| 1. | IP-адрес | IP-мекенжай | IP-адресIP-мекенжайайпимекенжай, ағылш. тілінен қысқартылған InternetProtocolAddress)ДефинициясыIP хаттамасы бойынша жасалған компьютер желісіндегі тораптың бірегей желілік мекенжайы. | +4 |
| 2. | Абсу́рд | Абсу́рд | Абсу́рдАбсу́рдлат. absurdus, «келіссіз, қисынсыз»Дефинициясыкең мағынада — қисынға келмейтін, үндеспейтін, мәнсіз. | -2 |
| 3. | Аккредита́ция | Аккредита́ция | Аккредита́цияАккредита́циялат. accredo, «сенім білдіру»Дефинициясынысанның белгіленген талаптар мен көрсеткіштерге (стандартқа) сәйкестігін ресми түрде растау рәсімі. | 0 |
| 4. | Акци́з | Акци́з | Акци́з Акци́з фр. acciseДефинициясыкөбіне халық жаппай тұтынатын тауарларға, жеке кәсіпорындардың қызметтеріне салынатын жанама (бағаның немесе тарифтің құрамына қамтылатын) салық түрі; сатып алушылар (тұтынушылар) төлейді. | +2 |
| 5. | Альтернати́ва | Альтернати́ва | Альтернати́ва Альтернати́ва француз тіліндегі alternative, латинша alter — екеуінің біреуіДефинициясыекі немесе бірнеше бір-бірін жоққа шығаратын мүмкіндіктердің біреуін таңдау қажеттілігі; бір-бірін жоққа шығаратын мүмкіндіктердің әрқайсысы. | -1 |
| 6. | Амби́ция | Амби́ция | Амби́ция Амби́ция лат. ambitioДефинициясымақсатқа қол жеткізуге ұмтылу, атаққұмарлық. Құрметтеудің, құрмет көрсетудің сыртқы белгілерін талап ету. | -1 |
| 7. | Андегра́унд | Андегра́унд | Андегра́унд Андегра́унд ағылш. unerground — астыртынДефинициясыорыс мәдениетіне қатысты — өнер мен әдебиетті басқарудың мемлекеттік-бюрократтық басқару стиліне қарсы жүйелі эстетикалық және экзистенциалдық наразылық түрі. | +2 |
| 8. | Анима́тор | Анима́тор | Анима́торАнима́торағылшын тілінен жасалған калька animatorДефинициясыбезендіру әртісі; әртүрлі іс-шараларда қандай да бір кейіпкерлерді бейнелейтін әртіс. | +2 |
| 9. | Аншлаг | Аншлаг | АншлагАншлагнем. anschlag—бұқараға жариялауДефинициясытеатр, цирк, кинотeатр және т.б. кассасыныңалдында билеттердің бәрі сатылып кетті деп айтылатын хабарландыру; газеттегі ірі айдар, тақырыпша. | +2 |
| 10. | Аншлюс | Аншлюс | АншлюсАншлюснем. anschluss—қосылуДефинициясымәжбүрлі түрде қосу саясаты (мысалы, Австрия мен Германия). | +2 |
| 11. | Апгре́йд | Апгре́йд | Апгре́йдАпгре́йданглицизм upgradeДефинициясыжаңғырту, жаңарту (бағдарламалық қамтамасыз етілім, аппаратура). | 0 |
| 12. | Апока́липсис | Апока́липсис | Апока́липсисАпока́липсисгрек. apokalypsis — уаһиДефинициясыИоанн уаһиі, сақталған христиандық әдеби шығармалардың көнесі (68 ж. ортасы —69 ж. басы) болып табылатын Жаңа Өсиет кітаптарының бірі. Шіркеу «ақыр заман» туралы, Христа мен антихриста арасындағы күрес, «қиямет күні», «құдайдың мың жыл бойы патшалық етуі» туралы көрегендіктің авторы Иоанн деп таниды. | -1 |
| 13. | Аргуме́нт | Аргуме́нт | Аргуме́нтАргуме́нтлат. argumentum — әңгіме, дәлел, тақырыпДефинициясыбелгілі бір пайымдаманың – тезистің ақиқаттылығын айғақтау мақсатында жеке немесе жиынтықта қолданылатын логикалық пайымдау. | -1 |
