Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

Менің ойымша берілгендер сөзін деректер сөзімен алмастырған жөн. Себебі деректер сөзін қолдану арқылы сөздің мағынасын тереңірек аша аламыз. Мысалы “ряд данных” сөз тіркесін “берілгендер қатары”-деп емес “деректер қатары”-деп қолданған дұрыс Толығырақ ...деп санаймын.


Екінші айтарым “айналым” терминіне байланысты. Бұл сөзді көпше түрде айналымдар деп қолдану қате деп санаймын. Себебі “айналым” сөзінің өзі шексіз циклдік қозғалысты білдіреді, сондықтан көптік жалғау қажет емес. Мысалы “айналымдар саны” дегеннің орнына “айналым саны” дегенді қолдану дұрыс.

Үшінші айтарым “жаңбырлар” сөзімен байланысты. “Жаңбыр” сөзі өзі көптік мәнді қамтиды, себебі жаңбыр табиғатта ұзаққа созылатын немесе қайталанбайтын құбылыс болып табылады. Сондықтан, “жаңбырлар” орнына “жаңбыр” деу жеткілікті.
  • Әдемі, қайырлы күн! Сіз айтып отырған "деректер қатары" термині статистика, информатика, экономика, машинаны оқыту салаларының термині ретінде қолданылады. Ал математика, физика салаларында "берілгендер қатары", яғни, "берілген сандар қатары" мағынасында Толығырақ ...қолданылады. Қорыта айтқанда, жоғарыда келтірілгендер мағына жағынан жақындығы бар терминдер болғанмен, саласына қарай өзіндік ерекшелігі де бар терминдер. Барлық жерде "деректер қатары" деп қолдана алмаймыз. Оның үстіне "берілген сан", "берілгендер қатары" терминдері математикада әбден қалыптасқан терминдер екенін ұмытпауымыз керек. Ал, "айналым", "жаңбыр" сөздерін, қолданысқа қарай терминдерін жеке түрде қолдану пікіріңіз өте орынды.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.