A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined index: post_data_count

Filename: controllers/Alan.php

Line Number: 344

Backtrace:

File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/application/controllers/Alan.php
Line: 344
Function: _error_handler

File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/application/controllers/Alan.php
Line: 1070
Function: get_post_items

File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/index.php
Line: 319
Function: require_once

Termincom.kz - Алаң "

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының IІІ отырысында қаралатын терминдер:

  • Жеке тұлғалардан келген хат бойынша (1);
  • ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Ұлттық статистика бюросы ұсынған терминдер (2-4);
  • Әскери іс саласының терминдері (5-11);
  • Жасанды интеллект саласы терминдері (12-48);
  • ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынған терминдер (49-155);
  • ҚР Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі ұсынған ақпарат саласындағы терминдер (134-155);
  • БАҚ терминдері (156-273);
  • Құрылыс саласының терминдері (274-483);
  • Сәулет өнері және құрылыс саласының терминдері (484-974)

#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.борщборщ
борщ
борщ
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Борщ – қызылша қосылып жасалатын сорпаның бір түрі. Шығыс славяндардың дәстүрлі тағамы, украин халқының негізгі, бірінші асы.
2. Әзербайжан: borş
3. Қырғыз: көчө
4. Өзбек: borsch
5. Түрік: borsch
6. Ағылшын: borsch
7. Испан: borshch
8. Неміс: borschtsch
9. Француз: bortsch
10. Бекітілген нұсқасы:
11. Заңнамадағы қолданысы:
12. Орыс тіліндегі «борщ» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «борщ» сөзі бекітілсе, «Борщ»сөзінің бірнеше тілдердегі аудармасынан көрініп тұрғандай, басым бөлігінде түпнұсқасында алынған. Бұл бір елдің ұлттық тағамы болғандықтан, аудармаған дұрыс деп ойлаймыз. Мысалы, қазақтың ұлттық тағамдарының атаулары басқа тілде түпнұсқасында, аудармасыз, тек фонетикалық өзгерістермен қолданылады (курт, айран, куурдак, баурсак т. б. ). Бірнеше тілдегі қолданысын негізге ала отырып,«борщ» сөзі қазақ тілінде «борщ» түрінде қалғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+11
2.креативная экономикакреативті экономика
креативная экономика
креативті экономика
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Креативті экономика – интеллектуалдық қызметке негізделген экономиканың ерекше секторы. Сонымен қатар, креативті экономика жобалық ойлауға, шығармашылық қиялға (модельдеуге) және практикалық бағытқа негізделген шығармашылық көзқарас тұрғысынан сипатталады.

2. Әзербайжан: kreativ iqtisadiyyat
3. Қырғыз: чыгармачыл экономика
4. Өзбек: ijodiy iqtisodiyot
5. Түрік: yaratıcı ekonomi
6. Ағылшын: creative economy
7. Испан: economía creativa
8. Неміс: kreative Wirtschaft
9. Француз: économie créative

10. Бекітілген нұсқасы: «креативті экономика» терминіндегі «креативті» сөзі «креативті қоғам», «креативті ойлау» тіркесті терминдерінің құрамында 2018 жылы бекітілген. «Экономика» термині 2018 жылы бекітілген.

11. Заңнамадағы қолданысы: «Креативті экономика» терминін «Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың даму стратегияларын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» заңнама тарауларынан кездестіруге болады.

12. Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі «креативная экономика» сөз тіркесі қазақ тіліне « креативті экономика » сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+10
3.густота перевозок пассажировжолаушылар тасымалының тығыздығы
густота перевозок пассажиров
жолаушылар тасымалының тығыздығы
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Жолаушылар тасымалының тығыздығы – тасымалданатын жолаушылардың теміржол учаскелері мен желілеріндегі қарқындылығының көрсеткіші.
2. Әзербайжан: sərnişin daşımalarının sıxlığı
3. Қырғыз: жүргүнчүлөрдү ташуунун тыгыздыгы
4. Өзбек: yo`lovchilarni tashish zichligi
5. Түрік: yolcu taşıma yoğunluğu
6. Ағылшын: passenger traffic density
7. Испан: densidad del transporte de pasajeros
8. Неміс: dichte der Beförderung von Passagieren
9. Француз: densité du trafic voyageurs

