"
Менің ойымша берілгендер сөзін деректер сөзімен алмастырған жөн. Себебі деректер сөзін қолдану арқылы сөздің мағынасын тереңірек аша аламыз. Мысалы “ряд данных” сөз тіркесін “берілгендер қатары”-деп емес “деректер қатары”-деп қолданған дұрыс Толығырақ ...деп санаймын.


Екінші айтарым “айналым” терминіне байланысты. Бұл сөзді көпше түрде айналымдар деп қолдану қате деп санаймын. Себебі “айналым” сөзінің өзі шексіз циклдік қозғалысты білдіреді, сондықтан көптік жалғау қажет емес. Мысалы “айналымдар саны” дегеннің орнына “айналым саны” дегенді қолдану дұрыс.

Үшінші айтарым “жаңбырлар” сөзімен байланысты. “Жаңбыр” сөзі өзі көптік мәнді қамтиды, себебі жаңбыр табиғатта ұзаққа созылатын немесе қайталанбайтын құбылыс болып табылады. Сондықтан, “жаңбырлар” орнына “жаңбыр” деу жеткілікті.
  • Ádemi, qaıyrly kún! Siz aıtyp otyrǵan "derekter qatary" termıni statısıka, ınformatıka, ekonomıka, mashınany oqytý salalarynyń termıni retinde qoldanylady. Al matematıka, fızıka salalarynda "berilgender qatary", ıaǵnı, "berilgen sandar qatary" maǵynasynda Tolyǵyraq ...qoldanylady. Qoryta aıtqanda, joǵaryda keltirilgender maǵyna jaǵynan jaqyndyǵy bar termınder bolǵanmen, salasyna qaraı ózindik ereksheligi de bar termınder. Barlyq jerde "derekter qatary" dep qoldana almaımyz. Onyń ústine "berilgen san", "berilgender qatary" termınderi matematıkada ábden qalyptasqan termınder ekenin umytpaýymyz kerek. Al, "aınalym", "jańbyr" sózderin, qoldanysqa qaraı termınderin jeke túrde qoldaný pikirińiz óte oryndy.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Barlyq paıdalanýshylar

Eskertý! Habarlama qaldyrý úshin saıtqa kirý kerek.