Уа, халайық!
Қазақ тілі бүгінгі таңда жаңа заманауи сын-қатерлерге бетпе-бет келуде. Соның бірі – шет тілдерінен енген сөздерді қазақ тілі заңдылықтарына сай бейімдеу мәселесі.
Шет тілдеріндегі сөздерді сол күйінде немесе орыс тілінің Толығырақ ...емлесіне сүйеніп қабылдау тіліміздің табиғи үйлесімін бұзып, байлығына нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан барлық кірме сөздерді қазақ тілінің дыбыстық және грамматикалық жүйесіне сәйкестендіру өте маңызды.
Бұл тіліміздің ұлттық сипатын сақтап, келер ұрпаққа жеткізудің бірден-бір жолы. Осыған орай, шет тілінен енген сөздерді бейімдеудің нақты ережелерін құрастырып, оны кеңінен насихаттауды қолға алу қажет деп санаймын.
Кеш жарық! Мәселен, ел, қала атауларын қалай бейімдегеніміз абзал?
Кеш жарық! Егер ел мен қала атауларының тарихи қазақша атаулары болса, соларды қайтару керек. Мысалы, Сирия – Шам, Палестина – Құддыс, Рим – Ұрым, Саратов – Сарытау, Греция – Жұнаныстан. Толығырақ ...Ал тарихи атауы жоқ елдерді қазақ тілінің заңдылығына сай бейімдеген жөн. Мысалы, Алаш арыстары Германияны – Кермен, Францияны – Пырансы деп атаған.
Сәлеметсіз бе, Gulnaz! Орыс тілі арқылы енген географиялық атаулар (жалқы есімдер) орыс тіліндегі түрінде жазылады: Орехово-Зуево, Великие Луки, Лос-Анжелос, Рио-де-Жанейро, Бомбей, Куала-Лумпур.Аталуы бұрыннан қазақша Толығырақ ...қалыптасқан кейбір жер-су, мемлекет,қала т.б. аттары сол қазақша қалыптасқан түрінде жазылады: Қытай (Китай емес), Қырым (Крым емес), Омбы (Омск емес), Шыңжаң (Синьцзянь емес). Рәбиға Сыздық. C 94 Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000,-532 б.