Құрметті әріптестер, аудармашылар, терминологтар және ағылшын тіліні жоғары деңгейде білетіндер!
Әріптесім екеуміз мәдениет саласы бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі терминологиялық қор жасап жатырмыз. Жұмысымыз Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Толығырақ ...№ 207 «Мәдениет туралы» Заңына және 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 212-VI «Кинематография туралы» Заңына сүйенеді. Осы екі заңнан барлығы 100 термин іріктеп алдық.
Бұл заңдардың ресми мәтіні тек қазақ және орыс тілдерінде бекітілген. Әділет (adilet.zan.kz) жүйесіндегі ағылшын тіліндегі нұсқасы ресми емес аударма. Сапасы төмен, машиналық аудармаға ұқсайды: калькалар мен «жалған достар» (false friends) жиі кездеседі, ал соңғы өзгерістер мүлде енгізілмеген. Сондықтан көп терминнің ағылшынша баламасын өзіміз іздеп, ЮНЕСКО құжаттары мен сөздіктер арқылы тексердік.
Төмендегі терминдердің баламасы әлі расталмаған, қазір олар тек ұсыныс (candidate) ретінде тұр. Пікіріңіз, түзетуіңіз немесе дереккөзге сілтемеңіз үшін риза боламыз.
Киноспектакль → filmed stage performance. Әділеттегі «film play» ағылшынша жай ғана «фильм» дегенді білдіреді. Театр қойылымын экранға түсіру мағынасы жоғалып кетеді.
Креативті қызмет → creative-industry activity. Әділет мұны да, «шығармашылық қызметті» де «creative activity» деп береді. Бірақ бұл шығармашылық нәтижені коммерцияландыруға байланысты экономикалық қызмет, яғни басқа ұғым.
Мәдениет қызметкері → cultural worker / culture professional. Әділетте бірнеше нұсқа бар («cultural worker», «worker of culture»). Бұл ұғымды «шығармашыл қызметкерден» (artist) ажырату керек.
Сырттан шақырылған шығармашыл қызметкер → guest artist / freelance creative worker. Әділеттегі «third-party creative worker» түсінікті, бірақ тым заңгерлік естіледі. Мағынасы: ұйыммен еңбек қатынасы жоқ, шарт негізінде тартылған маман.
Қоюшы топ → production team / creative team. Әр театр қойылымы үшін құрылатын шығармашыл топ. Ағылшын театр тәжірибесінде қай атау қалыптасқанын білу керек (Әділетте «production group»).
Alań
Maqalalar
Kitaptar
Bıblıografıa
