 11. Заңнамадағы қолданысы: авиационная служба безопасности – авиациялық қауіпсіздік қызметі; авиационная деятельность – все виды деятельности, направленные на создание условий и использование воздушного пространства человеком с помощью воздушных судов – авиациялық қызмет – әуе кемелерінің көмегімен адамның әуе кеңістігін пайдалануына жағдайлар жасауға бағытталған қызметтің барлық түрі. 12. Орыс тіліне латын тілінен енген (авиа – лат. avis – «құс») «авиация» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «авиация» сөзі бекітілген, заңнамада «авиация» сөзімен аударылған. Орыс тіліндегі «служба» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «қызмет» сөзі бекітілсе, заңнамада және салалық терминологиялық сөздіктерде «қызмет» сөзімен аударылған. Сонымен қатар орыс тіліндегі «деятельность» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «қызмет», «іс-қимыл», «әрекет» сөздері бекітілсе, заңнамада және салалық терминологиялық сөздіктерде «қызмет», «іс-қимыл», «әрекет» сөздерімен аударылған. Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі «авиационная служба» сөз тіркесі қазақ тіліне «авиациялық қызмет» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+10
14.авиациялық бөлімавиационная часть
авиационная часть
авиациялық бөлім
СаласыӘскери сала
Этимологиясы
Дефинициясы1.Авиациялық бөлім (авиа – лат. avis – «құс») – мемлекеттік авиация әуе кемелерінің ұшуын ұйымдастыру мен орындауды, оларды пайдалануды және сақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме. 2. Әзербайжан: aviasiya hissəsi 3. Қырғыз: авиациялык бөлүк 4. Өзбек: aviatsiya qismi 5. Түрік: havacılık bölümü 6. Ағылшын: air unit 7. Испан: parte de aviación 8. Неміс: Flugzeugteil 9. Француз: partie aéronautique 10. Бекітілген нұсқасы: авиационные – авиациялық (2019 жылғы 5 сәуір); часть – бөлім, бөлік 11. Заңнамадағы қолданысы: авиационная часть – государственное учреждение, осуществляющее организацию и выполнение полетов воздушных судов государственной авиации, их эксплуатацию и хранение – авиациялық бөлім – мемлекеттік авиация әуе кемелерінің ұшуын ұйымдастыру мен орындауды, оларды пайдалануды және сақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме 12. Орыс тіліне латын тілінен енген (авиа – лат. avis – «құс») «авиация» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «авиация» сөзі бекітілген, заңнамада «авиация» сөзімен аударылған. Орыс тіліндегі «часть» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «бөлім», «бөлік» сөздері бекітілсе, заңнамада және салалық терминологиялық сөздіктерде «бөлім», «бөлік» сөздерімен аударылған. Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі «авиационная часть» сөз тіркесі қазақ тіліне «авиациялық бөлім» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+8
15.авиациялық қару-жарақавиационное вооружение
авиационное вооружение
авиациялық қару-жарақ
СаласыӘскери сала
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авиациялық қару-жарақ (авиа – лат. avis – «құс») – әуе, жер үсті және теңіз мақсаттарын зақымдауға арналған авиациялық ұшу аппараттарына орнатылатын қару-жарақ түрі. Негізінен авиациялық зақымдау құралдарынан, авиациялық қару-жарақ қондырғыларынан, авиациялық артиллериялық қарудан, авиациялық қару-жарақты басқару жүйелерінен және авиациялық көздеу жүйелерінен тұрады. 2. Әзербайжан: аviasiya silah 3. Қырғыз: авиациялык курал-жарак 4. Өзбек: aviatsiya qurollari 5. Түрік: havacılık silahları 6. Ағылшын: aircraft armament 7. Испан: armamento aéreo 8. Неміс: Luftwaffe 9. Француз: armement aéronautique 10. Бекітілген нұсқасы: авиационные – авиациялық (2019 жылғы 5 сәуір); вооружение – қару-жарақ, қаруландыру, қарулану (1971-1981) 11. Заңнамадағы қолданысы: авиационное вооружение – авиациялық қару-жарақ 12. Орыс тіліне латын тілінен енген (авиа – лат. avis – «құс») «авиация» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «авиация» сөзі бекітілген, заңнамада «авиация» сөзімен аударылған. Орыс тіліндегі «вооружение» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «қару-жарақ», «қаруландыру», «қарулану» сөздері бекітілсе, заңнамада «қару-жарақ» сөзімен аударылған. Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі «авиационное вооружение» сөз тіркесі қазақ тіліне «авиациялық қару-жарақ» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+10
Алибек Айтжан, Мольдир Сарбалиева, Лаура Даумаляева және 2
  • Айымбетов Мәди 3 жыл бұрын

    300. миномет;

  • Айымбетов Мәди 3 жыл бұрын

    автоматтандырылған мәшинелік сөздік;

  • Айымбетов Мәди 3 жыл бұрын

    329.автоматтандырылған процесс;

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.