1. | аварийные частоты | авариялық жиілік | аварийные частотыавариялық жиілікСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Авариялық желілік – апат немесе авария туралы хабарлау кезінде кеме немесе жағалау радиостанциясы жұмыс істейтін халықаралық тербеліс жиілігі (толқын ұзындығы). радио алмасу. 2. Этимологиясы: авария (араб.عوار awâr, итал. avaria, фр. avarie) - «зақым». 3. Өзбек: favqulodda vaziyat chastotasi 4. Түрік: acil durum frekansı 5. Ағылшын: emergency frequency 6. Неміс: notfrequenz 7. Бекітілген нұсқасы: аварийная ситуация – авариялық жағдай (төтенше жағдай) (2015), авария – авария (төтенше жағдай) (2015), частота – жиілік (2016) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығы. ... авариялық жағдайын төмендетуге ...
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 Заңы. ... авариялық және басқа да қызметтермен тегін жалғанымдарды ...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығы. ... өте жоғары жиілік диапазонында ... 9. Ұсыныстар: "авариялық жиілік" терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Көлік және қатынас жолдары, Механика және машинатану, Машинажасау, Заңтану, Информатика және есептеуіш техника, Әскери іс, Электроника, радиотехника және байланыс
| +5 |
2. | аномальная жара | аномалды ыстық, аномальді ыстық, қатты ыстық, аптап ыстық | аномальная жарааномалды ыстық, аномальді ыстық, қатты ыстық, аптап ыстықСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Аномалды ыстық, аномальді ыстық, қатты ыстық, аптап ыстық – сыртқы температура +32 °C және төмен (24% - дан аз) ауаның салыстырмалы ылғалдылығымен сипатталатын әдеттен тыс ыстық және құрғақ ауа райының ұзақ кезеңі. Басты өзіне тән ерекшелігі-плюс температураның қалыптыдан 6-7 °C жоғары ұзақ мерзімді өсуі. 2. Этимологиясы: аномалия (гр. anomalia) – "теңсіздік". 3. Өзбек: anormal issiqlik 4. Түрік: anormal ısı 5. Ағылшын: abnormal heat 6. Неміс: abnormale Hitze 7. Бекітілген нұсқасы: аномалии – аномалиялар (2019), аномалия – ауытқу (жалпы тех.) (1995), аномалия – аномалия, ауытқу (лингв.) (1971), аномалия климатическая – климаттық аномалия (2024), жарoустoйчивoсть – ыстыққа төзімділік (2022) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 793 қаулысы. ... ыстық, аптап, ұзақ созылмайтын қыста салыстырмалы түрде ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1278 Қаулысы. ... аномалдық табиғат құбылыстарының жағымсыз салдарлары...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 721 бұйрығы. ... қар, жаңбыр жауғанда, аптап ыстықта, суықта ... 9. Ұсыныстар: басқа тілдегі қолданысқа сәйкес "аномал ыстық" деп бекітуге болар еді, бірақ заңнамалық құжаттарда "аптап ыстық" термині алынған екен және осы қолданысты қолдаймыз. 10. Қолданылу саласы: Су шаруашылығы, Энергетика, Медицина, Әскери іс, Геология, геодезия және география, Экология, Биология, Ауыл шаруашылығы
| +1 |
3. | вакцинация | вакцинация: егу жұмыстары | вакцинациявакцинация: егу жұмыстарыСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Вакцинация: егу жұмыстары – белгілі бір ауруға қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған іс-шара. Ол бір немесе бірнеше рет болуы мүмкін. 2. Этимологиясы: вакцинация (лат. vaccina, франц. vaccination, vacuna, ) - "сиырдың, сиырдікі", вакцина". 3. Өзбек: emlash 4. Түрік: aşılama, vaksinasyon 5. Ағылшын: vaccination 6. Неміс: impfung 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 30 маусымдағы № 80-VI ҚРЗ. ... вакцинация алуға құқығы бар ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 10 сәуір N 176-II. ... сәбилердi вакцинациялау саласында айтарлықтай прогресс ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы N 1113 Жарлығы. ... профилактикалық іс-шара вакцинация болып табылады... 9. Ұсыныстар: түрік, өзбек тілдерінде "вакцинация" терминінің ұлт тілдеріндегі баламасы берілген. Қазақ тіліндегі заңнамалық құжаттарда шеттілдік нұсқасы қолданыста. Түркі тілдерінің қолданысын ескере отырып, "егу" немесе "егу жұмыстары" терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Медицина, Ауыл шаруашылығы
| -5 |
4. | ватно-марлевая повязка | мақта-мата таңғыш, вата-дәке таңғышы, мақта-дәкелі таңғыш | ватно-марлевая повязкамақта-мата таңғыш, вата-дәке таңғышы, мақта-дәкелі таңғышСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Мақта-мата таңғыш, вата-дәке таңғышы – жаралар мен зақымдануларды қорғауға, сондай-ақ инфекциялардың алдын алуға арналған медициналық бұйым, тыныс алу органдарын қорғаудың қарапайым құралы. 2. Этимологиясы: вата (араб.wáḍḍa не batin, нем. Watte, фр. ouatte) - «астар», "мақта", "қаздың мамығы". 