Шырай категориясы тек сапалық сын есімге тән категория деп айтылады. Бірақ, біз «ақылдырақ, көңілдірек, жайлырақ» деп қолданамыз ғой, осы мәселені түсінбедім?
Сәлеметсіз бе, Ырысай Қойшыбай! Бір заттың сынын, сапасын екінші заттың бір тектес белгісімен салыстырып, сол салыстырылатын белгілердің бір-бірінен сəл кем я артық екенін білдіретін сапалық сын есімнің шырайы салыстырмалы шырай Толығырақ ...деп аталады. Салыстырмалы шырай екі түрлі жолмен жасалады: 1) -рақ/ -рек, -ырақ/ -ірек, -лау, -леу,-дау, -деу, -тау, -теу, -ғыл/-гіл, -ғылт/-қылт, -ғылтым/-қылтым, -шыл/-шіл, -шылтым/ -шілтім, -ғыш, -ілдір жұрнақтарының сын есім түбірге жалғануы арқылы. Мысалы, жасылырақ, үлкенірек, жақсырақ, кішірек, үлкендеу, кішілеу, қысқалау, сұрғылт, ақшылтым т.б.; 2) салыстырылатын зат не құбылыс шығыс септігінде тұрып, одан кейін сын есімнің айтылуы арқылы. Мысалы, менен үлкенірек, ана есептен қиынырақ, ағасынан кішірек, т.б.
Дереккөз: Қазіргі қазақ тілі морфологиясы: Оқулық. Г. О. Сыздықова – Алматы, 2012. – 160 бет
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы әзірледі.