"
Кейінгі кездерде келесі мәселені көп айтып жүрміз. Сөздің түбірін дұрыс анықтамау арқылы көптеген қателіктер жасалып жүр. Орыстың «ческий" жұрнағы "икалық» жұрнағына ауыстырылған. Осы мәселеге қатысты медицина саласынан бірнеше мысал келтіруге Толығырақ ...рұқсат етіңіздер. Мысалы: цитотоксический-цитотоксикалық, критический-критикалық, патогенетический-патогенетикалық, паренхиматозный-паренхиматоздық, симптоматический-симптоматикалық, фармацевтический-фармацевтикалық, соматический-соматикалық т.с.с. Осыған көңіл бөлейік. Сөз түбіріне өз жалғауымызда жалғасақ дұрыс болар еді. Мысалы: цитотоксиндік, кризистік, патогенездік, паренхималы, симтомдық, фармацевтік, сомалық. Бұл мәселе тек медицина емес, басқа да
салаларда кездесуі мүмкін.
Серік Ерғали
  • Бақытгүл Ысқақова 3 ай бұрын

    Марал, ұсынысыңыз өте орынды. Жазылған мәселе арнайы ережеде бекітіліп, біріздендірілуі тиіс. Шеттілдік терминдерге қатысты түйткілді мәселелер бойынша қазір ғылыми-практикалық жұмыс жүргізіліп жатыр. Нәтижесі жыл аяғында белгілі болып, таныстырылатын болады.

  • Бақытгүл ханым кері байланыс бергеніңіз үшін алғысым шексіз. Осы мәселені конференцияларда да жиі айтып жүрміз. шешімін табады деп ойлаймын.

  • Серік Ерғали 3 ай бұрын

    Марал ханым, сіз көтеріп отырған мәселе қоралы, жүйелі нәрсе. Өзекті! Меніңше біз сіз атаған салалық анықтауыш сөздерді орыс тілінің бұйдалауымен лағып кеткенбіз. Негізі бұндай сиықтағы анықтауыш сөздер қазақ тілінде Толығырақ ...ағылшыншадағыдай артық жұрнақ-жалғаусыз-ақ құтылуға әбден болады: токсический - toxic, қазақша токсикалық емес, токсик заттар; интеллектуальная игра - интеллектуал ойын, электронная правительства - електрон үкімет; цитотоксический - cytotoxic - цитотоксик; фармацевтический - фармацевтикалық емес - фармацевтик - pharmaceutical; соматический - соматик

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.