3. Өзбек: paxta doka bandaji 4. Түрік: pamuklu gazlı bez pansuman 5. Ағылшын: cotton gauze bandage 6. Неміс: baumwoll-Gaze-Verband 7. Бекітілген нұсқасы: хлопок – мақта (2022), марля бытовая – тұрмыстық дәке (2021), индивидуальный перевязочный пакет – жаратаңғыш жеке пакеті (төтенше жағдайлар) (2015), повязка – таңғыш (мед.) (1971) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 28 мамырдағы № 45-VII ҚРЗ. ... дәке және дәкеден жасалған бұйымдар ... , ... мақта және мақтадан жасалған бұйымдар ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі N 364 Жарлығы. ... барлық құрамына арналған жеке таңғыш пакеттері ...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 11 шiлдедегi № 430 бұйрығы. ... Мақта-дәкелі таңғыш ... 9. Ұсыныстар: ватно-марлевая повязка" терминінің сөзбе-сөз аудармасы –"мақта-дәкелі таңғыш" және ол заңнамалық құжатта да қолданылған, "марля-дәке" деп бекітілген. Сондықтан "мақта-дәкелі таңғыш" терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі, Медицина, Әскери іс, Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет
| -7 |
5. | ведомственный секретный архив | ведомстволық құпия архив | ведомственный секретный архивведомстволық құпия архивСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Ведомстволық құпия архив – мемлекеттік немесе корпоративтік құпияға жатқызылған ақпаратты қамтитын құжаттар мен материалдардың мамандандырылған құрылымдық бөлімшесі. Мұндай мұрағаттарды ерекше маңызы бар және қолжетімділікті қатаң бақылауды талап ететін құжаттарды сақтау үшін әртүрлі ведомстволар (министрліктер, агенттіктер, ірі корпорациялар) ұйымдастырады. 2. Этимологиясы: ведомство (еж.славян. вѣдѣти, шіркеу.славян. vědti) ""білу", "белгілі, таныс"; архив (лат. archium, archivum; еж.гр. ἀρχεῖον) - «қатысатын орын". 3. Өзбек: idoraviy maxfiy arxiv 4. Түрік: departman gizli arşivi 5. Ағылшын: departmental secret archive 6. Неміс: Abteilungsgeheimnisarchiv 7. Бекітілген нұсқасы: архив ведомственный – ведомстволық архив (2016), секретно – құпия (2023), секретные распорядительные документы – құпия өкімдік құжаттар (2022), тайна – құпия (2009) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 808 Жарлығы. ... ұйымдардың ведомстволық архивтерін паспорттау ... Қазақстан Республикасы ... Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 163 Жарлығы. ... ведомстволық архивті, анықтамалық, ақпараттық жүйелер ... Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығы. ... архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау ...
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I Заңы.... мемлекеттік емес құпиялары бар құжаттарын пайдаланудағы шектеулер ... 9. Ұсыныстар: "ведомстволық құпия архив" термині заңнамалық құжаттарда ұшыраспады. Бекітілген терминдік тіркестерді, терминдерді басшылыққа ала отырып, "ведомстволық құпия архив" терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік, Философия және саясаттану, Заңтану, Әскери іс, Тарих, Іс жүргізу және мұрағат ісі
| -1 |
6. | ветромер, анемометр | желөлшеуіш | ветромер, анемометржелөлшеуішСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Желөлшеуіш – желдету сияқты жүйелердегі газдардың, ауаның қозғалу жылдамдығын өлшеуге арналған құрал. 2. Этимологиясы: желөлшеуіш (еж. грек (от др. -греч. – жел, μετρέω - өлшеймін) 3. Өзбек: shamol o'lchagich 4. Түрік: rüzgar ölçer 5. Ағылшын: anemometer 6. Неміс: Windmesser 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 197 Заңы. ... Метеорологиялық аспаптар /мысалы, актинометр, анемометр ...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 6 бұйрығы. ... 151. Анемометр ...
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 484 бұйрығы. ... шектегіштің релелік блогында және анемометрдің өлшеу блогында пломбалардың болмауы ... 9. Ұсыныстар: заңнамалық құжаттарда тек "анемометр" термині қолданылған. Басқа тілдердегі қолданысын қарастыра келе, "желөлшегіш" терминін бекітуді ұсынамыз. 10. Қолданылу саласы: Көлік және қатынас жолдары, Әскери іс, Геология, геодезия және география
| +3 |
7. | вещество радиоактивное | радиоактивті зат, радиоактивті заттек, радиактивті заттек | вещество радиоактивноерадиоактивті зат, радиоактивті заттек, радиактивті заттекСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Радиоактивті зат, радиоактивті заттек –құрамында табиғи немесе жасанды радиоактивті изотоптар бар заттар. Көп мөлшерде радиоактивті заттек ядролық жарылыстар мен ядролық реакторлардың жұмысы кезінде пайда болады. 2. Этимологиясы: радиоактив (лат. radius, гр. ραδίος +лат. activus) - "сәуле шығару"немесе" радиациямен байланысты"+ "белсенді". 3. Өзбек: radioaktiv modda 4. Түрік: radyoaktif madde 5. Ағылшын: radioactive substance 6. Неміс: radioaktive Stoffe 7. Бекітілген нұсқасы: радиоактивное вещество - радийбелсенді зат (2018), радиоактивное загрязнение - радиактивті ластану (2022), вещество - заттек (2021) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 11 маусымдағы № 125 Заңы. ... бұйымдар және пайдаланылған радиоактивті заттар, ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 735 Жарлығы. ... жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып ...
