"
Құрметті Termincom.kz сайтының қауымдастығы,

Сіздерге электр инженериясында кеңінен қолданылатын келесі екі терминнің қазақ тіліндегі баламасы мен анықтамасын ұсынамын. Пікірлеріңізді білдірулеріңізді сұраймын.

1. Метод узловых потенциалов – Түйіндік потенциалдар әдісі.

Түйіндік потенциалдар әдісі – Толығырақ ...электр тізбегіндегі белгісіз шамаларды табу үшін айнымалы ретінде әр түйіндегі потенциалды таңдап, теңдеулер жүйесін құруға арналған алгоритм.

2. Метод контурных токов – Контурлық токтар әдісі.

Контурлық токтар әдісі – электр тізбегіндегі белгісіз шамаларды табу үшін айнымалы ретінде әр ішкі контурдағы токты таңдап, теңдеулер жүйесін құруға арналған алгоритм.
#Oryssha nusqasyQazaqsha nusqasyReıtıń
1.метод узловых потенциаловtúıindik potensıaldar ádisi
2.метод контурных токовkontýrlyq toktar ádisi
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Barlyq paıdalanýshylar

Eskertý! Habarlama qaldyrý úshin saıtqa kirý kerek.