10. Бекітілген нұсқасы: Тасымал (көлік. қатынас) (2000 жыл)

11. Заңнамадағы қолданысы:
. . . Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау Қағидалары бекітілсін. (Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау Қағидаларын бекіту туралы)
12. Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі «густота перевозок пассажиров» сөз тіркесі қазақ тіліне «жолаушылар тасымалының тығыздығы» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+10
4.статистика ценовых сопоставленийбағалық салыстырулар статистикасы
статистика ценовых сопоставлений
бағалық салыстырулар статистикасы
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Бағалық салыстырулар статистикасы -- шамасы бойынша белгілі бір уақыт кезеңінің шарттарына, белгілі бір күнге келтірілген бағалардың статистикасы.

2. Әзербайжан: qiymət müqayisə statistika
3. Қырғыз: баалардын салыштыруу статистикасы
4. Өзбек: narxlarni taqqoslash statistikasi
5. Түрік: fiyat karşılaştırma istatistikleri
6. Ағылшын: price comparison statistics
7. Испан: estadísticas de comparación de precios
8. Неміс: Statistik Zuordnungen Preis
9. Француз: statistiques des comparaisons de prix

10. Бекітілген нұсқасы: баға (2016 ж), статистика (2015 ж)

11. Заңнамадағы қолданысы: . . . Қағидалар аумақтық статистика органдарының бағалық ақпаратты жинау процесін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға арналған. ( Бағаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы) . . . Осы Әдістеме Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетімен халықаралық салыстырулар және елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжауында пайдаланатын еңбек құнының индексін есептеу үшін қолданылады. (Еңбек құнының индексін есептеу бойынша әдістеме
1-тарау. Жалпы ережелер)

12. Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі «статистика ценовых сопоставлений» сөз тіркесі қазақ тіліне «бағалық салыстырулар статистикасы» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+7
5.боевая способностьжауынгерлік қабілеттілік (2020)
боевая способность
жауынгерлік қабілеттілік (2020)
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Жауынгерлік қабілеттілік – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар əскерлерінің (күштерінің) мақсатқа сай жауынгерлік (əскери, арнайы) іс-қимылдар жүргізуіне жəне өздерінің жауынгерлік мүмкіншіліктерін іске асыруына мүмкіндік беретін жай-күйі.

2. Әзербайжан: döyüş qabiliyyəti
3. Қырғыз: согуштук жөндөм
4. Өзбек: jangovar qobiliyat
5. Түрік: savaş yeteneği
6. Ағылшын: combat ability
7. Испан: habilidad de combate
8. Неміс: Kampffähigkeit
9. Француз: capacité de combat

10. Бекітілген нұсқасы: способность пропускная – өткізу қабілеті (2016 жылғы 7 желтоқсан) трудоспособность – еңбекке қабілеттілік (2016 жылғы 7 желтоқсан)

11. Заңнамадағы қолданысы: боевая способность – жауынгерлік
қабілеттілік

12. Орыс тіліндегі «боевой» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «жауынгерлік», «ұрыстық», «әскери», «ұрыс», «атыс», «сайыскерлік » сөздері бекітілсе, заңнамада «жауынгерлік», «ұрыстық», «әскери», «ұрыс», «атыс», «соққы» сөздерімен аударылған. Бұл жайт аталған сөздің қолданылған мәнмәтіндегі мағынасына байланысты туындап отыр.
Орыс тіліндегі «способность» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «қабілет», «қабілеттілік » сөздері бекітілсе, заңнамада қабілет», «қабілеттілік» сөздерімен аударылған.
Бекітілген терминдер сөздігіндегі нұсқаларын және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып,орыс тіліндегі «боевая способность» сөз тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «жауынгерлік қабілеттілік » сөз тіркесі қолданылуы қажет деп санаймыз.
Рейтинг
+5
6.сигнальное оружиебелгi беру қаруы сигналдық қару
сигнальное оружие
белгi беру қаруы сигналдық қару
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Белгi беру қаруы, сигналдық қару – дыбыс, жарық және түтiн белгiлерiн беру үшiн пайдаланылатын қару.
Сигнал – лат. signum «белгі», «дабыл».