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі. ... полигонға радиоактивті заттардың түсуін болғызбау үшін ... 9. Ұсыныстар: берілген терминнің бекітілген нұсқасы сала мамандары арасында қолдау таппағандықтан, қайта бекітуге ұсынылып отырған болу керек. "Радиактивті заттек" терминін бекітуге ұсыну себебіміз: "радиоактивті" деген терминде -о басқа тілде сөз бен сөзді байланыстырушы интерфикс, ал қазақ тілінде интерфикссіз екі сөзді біріктіруге болады, ал бекітілген "заттек" заттың сұйық, газ, бу күйін білдіреді. 10. Қолданылу саласы: Физика және астрономия, Медицина, Әскери іс, Экология
| -1 |
8. | взрывная травма | жарылыстан болған жарақат, жарылыс жарақаты | взрывная травмажарылыстан болған жарақат, жарылыс жарақатыСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Жарылыстан болған жарақат – жарылғыш заттардың жарылуы нәтижесінде пайда болатын көп факторлы жарақат. Соққы толқынының, жарылған снарядтың, газдың, жалынның, улы заттың әсерінен пайда болады. 2. Этимологиясы: жарылыс (лат. explosionem) - "тарату" 3. Өзбек: portlash jarohati 4. Түрік: patlayıcı travma 5. Ағылшын: explosion injury 6. Неміс: explosives Trauma 7. Бекітілген нұсқасы: взрыв - жарылыс (2006), баротравмы - барожарақаттар (2019) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 209 Заңы. ... жарылыс салдарынан жарақаттану сияқты ...
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 610 бұйрығы. ... Жарылыс жарақаты ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 187 Жарлығы. ... улану мен жарақаттанудан сақтандыру шараларын сақтауға ... 9. Ұсыныстар: аудармаларды, заңнамалық құжаттардағы қолданыстарды, сондай-ақ терминнің ықшамдылық талабына сәйкес "жарылыс жарақаты" терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Медицина, Әскери іс
| +5 |
9. | взрывные работы | жарылыс жұмыстары, жару жұмыстары | взрывные работыжарылыс жұмыстары, жару жұмыстарыСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Жарылыс жұмыстары, жару жұмыстары – жарылысты дайындау және өндіру жөніндегі технологиялық операциялардың жиынтығы, оның ішінде жарылыс жобасын жасау, желіні монтаждау, бекеттерді орналастыру, жарылыс және жарылыс нәтижелерін тексеру. 2. Этимологиясы: жарылыс (лат. explosionem) - "тарату" 3. Өзбек: portlash ishlari 4. Түрік: patlatma işleri 5. Ағылшын: blasting operations 6. Неміс: Sprengarbeiten 7. Бекітілген нұсқасы: большой взрыв - үлкен жарылыс (2019), работа (физ.) - жұмыс (2023), противофонтанные работы - фонтанға қарсы жұмыстар (2022) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығы. ... Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 264 қаулысы. ... Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1201 қаулысы. ... іс-шаралар есебінен жарылыс жұмыстары кезінде ... 9. Ұсыныстар: сараптама қорытындысы "жарылыс жұмыстары" терминін бекітуді қолдайды. 10. Қолданылу саласы: Медицина, Әскери іс
| +5 |
10. | взрывные устройства | жарылыс құрылғы, жарылғыш қондырғылар, жарылғыш құрылғылар | взрывные устройстважарылыс құрылғы, жарылғыш қондырғылар, жарылғыш құрылғыларСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Жарылыс құрылғы, жарылғыш қондырғылар, жарылғыш құрылғылар – бұл жарылыс қабілеті бар, ерекше түрде жасалған және адамдарды зақымдауға немесе жоюға, сондай-ақ әртүрлі нысандарды зақымдауға арналған бір рет қолданылатын техникалық құрылғы. 2. Этимологиясы: жарылыс (лат. explosionem) - "тарату" 3. Өзбек: portlovchi qurilmalar 4. Түрік: patlayıcı cihazlar 5. Ағылшын: explosive devices 6. Неміс: sprengsätze 7. Бекітілген нұсқасы: взрыв - жарылыс (2006), ядерный взрыв - ядролық жарылыс (2018), устройство - құрылғы (2020), установка - қондырғы (2020) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 285 Жарлығы... іс-шаралары өткізілетін орындарда жарылғыш құрылғыларды, жарылу қаупі бар заттарды залалсыздандыру және жою ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 19 ақпан N 295-ІІ ... жарылғыш қондырғыларды" деген сөздермен толықтырылсын ...
