"
Қайырлы түн!
Мамандар адамның мас күйін анықтау барысында «состояние: напряженное« деп жазады. Осы "напряженное" сөзі қалай аударылады?
Тағы бір жағдай: физикалық күш қолдану, я болмаса психологиялық қысым көрсетілгені белгісіз, осы жағдайда »выбивать Толығырақ ...признательные показания» сөйлемін қалай аударуға болады?
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова, Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
  • Мас болу жағдайы – ПБЗ-ның жіті уыттануы салдарынан туындайтын және психикалық, мінез-құлық, вегетативтік және соматоневрологиялық бұзылулар кешенімен сипатталатын жай-күй (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № ҚР Толығырақ ...ДСМ-6 бұйрығы).
    Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландыру қорытындысына қатысты айтылған болса:
    4. Мінез-құлық: шиеленісті, жабық, тітіркенген, қозған, агрессивті, эйфориялық, сөйлейтін, мазасыз, тұрақсыз көңіл-күй, ұйқышылдық, тежелген, өзінің жағдайына шағымдар, тыныш (қажеттісінің астын сызу)
    4. Поведение: напряжен, замкнут, раздражен, возбужден, агрессивен, эйфоричен, болтлив, суетлив, неустойчивое настроение, сонлив, заторможен, жалобы на свое состояние, спокоен (нужное подчеркнуть)

    Шиеленіскен жағдай – напряжённая ситуация (2020 жылы бекітілген термин)
    Шиеленістілік – Напряженность (Әскери іс)
    Шиеленістің күшеюі – Эскалация напряженности (Әскери іс)
    Психикалық шиеленіс – напряженность психическая (Дене тәрбиесі және спорт)
    Шиеленіс жағдайы – Напряженное положение (Дене тәрбиесі және спорт)
    Психикалық шиеленіс – напряженность психическая (Педагогика және психология)

    Мойындау айғақтары – признательные показания (Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде (ұйымдарында) ведомстволық әскери-медициналық (медициналық) статистикалық есептілік нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 779 бұйрығы)
    Мойындау айғақтарын алу (Қазақстан 2022: Адам құқығы жөніндегі есеп»)

  • Бұл сөздер құқық қорғау мәселесіне қатысты болғандықтан, заңнамаға сәйкес жазу қажет. Неге десеңіз, адамның нақты күйін анықтау, оны қағаз бетіне дұрыс түсіру - үлкен жауапкершілік қой.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Attention! To leave a message, please sign in.