| 14. | Ареал | Ареал | Ареал Ареал лат. area — алаң, кеңістікДефинициясыжануарлардың немесе өсімдіктердің белгілі бір түрі (тұқымы, тұқымдасы және т.б.) кездесетін жер бетінің (немесе акваторийдің) бір бөлігі. | -1 |
| 15. | Аукцион | Аукцион | АукционАукционнем. auktionДефинициясыкөпшілік алдында жеңілдікпен сату. | 0 |
| 16. | Аура | Аура | АураАура лат. aura — «леп», «самал жел»Дефинициясыжұлдыз қабығы. | +1 |
| 17. | Ба́йкер | Ба́йкер | Ба́йкерБа́йкерағылш. biker, bike ← motorbike ← motorbicycle «мотоцикл»Дефинициясымотоциклдерге әуес адам. Негізінен қара былғары формадағы киім киетін, қамсыз, шебер мотоцикл жүргізушісі (бастапқыда велосипедтің жүргізушісі болатын). Қарапайым мотоцикл жүргізушілерімен салыстырғанда, байкерлер үшін мотоцикл өмір салтының бір бөлігі болып табылады. | +2 |
| 18. | Бакала́вр | Бакала́вр | Бакала́врБакала́врағылш. bachelor’sdegreeДефинициясыжоғары білімнің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғаларға берілетін академиялық дәреже немесе біліктілік. | +2 |
| 19. | Баллоти́рование или баллотировка | Дауысқа салу немесе дауысқа түсу | Баллоти́рование или баллотировкаДауысқа салу немесе дауысқа түсуфр. ballote, шар; итал. енген сөз ballotta; сондай-ақ фр. balloter, ұпай бойынша таңдау, дауысқа салуДефинициясысайлау тәсілі, дауысты жабық түрде немесе жасырын түрде беру. | +2 |
| 20. | Бана́льный-ая, ое; -лен, льна, льно | Қарабайыр | Бана́льный-ая, ое; -лен, льна, льноҚарабайырфр. BanalДефинициясыЖиі қайталау салдарынан айқындығын жоғалтқан, мезі қылған, қадірі кеткен, дөрекілеу. Қарабайыр сөз тіркесу. Пьесаның дөрекілеу аяқталуы. Дөрекілеу ым-ишара. | +2 |
| 21. | Ба́ртер | Ба́ртер | Ба́ртерБа́ртерфранц. barater — айырбастауДефинициясыбір затты ақша төлемей-ақ, екінші затқа айырбастау, яғни табиғи тауар айырбастау; «тауар үшін тауар» сызбасы бойынша іске асырылатын сауда мәмілесі. | -1 |
| 22. | Би́знес | Би́знес | Би́знесБи́знесағылш. business — ісДефинициясыкәсіпкерлік, коммерциялық немесе пайда табуға бағытталған басқа да қызмет түрі. | +2 |
| 23. | Бизнесме́н | Бизнесме́н | Бизнесме́нБизнесме́нағылш. BusinessMenДефинициясыбизнеспен шұғылданатын тұлға; кәсіпкер, коммерсант. | +2 |
| 24. | Блог | Блог | Блог Блог ағылш. blog (web+log дегеннен қысқарғанДефинициясыоқиғалардың интернет-журналы, интернет-күнделік) – веб-сайт, интернет желісіндегі жазба кітапшасының немесе жеке күнделіктің аналогы. | +3 |
| 25. | Блокба́стер | Блокба́стер | Блокба́стерБлокба́стерағылш. blockbuster — қуатты бомба, әуе бомбасы (бомба), block — махаллажәне bust — қирату, сөзбе-сөз: «махалланы қиратушы»Дефинициясы1942 жылы ойлап табылған неологизм, қалаларды қиратуға арналған бомба деген мағынаны білдіреді. Театр сленгіне келген бұл термин өте сәтті шыққан пьесаны білдіретін болды.1970 жылдары АҚШ-та күшті әсер тудыратын (бомбаның жарылу әсері) және соның нәтижесінде жалға беру жағынан көп ақша жинаған фильмдер блокбастер деп атала бастады. . | +2 |