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ. ... жарылғыш материалдарды, пиротехникалық заттарды, радиоактивтi, бактериологиялық, химиялық және өзге де экологиялық қауiптi заттар ... 9. Ұсыныстар: лингвистикалық сараптама көрсеткендей, "взрывные устройства" терминінің баламасы заңнамалық құжаттарда бірнеше нұсқада қолданылған. Бектітілген нұсқаларды қарай келе, "жарылғыш құрылғыны" бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Заңтану, Әскери іс
| -9 |
11. | взрывобезопасность | жарылыс қауіпсіздігі | взрывобезопасностьжарылыс қауіпсіздігіСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Жарылыс қауіпсіздігі – өндірістік процестің жайы, бұл кезде жарылыс болу ықтималдығы жоқ болады немесе ол туындаған жағдайда жарылыстың қауіпті, зиянды факторларының әсер етуі тоқтатылады және материалдық құндылықтың сақталуы қамтамасыз етіледі. 2. Этимологиясы: жарылыс (лат. explosionem) - "тарату" 3. Өзбек: portlash xavfsizligi 4. Түрік: patlamaya dayanıklı 5. Ағылшын: explosion safety 6. Неміс: Explosionssicherheit 7. Бекітілген нұсқасы: взрывоопасный - жарылыс қауіпті (төтенше жағдай) (2015), безопасность - қауіпсіздік (2020) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 314 Заңы ... жарылыс қауіпсіздігі бөлігінде машиналар мен жабдықтарға ...
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығы. ... өрт-жарылыс қауіпсіздігін білдіретін инженерлік-техникалық құрылғыларға ...
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 1035 бұйрығы. ... жарылыс қауіпсіздігін білдіретін инженерлік-техникалық құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуді ... 9. Ұсыныстар: сараптама қорытындысы "жарылыс қауіпсіздігі" терминін бекітуді ұсынады. 10. Қолданылу саласы: Заңтану, Әскери іс, Кен ісі және металлургия, Химия
| +10 |
12. | взрывоопасная смесь | жарылуы қауіпті қоспа,
қауіпті жарылғыш қоспа | взрывоопасная смесьжарылуы қауіпті қоспа,
қауіпті жарылғыш қоспаСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Жарылуы қауіпті қоспа – ауаның немесе тотықтырғыштың жанғыш газбен, жанғыш сұйықтықтардың буымен, жанғыш шаң немесе талшықтармен қоспасы, олар белгілі бір концентрацияда және жарылыстың басталу көзі пайда болған кезде жарылуы мүмкін. 2. Этимологиясы: жарылыс (лат. explosionem) - "тарату" 3. Өзбек: portlovchi aralashma 4. Түрік: patlayıcı karışım 5. Ағылшын: explosive mixture 6. Неміс: explosives Gemisch 7. Бекітілген нұсқасы: вещество взрывоопасное - қауіпті жарылғыш заттек (2021), разделение смеси - қоспаны бөлу (2024), смесь - қоспа (1995), атмосфера, взрывоопасная - жарылу қаупі бар атмосфера (2018) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 18 қазандағы № 69-VII ҚРЗ. ... жарылу қаупі бар заттармен ...
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 295 Заңы. ... жарылуы қауіпті заттарды, лақтыратын жарылғыш заттарды ...
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 1171 бұйрығы. ... полигондарды жарылу қаупі бар заттардан тазартуды ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 688 қаулысы ... жарылу қаупі бар заттармен ... 9. Ұсыныстар: бірізділік үшін бекітілген "қауіпті жарылғыш заттек" термині сияқты "қауіпті жарылғыш қоспа" деп бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Физика және астрономия, Әскери іс, Кен ісі және металлургия
| -4 |
13. | взрывопожарные вещества | жарылу, өртену қауіпі бар заттар, жарылу, өртену қаупі бар заттек, жарылу-өртену қаупі бар заттек | взрывопожарные веществажарылу, өртену қауіпі бар заттар, жарылу, өртену қаупі бар заттек, жарылу-өртену қаупі бар заттекСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Жарылу, өртену қауіпі бар заттар, жарылу, өртену қаупі бар заттек – жалын пайда болғанда жарылуы мүмкін немесе динитробензолға қарағанда шайқауға, үйкеліске сезімтал қабілетке ие жарылғыш заттектер: ауада жанғыш газ бен будың жанғыш сұйықтықтары, сондай-ақ жүзгін ауада (аэрозольдар) жанғыш шаң және тамшылап жанғыш сұйықтықтар. 2. Этимологиясы: жарылыс (лат. explosionem) - "тарату" 3. Өзбек: portlovchi, yonuvchan modda 4. Түрік: patlayıcı, yangın tehlikesi olan madde 5. Ағылшын: explosion-a substance at risk of fire 6. Неміс: Sprengstoff 7. Бекітілген нұсқасы: технические опасности - техникалық қауіптер (2023), атмосфера взрывоопасная - жарылу қаупі бар атмосфера (2018) 8. Заңнамадағы қолданысы: Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 172 шешімі ... Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған ...
Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 8 қазан N 471-I. ... жарылу-өртену қаупі бар және ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 766 қаулысы. ... байланысқа түспейтін заттектер мен заттектер комбинациясынан басқа ... 9. Ұсыныстар: сараптама қорытындысы "жарылу, өртену қаупі бар заттек" немесе "жарылу-өртену қаупі бар заттек" деп бекітуді ұсынады. 10. Қолданылу саласы: Энергетика, Заңтану, Әскери іс, Экология
| -7 |
14. | виды безопасности | қауіпсіздік түрлері | виды безопасностиқауіпсіздік түрлеріСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Қауіпсіздік түрлері – экологиялық қауіпсіздік, Ұлттық қауіпсіздік, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік, экономикалық қауіпсіздік, әскери қауіпсіздік, ішкі қауіпсіздік, сыртқы қауіпсіздік. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: xavfsizlik turlari 4. Түрік: güvenlik türleri 5. Ағылшын: types of security 6. Неміс: arten der Sicherheit 7. Бекітілген нұсқасы: отраслевой центр информационной безопасности - ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы (2022), безопасность - қауіпсіздік (2020), виды деятельности вспомогательные - қызметтің қосалқы түрлері (2016) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 16-VIII ҚРЗ. ... Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі кезінде ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 893 Жарлығы. ... Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Жаңғызтөбе" жабдықтау басқармасы" ...
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі. ... орындауға қойылатын қауіпсіздік талаптары сақталса, тасуға жол беріледі... . 9. Ұсыныстар: қазақ тілінің заңдылықтарына, терминжасам талаптарына толық сай келетін "қауіпсіздік түрлері" терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Әскери іс, Электроника, радиотехника және байланыс, Экономика және қаржы, Экология
| +10 |
15. | виды ядерных взрывов | ядролық жарылыс түрлері | виды ядерных взрывовядролық жарылыс түрлеріСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Ядролық жарылыс түрлері – ауада әртүрлі биіктікте, Жер бетінде (су) және жер астында (су астында) жүзеге асырылуы мүмкін. Осыған сәйкес ядролық жарылыстар әуе, биіктік, жер үсті (жер үсті) және жерасты (су асты) болып бөлінеді. 2. Этимологиясы: ядро (гр. hadros) - "күшті, берік". 3. Өзбек: yadro portlashlarining turlari 4. Түрік: nükleer patlama türleri 5. Ағылшын: types of nuclear explosions 6. Неміс: arten von nuklearen Explosionen 7. Бекітілген нұсқасы: ядерный взрыв - ядролық жарылыс (2018), ареал вида - түр ареалы (2024) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 938 Жарлығы ... кез келген ядролық жарылыстар жасауға және ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 14 желтоқсан N 270-ІІ. ... ядролық қарудың барлық сынақтық жарылыстарын ...
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ. ... немесе ядролық материалдарды заңсыз иемдену ... 9. Ұсыныстар: терминдік тіркестің бекітілген сыңарларын, аудармаларды қарастыра келе, "ядролық жарылыс түрлері" терминін бекіту ұсынылды. 10. Қолданылу саласы: Энергетика, Әскери іс, Экология, Биология
| +8 |
16. | виновник пожара | өрттің шығуына себепкер,
өртке кінәлі,
өрт айыпкері,
өрт себепкері (1999) | виновник пожараөрттің шығуына себепкер,
өртке кінәлі,
өрт айыпкері,
өрт себепкері (1999)Саласы Этимологиясы Дефинициясы1. Өрттің шығуына себепкер, өртке кінәлі, өрт айыпкері, өрт себепкері – әрекеті немесе заңсыз әрекетсіздігі өрттің пайда болуына әкелген адам. Кінәлі адам өртті есепке алу карточкасында көрсетіледі, онда әлеуметтік мәртебесі және оның жасы, оның өрт объектісіне қатынасы және физиологиялық жағдайы (мысалы.. өрттің кінәсі алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде болған) көрсетіледі. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: yong'in aybdor 4. Түрік: yangının faili 5. Ағылшын: culprit of the fire 6. Неміс: der Täter des Feuers 7. Бекітілген нұсқасы: виновник пожара - өрт себепкері (1999) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 7 маусымдағы № 217 бұйрығы. ... өрттің туындау себебі мен оған кінәлі тұлғалар туралы мәлімет ...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 18-02/42 бұйрығы. ... Өрттің шығуына кінәлілер ...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы 18-02/64 бұйрығы. ... орман өрттеріне кінәлілерді анықтауға шаралар қабылдап ... 9. Ұсыныстар: заңнамалық құжаттарда "өртке кінәлі", "өрттің шығуына кінәлілер" тіркестері қолданылған. Осы екі нұсқаның бірін бекітуді ұсынамыз. 10. Қолданылу саласы: Әскери іс
| -7 |
17. | влага подземная | жерасты ылғалы | влага подземнаяжерасты ылғалыСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Жерасты ылғалы – ғимараттар мен құрылыстардың көмілген бөліктеріне еніп, олардағы ылғалдылықты тудырады, ісінуді, шіруді, коррозияны, механикалық бұзылуды, едендердің көтерілуін, кейбір жағдайларда үй — жайларды су басуды тудырады. 2. Этимологиясы: жер (праслав. zemь) жер, төмен, еден 3. Өзбек: er osti namligi 4. Түрік: yeraltı nemi 5. Ағылшын: underground moisture 6. Неміс: unterirdische Feuchtigkeit 7. Бекітілген нұсқасы: подземные воды - жерасты суы (2022), влага - ылғал (2021) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы N 1205 Қаулысы ... жерасты су көздерінен қамтамасыз етіледі ...
