Құқық заңнамасында көптен бері басы ашылмай жүрген «сот өндірісі« деген термин бар. Сот заңгерлері мұның заңнамада қолданылып жүрген "сот ісін жүргізу" деген нұсқасымен келіспейді, олардың уәжі бойынша - "іс жүргізу"
Толығырақ ...- "делопроизводство" мағынасын білдіреді екен. Ал "өндіріс" ненің өндіріс сонда? Сот нені өндіреді, қаралған мәселе бойынша үкім шығарады, жаза тағайындайды емес пе? Әлде бұл арада аталған термин сот процесіне қатысты мағынаны ұғымдап отыр ма? Міне, осы тұрғыдан келгенде заңгерлер мен аудармашы мамандардың арасында бітпейтін дау орын алып келеді. Сондықтан екі жақты да бәтуаға келтіру орайында мен »сот атқарылымы» деген нұсқаны ұсынамын. Бұл өндіріс те емес, іс жүргізу де емес, сот процесінің атқарылуы мағынасын береді деген ойдамын.