"
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жариялаған «Қазақы терминдерді халық жасайды» атты республикалық байқауына Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлының ұсынған терминдер
#Russian versionKazakh versionRating
1.Фара (автомобиль)Жолшам (жол+шам – жолды жарық етуші шам)
2.АккумуляторТоққайнар (тоқ+қайнар)
3.АнтеннаТолқынтор (толқын+тор - толқын ұстаушы мағынасында)
4.СквознякЖелөтпе (жел+өтпе - құбылыс)
5.Поворотник (автомобиль)Бұрылыс бағдары (бұрылуға белгі беру)
6.ЗаметкаТүртпе (маңызды ақпаратты түртіп алуға арналған қағаз)
7.Бассейн (для плавания)Малтыма (шомылуға арналған бассейн)
8.РаковинаСарқұман (сар+құман - суы сарылдап сарқылмай ағатын құман)
9.НавигаторЖолбағдар (жол+бағдар - жолда бағдар алуға арналған құрал)
10.Пространственное разрешение (картография)Кеңістіктік айқындық (1 пиксельдің бейнелей алатын аумағы)
Жансая Торебаева, Мадина Шагирова, Жанар Байділдә және 15
  • Gulnur Kairovna 6 жыл бұрын

    Антенна - толқынтор ұнады

  • Ai-kerim Qojahmet 6 жыл бұрын

    Шахислам мырзаның терминдері қазақтың тілімен әбден жаттыққан сәтті баламалармен беріліпті. Өте ұнады. Қазақы термин деген атауға лайықты.

  • толқынтор, желөтпе, малтыма нағыз қазақы терминдер

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Attention! To leave a message, please sign in.