"
Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жариялаған «Қазақы терминдерді халық жасайды» атты республикалық байқауының 3-кезеңіне Шүленбаев Нұрлан Құныпияұлының ұсынған термин-нұсқалары (2-бөлім)

І. Затқұрақ бір-бірімен жалғасу қағидаты мен формасы MODULAR Robotics құрылымдағышының MOSS топтамасына Толығырақ ...ұқсас. Құрылымдағыштың басты тетіктері – көлемі жағынан бірдей текшелер, тек реттегіші бар мөдүл ғана сары түсті қосарланған текше түрінде жасалған. Олар бір-бірімен арнайы жалғастырғыш тетік арқылы біріктірілген. Басқа түстердің де мағыналық жүгі бар. Күштем көк түсті текшенің, ермежетек көгілдір текшенің, алғысезгі мен торқамақтар ашық жасыл текшенің, сыртсезгі қызыл текшенің ішінде, ал қуатқойма текшесі – қоңыр жасыл, біріктіруші текшелер – сары түсті.
ІІ. «Пікіргөй» мамандығының аясы уақыт өткен сайын кеңейе беретінін дәлелдеп тұр. Иелмендік пікіржиын жүргізу – кішігірім газет шығарумен бірдей. Бірақ оны жазатын бір ғана адам. Иелменнің өзі иелмен, түзетуші, сарашы, бейнегер және өңдеуші бола алады. Грамматика, стилистика, HTML, SEO, әсемәр тіпті SMM пікіргөйдің топханасында болады. Ол өзінің пікіржиынын түрлі қысасхаттар (зорымхаттар) мен ақпартұтымнан сақтауы қажет. Пікіргөйлер – саудасипат «білгіші». Мақала жазады, оны жариялайды. Осымен бітті деп ойлайсыз ба? Жоқ! Аудитория оның мақаласын оқып, пікірлесу керек. Осы үшін де пікіргөйлер ғаламтор-саудасипаттың мәселелерімен танысады: іздеу құралдары, әлеуметтік желілердегі жарнама.
#Oryssha nusqasyQazaqsha nusqasyReıtıń
1.Авторлық блогIelmendik pikirjıyn
2.КорректорTúzetýshi
3.РедакторSarashy
4.ФотографBeıneger
5.ДизайнÁsemár
6.АрсенелTophana
7.СпамQysasqat (Zorymhat)
8.ФишингAqpartutym
9.Интернет-маркетингǴalamtor-saýdasıpat
10.БлогерPikirgóı
Bakhytzhamal Esimseit, Akan Altynay, Merýert Shimenbaı және 1
  • Dızaın-ásemár maǵan unady. Aıtýǵa jeńil, qulaqqa jaǵymdy estiledi. Maǵynasy da tolyq sáıkes kelip tur. Dızaınerdi qalaı ataımyz?! Ásemárshi álde ásemárger?!

  • Túzetýshi, sarashy buryn da boldy. Biraq belsendi qoldanysqa enbedi-aý!

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Barlyq paıdalanýshylar

Eskertý! Habarlama qaldyrý úshin saıtqa kirý kerek.