2. Әзербайжан: siqnal silahı
3. Қырғыз: сигналду курал
4. Өзбек: signal quroli
5. Түрік: sinyal silahı
6. Ағылшын: signal weapon
7. Испан: arma de señal
8. Неміс: Signalwaffe
9. Француз: arme de signalisation

10. Бекітілген нұсқасы: знак сигнальный – сигналдық белгі (2016 жылғы 28 маусым) искажения сигнала – сигналды бұрмалау (2016 жылғы 28 маусым) навигационные сигналы стандартной точности – стандарттық дәлдіктегі навигациялық сигналдар (2018 жылғы 14 желтоқсан) сигнал – дабыл (2018 жылғы 6 сәуір) флажок сигнальный – белгі жалаушасы (2019 жылғы 6 желтоқсан) дежурный сигналист – кезекші сигналшы (2016 жылғы 7 желтоқсан)
ядерное оружие – ядролық қару (2018 жылғы 30 қараша)

11. Заңнамадағы қолданысы: сигнальное оружие – белгi беру қаруы

12. Орыс тіліне латын тілінен енген «сигнал» (signum «белгі», «дабыл») сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «сигнал», «дабыл», «белгі» сөздері бекітілсе, заңнамада және салалық терминологиялық «сигнал», «дабыл», «белгі» сөздерімен аударылған.
Орыс тіліндегі «оружие» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «қару» сөзі бекітілсе, заңнамада «қару» сөзімен аударылған.
Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып,орыс тіліндегі «сигнальное оружие» сөз тіркесі қазақ тіліне « сигналдық қару» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+4
7.учебные сборыоқу-жаттығу жиындары
учебные сборы
оқу-жаттығу жиындары
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Оқу-жаттығу жиындары – әскери міндеттiлердi даярлау мен қайта даярлау мақсатында өткiзiлетiн әскери жиындар түрi.

2. Әзербайжан: təlim haqları
3. Қырғыз: окуу акысы
4. Өзбек: o`quv to`lovlari
5. Түрік: eğitim ücretleri
6. Ағылшын: training fees
7. Испан: tarifas de entrenamiento
8. Неміс: Schulungsgebühren
9. Француз: frais de formation

10. Бекітілген нұсқасы: учебный отпуск – оқу демалысы (2016 жылғы 8 желтоқсан) таможенные сборы – кедендік алымдар (2016 жылғы 7 желтоқсан) центр сбора информации – ақпарат жинау орталығы (2018 жылғы 14 желтоқсан) учебные сборы – оқу-жаттығу жиындары (2015 жылғы 15 желтоқсан)

11. Заңнамадағы қолданысы: учебные сборы – оқу-жаттығу жиындары

12. Орыс тіліндегі «учебный» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «оқу» сөзі бекітілсе, заңнамада «оқу» сөзімен аударылған.
Орыс тіліндегі «сбор» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «жиын», «жинау», «алым» сөздері бекітілсе, заңнамада «жиын», «жинау», «алым» сөздерімен аударылған.
Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып,орыс тіліндегі «учебные сборы» сөз тіркесі қазақ тіліне « оқу-жаттығу жиындары» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+11
8.узел связибайланыс торабы
узел связи
байланыс торабы
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Байланыс торабы – байланыс қызметін және ортақ пайдалану желісіне қосылуды қамтамасыз ететін байланыс операторының техникалық құралдарының жиынтығы.

