"
Құрметті termincom.kz сайтының қолданушылары, «Химия» саласына келесі екі терминнің анықтамасы мен аудармасын қосуға ұсынамын.

Химия өнеркәсібі- еңбек заттарын, яғни шикізаттар мен материалдарды, химиялық әдістер арқылы өңдеуді қамтамасыз ететін өнеркәсіптің жетекші салаларының Толығырақ ...бірі.

Химиялық синтез- жай молекулалардан күрделі молекулаларды химиялық және физикалық әдістермен алу процесі.
#Қазақша нұсқасыОрысша нұсқасыРейтинг
1.Химия өнеркәсібіХимическая промышленность
2.Химиялық синтезХимический синтез
Askar Bazarbay, Итеғұлова Сая Ағанасқызы, Ai-kerim Qojahmet
  • ең алдымен осы синтез терминінің баламасын анықтап алайықшы. Бекітілген терминдер сөздігіне қарасақ, кей ғылымдарда "синтез" терминінің баламасы ретінде "жинақтау" терминін қолданып жүргенін байқауға болады. Мәселен, әдебиет және лингвистика саласында Толығырақ ... "анализ и синтез"-ді "талдау және жинақтау", іс жүргізу және архив саласында комплектование, синтезді жинақтау, дене тәрбиесі және спорт саласында "синтез белка"-ны "белок түзілуі", мәдениет және өнер саласында "синтез искусств" - "өнер тоғысы" деп береді. Әрине "синтез"-ді "синтез" түрінде баламасыз қабылдаған салалар да баршылық. Жалпы "химиялық синтез"-дің орыс тіліндегі анықтамасында "Химический синтез - это процесс создания или построения сложных молекул из более простых" делінген, яғни жай молекулалардан күрделі молекулалардың түзілуі. Сондықтан "химиялық түзіліс" немесе "химиялық түзілім" түрінде беруге болатын сияқты. Яғни синтез терминінің қазақша баламасын табуға болады деген ойдамын.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.