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 302 бұйрығы. ... жерасты туннельдерінің басында және соңында ...
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № 53 бұйрығы. ... ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу түрлері ... 9. Ұсыныстар: "жерасты ылғалы" терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Экология, Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет, Сәулет және құрылыс
| +8 |
18. | влагозапас бассейна | бассейндегі ылғал қоры, алаптағы ылғал қор, алаптағы ылғалқор | влагозапас бассейнабассейндегі ылғал қоры, алаптағы ылғал қор, алаптағы ылғалқорСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Бассейндегі ылғал қоры, алаптағы ылғал қор – бассейннің ылғалмен қамтамасыз етілуі, әдетте, оның құрамында немесе ұстай алатын су мөлшерін білдіреді. Бұл терминді әртүрлі контексте қолдануға болады: бұл көл немесе тоған сияқты табиғи су қоймасы немесе жасанды су қоймасында суды белгілі бір деңгейге дейін ұстап тұру қабілетін анықтайды, ылғал қоры жүзу бассейні ұстай алатын су көлемін білдіреді. 2. Этимологиясы: бассейн (франц. bassin) - "тостаған", "суға арналған ыдыс". 3. Өзбек: hovuzning namlik zaxirasi 4. Түрік: havuz nemi 5. Ағылшын: pool moisture reserve 6. Неміс: Schwimmbadfeuchte 7. Бекітілген нұсқасы: бассейн - алап (1998), водный бассейн - су алабы (2022), влагозапас почвы - топырақтың ылғал қоры (2024) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 19-1/718 бұйрығы. ... Қазақстан Республикасының 8 бассейні бойынша өзен ағыны ресурстарының ...
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 23 шiлдедегі № 267 бұйрығы. ... Негізгі өзен бассейндері мен олардың учаскелері ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1643 Қаулысы. ... ылғал қоры туралы, ауыл шаруашылығы дақылдарының жай-күйi ... 9. Ұсыныстар: "бассейн-алап" терминімен тіркескен бірнеше терминдік тіркес бекітілген. Бірақ заңнамалық құжаттарда "бассейн" термині алынған. Сараптай келе, "алаптағы ылғалқор" терминін бекітуге ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Су шаруашылығы, Көлік және қатынас жолдары, Экология, Ауыл шаруашылығы
| -8 |
19. | влагомер электрический | электрлік ылғал өлшегіш, электр ылғалөлшеуiш | влагомер электрическийэлектрлік ылғал өлшегіш, электр ылғалөлшеуiшСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Электрлік ылғал өлшегіш, электр ылғалөлшеуiш – электрлік әдістер арқылы материалдардағы немесе ортадағы ылғалдылықты өлшеу үшін қолданылатын құрал. Ол әдетте материалдың ылғалдылығына байланысты өзгеретін электрлік қасиеттеріне сүйене отырып жұмыс істейді. 2. Этимологиясы: электр (гр. ἤλεκτρον" elektron) - "кәріптас" ("янтарь"). 3. Өзбек: elektr namlik o'lchagich 4. Түрік: elektrikli nem ölçer 5. Ағылшын: electric moisture meter 6. Неміс: hygrometer elektrisch 7. Бекітілген нұсқасы: гигрометр - ылғалөлшеуiш (2023), электрический адаптер - электрлік бейімдегіш (2016) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 наурыздағы N 321 Қаулысы. ... газдардың ылғалдылығын анықтауға арналған гигрометрлер...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 356 Қаулысы. ... салыстырмалы ылғалдылық гигрометрін сатып алу ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 24 ақпандағы № 461-V ҚРЗ. ... барометрлер, гигрометрлер және психрометрлер ... 9. Ұсыныстар: терминдік тіркес сыңарының заңнамалық құжаттағы қолданысы мен бекітілген нұсқасы екі түрлі. Терминді біріздендіру үшін "электрлік ылғалөлшеуiш" немесе "электр ылғалөлшеуiш" деп бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Су шаруашылығы, Көлік және қатынас жолдары, Энергетика, Геология, геодезия және география
| +4 |
20. | влагомер электронный | электрондық ылғал өлшегіш, электрондық ылғалөлшеуiш | влагомер электронныйэлектрондық ылғал өлшегіш, электрондық ылғалөлшеуiшСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Электрондық ылғал өлшегіш, электрондық ылғалөлшеуiш – материалдардың ылғалдылығын анықтауға арналған экспресс-құрал, оның жұмыс принципі материалдардың ылғалдылығы өзгерген кезде олардың электр өткізгіш қасиеттерінің өзгеруіне негізделген. 2. Этимологиясы: электрон (еж.гр. ἤλεκτρον) - "кәріптас" ("янтарь"). 3. Өзбек: elektron namlik o'lchagich 4. Түрік: elektronik nem ölçer 5. Ағылшын: electronic moisture meter 6. Неміс: hygrometer elektronisch 7. Бекітілген нұсқасы: гигрометр -ылғалөлшеуіш (2023), электронный информационный ресурс - электрондық ақпараттық ресурс (2022) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 310 бұйрығы. ... Гигрометрдің бір типі, ± 5% нашар емес өлшеу дәлдігін қамтамасыз ететін ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 тамыздағы № 560 қаулысы. ... Психометриялық гигрометр (ВИТ-1) ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 24 ақпандағы № 461-V ҚРЗ. ... барометрлер, гигрометрлер және психрометрлер, және осы аспаптардың кез келген комбинациялары ... 9. Ұсыныстар: терминдік тіркес сыңарының бекітілген нұсқасын ескере отырып, "электрондық ылғалөлшеуiшті" бекітуге ұсынамыз. 10. Қолданылу саласы: Су шаруашылығы, Физика және астрономия, Геология, геодезия және география, Ауыл шаруашылығы