2. Әзербайжан: rabitə mərkəzi
3. Қырғыз: байланыш борбору
4. Өзбек: aloqa markazi
5. Түрік: iletişim merkezi
6. Ағылшын: communication center
7. Испан: centro de comunicación
8. Неміс: Kommunikationszentrum
9. Француз: centre de communication

10. Бекітілген нұсқасы: узел – торап түйін (2016 жылғы 28 маусым) связь – байланыс (2016 жылғы 28 маусым)

11. Заңнамадағы қолданысы: узел насосной станции – су құбыры
желiсi узел запуска-приема очистных устройств - тазарту құрылғыларын жіберу-қабылдау торабы кассовый узел – кассалық торап связь – байланыс

12. Орыс тіліндегі «узел» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «торап», «түйін» сөздері бекітілсе, заңнамада «торап», «түйін», «желі» сөздерімен аударылған.
Сонымен қатар орыс тіліндегі « связь » сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «байланыс» сөзі бекітілсе, заңнамада «байланыс» сөзімен аударылады.
Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып,орыс тіліндегі «узел связи» сөз тіркесі қазақ тіліне « байланыс торабы» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+11
9.форма полеваядалалық киім нысаны
форма полевая
далалық киім нысаны
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Далалық киім нысаны (форма – лат. forma «сыртқы түр»)– әскери қызметшілердің арнаулы нормативтік актілермен (жароықтармен, бұйрықтармен, ережелермен және т. б. ) белгіленген, қандай да бір мемлекеттің қарулы күштерінің және әскери қызмет көзделген басқа да құрылымдардың әскери қызметшілері міндетті түрде киетін киімі.

2. Әзербайжан: sahə forması
3. Қырғыз: талаа формасы
4. Өзбек: maydon shakli
5. Түрік: alan formu
6. Ағылшын: field form
7. Испан: formulario de campo
8. Неміс: Feldform
9. Француз: formulaire de champ

10. Бекітілген нұсқасы: форма права – құқық нысаны (2016 жылғы 7 желтоқсан) коэффициент формы – пішін коэффициенті (2016 жылғы 28 маусым) полевая криминалистика – жорықтық криминалистика (2016 жылғы 7 желтоқсан) телефон полевой – далалық телефон (2016 жылғы 28 маусым)

11. Заңнамадағы қолданысы: форма
– нысан, пішін поле – алаң өріс

12. Орыс тіліне латын тілінен енген (форма – лат. forma «сыртқы түр»)«форма» сөзі сөзінің қазақ тіліндегі баламасы «нысан», «пішін» сөздерімен бекітілсе, заңнамада «нысан», «пішін» сөздерімен аударылған.
Орыс тіліндегі « поле » сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «өріс», «алаң» сөздері бекітілсе, заңнамада «алаң», «өріс» сөздерімен аударылған.
Орыс тіліндегі « война » сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «соғыс» сөзі бекітілсе, заңнамада «соғыс» сөзімен аударылған.
Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып,орыс тіліндегі «форма полевая» сөз тіркесі қазақ тіліне « далалық нысан» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+3
10.цевьеқұндақ мойын
цевье
құндақ мойын
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Құндақ мойын – қарудың оқпан бекітілетін жоғарғы бөлігі.

2. Әзербайжан: ön qol
3. Қырғыз: кабарын аягы
4. Өзбек: bilak
5. Түрік: kundağı
6. Ағылшын: forearm
7. Испан: antebrazo
8. Неміс: Unterarm
9. Француз: avant-bras

10. Бекітілген нұсқасы: -

11. Заңнамадағы қолданысы: ружье охотничье с
перезарядкой цевьем – аңшылық
қайта оқталатын құндақты мылтық

12. Заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі «цевье» сөзі қазақ тіліне «құндақ мойын» сөз тіркесімен аударылуы қажет деп ойлаймыз.
Рейтинг
+9
11.эскортэскорт
эскорт
эскорт
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Эскорт (эскорт – итал. scorta) – бір нәрсені, бір адамды алып жүретін әскери айдауыл, күзет.

