ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ХАБАРШЫ No 4(10)

Кітап авторы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссия
Кітап жайлы мәлімет:
ISBN:
Жақында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның 2004 жылғы үшінші отырысы болып өтті.
Мемлекеттік терминологиялық комиссия төрағасының орынбасары, А. Байтурсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры К.Хұсайын терминология саласында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы әңгімелеп, жиналғандарды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Мәжілісте ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ұсынған терминдер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсынған терминдер мен сөз тіркестері, Халықаралық көлік ақпарат агенттігі ұсынған терминдер талқыланды.
Мемлекеттіктерминологиялық комиссия ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Халықаралық көлік ақпарат агенттігі ұсынған терминдерді талқылай келіп, 62 термин сөз бен сөз тіркесін ресми бекітті.
Төменде Мемтерминком мәжілісінде бекітілген сөздер мен сөз тіркестерініңтізімі беріліп отыр.