| -1 |
21. | влагообеспеченность | ылғалмен қамтамасыз ету, ылғалқамтамасыздық | влагообеспеченностьылғалмен қамтамасыз ету, ылғалқамтамасыздықСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Ылғалмен қамтамасыз ету, ылғалқамтамасыздық – өсімдіктердің ылғалға деген қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: namlik ta'minoti 4. Түрік: nem mevcudiyeti 5. Ағылшын: moisture availability 6. Неміс: Feuchtigkeitsverfügbarkeit 7. Бекітілген нұсқасы: влага почвенная - топырақ ылғалы (2024), влага - ылғал (2021), оперативное обеспечение -жедел қамтамасыз ету (2022) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпанындағы № 4-1/147 бұйрығы. ... ылғалмен қамтамасыз ету және өнім беру қабілеті ...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 75 бұйрығы. ... ылғалмен қамтамасыз ету және астық өнімін ...
Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 7-32-152 шешімі. ... вегетациялық кезеңнің ылғалмен қамтамасыз етілуіне ғана емес ... 9. Ұсыныстар: заңнамалық құжат, бекітілген терминді қарастыра отырып, "ылғалмен қамтамасыз ету" терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Су шаруашылығы, Геология, геодезия және география, Ауыл шаруашылығы
| 0 |
22. | влагообмен | ылғал ауысуы, ылғалалмасу | влагообменылғал ауысуы, ылғалалмасуСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Ылғал ауысуы, ылғалалмасу – құрылыс құрылымының бір бөлігінің қоршаған ауамен ылғал алмасу процесі (құрылыс). 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: namlik almashinuvi 4. Түрік: nem geçişi 5. Ағылшын: moisture transfer 6. Неміс: Feuchtigkeitsaustausch 7. Бекітілген нұсқасы: влага - ылғал (2021), водообмен - су алмасу (1995) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 204 Заңы. ... ылғалдылығын, құрамы мен ауысуын ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 821 қаулысы. ... массалық ылғал құрамы 10%-дан аспайтын массалық ...
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Төрағасының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 124 бұйрығы. ... ылғал заттың бастапқы массасынан немесе оның көлемінен пайызбен ... 9. Ұсыныстар: терминдік тіркес емес күрделі термин түрінде "ылғалалмасу" деп бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Су шаруашылығы, Геология, геодезия және география, Сәулет және құрылыс, Ауыл шаруашылығы
| -3 |
23. | внешнее облучение | сыртқы сәулелену | внешнее облучениесыртқы сәулеленуСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Сыртқы сәулелену – сыртқы сәулелену көздерінен (ғарыштық сәулелер, табиғи немесе жасанды эмитенттердің әсері) болатын сәулелену түрі. 2. Этимологиясы: сәуле (праславян *lūčь) - "сәуле, жарық" 3. Өзбек: tashqi nurlanish 4. Түрік: dış maruziyet 5. Ағылшын: external irradiation 6. Неміс: externe Bestrahlung 7. Бекітілген нұсқасы: внешняя среда - сыртқы орта (2021), облучение -сәулелену (2016) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219 Заңы. ... иондаушы сәулелену деңгейлерi туралы және олардың алған ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі N 364 Жарлығы. ... әскери техникадан электр-магниттік сәулелену секторы ...
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі. ... иондаушы сәулелену көздерімен қызметті жүзеге асыратын ... 9. Ұсыныстар: сараптай келе, "сыртқы сәулелену" терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Физика және астрономия, Медицина, Экология, Биология
| +8 |
24. | внешний воздействующий фактор | сыртқы әсер етуші фактор | внешний воздействующий факторсыртқы әсер етуші факторСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Сыртқы әсер етуші фактор – өнімге немесе оның құрамдас бөліктеріне қатысты сыртқы құбылыс, процесс немесе орта, өнімнің жұмыс күйінің шектелуіне немесе жоғалуына немесе пайдалану процесінде оның шекті күйіне өтуіне әкелетін немесе тудыруы мүмкін физикалық шамалар. 2. Этимологиясы: фактор (лат. factor) - "жасау, өндіру". 3. Өзбек: tashqi ta'sir qiluvchi omil 4. Түрік: dışsal etki faktörü 5. Ағылшын: external influencing factor 6. Неміс: externer Einflussfaktor 7. Бекітілген нұсқасы: фактор - фактор (2018), экологический фактор - экологиялық фактор (2024), внешний вид - сыртқы түр (2021), действующие вещества - әсер етуші заттектер (2021) 8. Заңнамадағы қолданысы: Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ қаулысы. ... есептілігіне әсер ететін факторларды ...