2. Әзербайжан: müşayiət etmək
3. Қырғыз: кароол
4. Өзбек: eskort
5. Түрік: eskort
6. Ағылшын: escort
7. Испан: escolta
8. Неміс: Eskorte
9. Француз: escorte

10. Бекітілген нұсқасы: -

11. Заңнамадағы қолданысы:
почетный эскорт – құрметті
эскорт

12. Заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып,орыс тіліне италян тілінен (эскорт – итал. scorta) «эскорт» сөзі қазақ тіліне «эскорт» сөзімен қолданылуы қажет деп санаймыз.
Рейтинг
+11
12.радиально-базисная функциярадиалды базистік функция
радиально-базисная функция
радиалды базистік функция
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Радиалды базистік функция - контекстке байланысты жасанды жүйке желісінің бір қабатында немесе басқа жағдайда активация функциясы ретінде пайдаланылатын бірдей типтегі радиалды функциялар жиынтығындағы функция.
Радиаль – лат. radialis «сәулелі».
Базис – грек. βάσις «негіз».
Функция - лат. functio «орындау».

2. Әзербайжан: radial əsas funksiyası
3. Қырғыз: радиалдык негиз функциясы
4. Өзбек: radial asos funktsiyasi
5. Түрік: radyal temel işlevi
6. Ағылшын: radial basis function
7. Испан: funcion de base radial
8. Неміс: Radialbasisfunktion
9. Француз: fonction de base radiale

10. Бекітілген нұсқасы: зазор радиальный - радиал саңылау (2015 жылғы 14 желтоқсан)
ставка базисная - базистiк мөлшерлеме (2017 жылғы 10 қараша)
функция – функция (2020 жылғы 25 маусым)
референтная функция – референттік қызмет (2020 жылғы 25 қараша)

11. Заңнамадағы қолданысы: функция – функция қызмет радиально-кольцевая структура - радиалдық-шеңберлі құрылым базисная - базистiк

12. Орыс тіліне латын тілінен енген(лат. radialis «сәулелі») «радиальный» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «радиал» сөзі бекітілсе, заңнамада «радиалдық» сөзімен аударылған.
Орыс тіліне грек тілінен енген(грек. βάσις «негіз») «базисная» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «базистік» сөзі бекітілсе, заңнамада «базистік» сөзімен аударылған.
Орыс тіліне латын тілінен енген(лат. functio «орындау, міндет, жарна») «функция» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «функция», «қызмет» сөздері бекітілген, заңнамада «функция», «қызмет» сөздерімен аударылған.
Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі« радиально-базисная функция » сөз тіркесі қазақ тіліне« радиалды базистік функция » сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+9
13.алгоритм случайного лесакездейсоқ үлестірім алгоритмі кездейсоқ орман алгоритмі
алгоритм случайного леса
кездейсоқ үлестірім алгоритмі кездейсоқ орман алгоритмі
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Кездейсоқ үлестірім алгоритмі кездейсоқ орман алгоритмі - Лео Брейман мен Адель Катлер ұсынған машиналарды оқыту алгоритмі шешуші ағаштар комитетін (ансамблін) қолданудан тұрады. Негізгі идея шешуші ағаштардың үлкен ансамблін қолдану болып табылады, олардың әрқайсысы жіктеудің өте төмен сапасын береді, бірақ олардың көптігіне байланысты нәтиже жақсы болады.
Алгоритм - лат. algorithmi Ортаазиялық математик Әл-Хорезми атымен байланысты.

2. Әзербайжан: təsadüfi meşə alqoritmi
3. Қырғыз: туш келди токой алгоритми
4. Өзбек: tasodifiy o`rmon algoritmi
5. Түрік: rastgele orman algoritması
6. Ағылшын: random forest algorithm
7. Испан: algoritmo de bosque aleatorio
8. Неміс: zufälliger Waldalgorithmus
9. Француз: algorithme de forêt aléatoire

10. Бекітілген нұсқасы: алгоритм – алгоритм (2016 жылғы 28 маусым)
закон распределения случайных величин - кездейсоқ шаманың таралу заңы (2016 жылғы 28 маусым)
лесное хозяйство - орман шаруашылығы (2016 жылғы 8 желтоқсан)