| 26. | Боеви́к или э́кшен-фильм | Боеви́к немесе э́кшен-фильм (экшн-фильм) | Боеви́к или э́кшен-фильмБоеви́к немесе э́кшен-фильм (экшн-фильм)ағылш. actionmovie — сөзбе-сөз: әсер ететін фильмДефинициясынегізінен атыс-шабыс, төбелес, соңына түсіп қуу және т.б. сияқты зорлық-зомбылыққа баса назар аударылатын кинематограф жанры. | -1 |
| 27. | Бо̀йфре́нд | Бо̀йфре́нд | Бо̀йфре́нд Бо̀йфре́нд ағылш. boyfriendДефинициясыбірқатар тілде қалыптасқан англицизм. Қыз-келіншектердің артынан жүруші, олардың ашынасы. | -1 |
| 28. | Бомо́нд | Бомо́нд | Бомо́ндБомо́ндфр. вeau — «үздік», «жақсы» және monde — «қауым»Дефинициясы19 ғасырда француз тіліндегі Beaumonde деген сөз. Бомонд деген сөз алғаш рет орыс тіліндегі сөздіктерде 1863 жылы кездескен екен, оның білдіретін мағынасы «зиялы қауым» (петербургтік бомонд, уездік бомонд). Қазіргі таңда «бомонд» сөзінің әлеуметтің мағынасы жоғалып, жазушылар, театр және кино әртістері, суретшілер және т.б. ортасы сияқты белгілі бір ортаның ең үздік өкілдері мағынасында қолданылатын болды. | -1 |
| 29. | Бо́нус | Бо́нус | Бо́нусБо́нуслат. bonusДефинициясықосымша сыйақы, ынталандыру, үстеме ақы, сыйақы. | +2 |
| 30. | Боулинг | Боулинг | БоулингБоулингағылш. tobowl — дөңгелетуДефинициясыкегль ойнаудан туындаған шар ойнау деген спорттық ойын. Ойынның мақсаты — қолмен дөңгелететін азғантай шармен жолдың соңында ерекше түрде орналастырылған кегльдерді құлату. | +2 |
Бұл қатардағы апокалипсис, аншлюс, апгрейд, ареал, аниматор дегендер жақсы. Ал неліктен аргумент - аргумент, амбиция - амбиция, абсурд - абсурд, аккредитация - аккредитация, альтернатива - альтернатива болуы КЕРЕК???? Аргумент - Толығырақ ...дәлел, амбиция - менмендік, кеудесоқтық, шамданушылық, абсурд - мағынасыз, мазмұнсыз, ақылға сыймайтын, аккрдитация - аккредиттеу, альтернатива - мүмкіндік, тым болмаған жағдайдың өзінде де альтернатива емес альтернатив болуы керек шығар.....
Аргументті - дәлел, ал альтернативаны балама десек қайтеді?
Заманауи терминдер бөліміндегі сөздерді оқып, ағылшын тілі сөздігімен танысып отырмын ба деп қалдым. Рас, заманауи технологияға сай сайт, чат, скриншот т.б. сөздер белсенді қолданысқа еніп кетті. Заман талабы Толығырақ ...соны қажет етіп тұр. Ал бұл тізімде ауызекі сөйлеуде орныға бастаған, тіліміздің шұбарлануына қызмет ететін сөздер де толып жүр. Мысалы, шопинг, тинейджер, тренд, уик-энд, риелтор, профи т.б. Дүкен аралау, бозбала, үрдіс, демалыс уақыты, жылжымайтын мүлік делдалы, кәсіпқой т.б. деп айтсақ, заманауи болмай қаламыз ба әлде бізді біреулер білімсіз деп қалады деп қорқамыз ба?! Бұл не масқара! Егер аталған сөздер ағылшын-қазақ тілі сөздігінде баламасыз орын алса, аудармасын білмеген-ау дер едік, егер алдағы уақытта терминдер сөздігінде берілсе, оны қалай қабылдамақпыз?! Ойланайық...
Басқа пікірлерді көрсету