11. Заңнамадағы қолданысы: алгоритм – алгоритм случайный – кездейсоқ лес – орман

12. Орыс тіліне латын тілінен енген(лат. algorithmi – ортаазиялық математик Әл-Хорезми атына қойылған») «алгоритм» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «алгоритм» сөзі бекітілген, заңнамада «алгоритм» сөзімен аударылған.
Орыс тіліндегі « случайный » сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «кездейсоқ» сөзі бекітілген, заңнамада «кездейсоқ» сөзімен аударылған.
Орыс тіліндегі « лес » сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «орман» сөзі бекітілген, заңнамада «орман» сөзімен аударылған.
Бекітілген терминдер сөздігін, заңнамадағы қолданысын және мамандардың пікірін негізге ала отырып, орыс тіліндегі« алгоритм случайного леса » сөз тіркесі қазақ тіліне«кездейсоқ үлестірім алгоритмі» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+6
14.рандомизациярандомизация
рандомизация
рандомизация
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Рандомизация - 1. Шешім кездейсоқ қабылданатын статистикалық әдіс. 2. Экспериментте сыртқы айнымалыларды бақылау үшін кездейсоқтықты қолдану.
Рандомизация - ағылш. random «кездейсоқ».

2. Әзербайжан: təsadüfi seçim
3. Қырғыз: рандомизация
4. Өзбек: tasodifiy
5. Түрік: rastgeleleştirme
6. Ағылшын: randomization
7. Испан: aleatorización
8. Неміс: Randomisierung
9. Француз: randomisation

10. Бекітілген нұсқасы: -

11. Заңнамадағы қолданысы: рандомизация – процесс распределения субъектов исследования по группам лечения или контроля случайным образом, позволяющий свести к минимуму субъективность - рандомизация - зерттелетін субъектілерді емдеу және кездейсоқ түрде бақылау топтарына бөлу процесі, ол субъективтілікті азайтуға мүмкіндік береді

12. Орыс тіліне ағылшын тілінен енген(ағылш. random «кездейсоқ») «рандомизация» сөзі заңнамада «рандомизация» сөзімен аударылған.
Рейтинг
+8
15.трассировка лучейсәулелерді трассалау сәулелерді жолсызбалау
трассировка лучей
сәулелерді трассалау сәулелерді жолсызбалау
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Сәулелерді трассалау, сәулелерді жолсызбалау – сандық мазмұндағы табиғи көлеңкелердің, тірі жарықтың және шағылудың құпиясы. Технология фильмдер жасауда және 3D модельдеуде бұрыннан бері қолданылып келеді: ол суреттің тірі көрінуіне көмектеседі.
Трасса – ағылш. trace «із».

2. Әзербайжан: ray izləmə
3. Қырғыз: нур издөө
4. Өзбек: nurni kuzatish
5. Түрік: işın izleme
6. Ағылшын: ray tracing
7. Испан: trazado de rayos
8. Неміс: Raytracing
9. Француз: tracé laser

10. Бекітілген нұсқасы: трассировка – жолсызбалау (2016 жылғы 28 маусым)
сведение лучей - сәулелерді ұштастыру (2016 жылғы 28 маусым)

11. Заңнамадағы қолданысы: трассировка – трассировка, трассалау луч – сәуле

12. Орыс тіліне ағылшын тілінен енген(ағылш. trace «із») «трассировка» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «жолсызбалау» сөзі бекітілген, заңнамада «трассировка », «трассалау» сөздерімен аударылған.
Орыс тіліндегі «луч» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «сәуле» сөзі бекітілсе, заңнамада «сәуле» сөзімен аударылған.
Бекітілген терминдер сөздігін және заңнамадағы қолданысын негізге ала отырып, орыс тіліндегі« трассировка лучей » сөз тіркесі қазақ тіліне« сәулелерді трассалау » немесе« сәулелерді жолсызбалау» сөз тіркесімен аударылғаны жөн деп есептейміз.
Рейтинг
+4
Даурен Кусаин, Итеғұлова Сая Ағанасқызы
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.