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 173 бұйрығы. ... ішкі және сыртқы тәуекел факторларының өзгеруі...
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 662 бұйрығы. ... көлденең күш пен сыртқы күшқарқындылығының дифференциалдық ... 9. Ұсыныстар: "сыртқы әсер етуші фактор" терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Физика және астрономия, Геология, геодезия және география, Экология, Ауыл шаруашылығы
| +8 |
25. | внутреннее облучение | ішкі сәулелену | внутреннее облучениеішкі сәулеленуСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Ішкі сәулелену – адам ағзасына тыныс алатын ауамен, тамақпен, сумен енетін радиоактивті заттардан сәулелену. 2. Этимологиясы: сәуле (праславян *lūčь) - "сәуле, жарық" 3. Өзбек: ichki nurlanish 4. Түрік: dahili ışınlama 5. Ағылшын: internal irradiation 6. Неміс: interne Bestrahlung 7. Бекітілген нұсқасы: энергия внутренняя - ішкі энергия (2023), облучение природное - табиғи сәулелену (2024), облучение - сәулелеу, сәулелену (2016) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 5 қарашадағы № 191-VІ ҚРЗ. ... бір немесе бірнеше түрдегі иондаушы сәулеленуді, мысалы альфа-сәулелену, бета-сәулелену, нейтронды сәулелену және гамма-сәулелену шығарумен қоса жүретін процесс ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі N 364 Жарлығы. ... радиоактивті сәулелену мөлшерін өлшеуіштер роталардың ...
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі. ... иондамайтын сәулелену) және (немесе) радиациялық әсер ету есептері бар ... 9. Ұсыныстар: аудармаларды, заңнамалық құжаттарды, бекітілген терминдерді қарастыра келе, "ішкі сәулелену" термині бекітуге ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Физика және астрономия, Экология, Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет, Химия
| +8 |
26. | вода дренажная | дренажды су, дренаждық су, дренаж су | вода дренажнаядренажды су, дренаждық су, дренаж суСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Дренажды су – дренаждық құрылыммен жиналған және басқа жерге жіберілген жер үсті немесе жер асты суы. 2. Этимологиясы: дренаж (франц. drainage, ағылш. drain-) - "батпақтарды құрғату", "су төгетін құбыр". 3. Өзбек: drenaj suvi 4. Түрік: drenaj suyu 5. Ағылшын: drainage water 6. Неміс: entwässerungswasser 7. Бекітілген нұсқасы: вода термальная - термалды су (2024), дренаж - дренаж (2018) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі. ... суару-жуу, дренаждық сулар ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 268-V ҚРЗ. ... Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығы. ... Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру ... 9. Ұсыныстар: бұған дейін бекітілген "термал су" сияқты "дренаж су" немесе "дренаждық су" деп бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Су шаруашылығы, Сәулет және құрылыс, Ауыл шаруашылығы
| -4 |
27. | вода иловая | тұнба су, тұнбалық су | вода иловаятұнба су, тұнбалық суСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Тұнба су, тұнбалық су – ағынды суларды биологиялық тазартудың анаэробтық кезеңінде пайда болған сұйық фаза. Тұнба суының құрамы тұнбаның сусыздану сапасымен және оның түрімен анықталады. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: loyli suv 4. Түрік: silt suyu 5. Ағылшын: silt water 6. Неміс: schlammwasser 7. Бекітілген нұсқасы: осадок сточных вод - ағынды су тұнбасы (2022), ил - 1. қайыр; 2.тұнба (ауыл шаруаш.) (1971), осадок - Тұнба (геогр) (2005), осадок - шөгінді, тұнба(хим) (2006), настой - тұнба (2022) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 10 қарашадағы № 441 бұйрығы. ... белгіленген деңгейден көп тұнба жиналғанда жүзген ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 1620 Қаулысы. ... көлдерді тұнбадан жалпы тұнба санынан тазарту деңгейі»...
Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 402-VI ҚРЗ. ... кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы ... 9. Ұсыныстар: орыс тіліндегі "вода иловая" термині қазақ тіліне "балшықтық су"(энергетика), "тұнбалық су"(су шар.), "лай су"(сәулет және құрылыс) деп аударылған. Басқа тілдің де аудармасы әр түрлі нұсқаны береді. Заңнамалық құжаттарда "тұнба су, тұнбалық су" термині кездеспеді. Дефинициясына назар аударсақ, тазартудың бір кезеңінде пайда болған сұйықтық. Мамандармен талқылап, кеңесу керек. Бекітуге ұсынылатын термин - "тұнбалық су". 10. Қолданылу саласы: Су шаруашылығы, Геология, геодезия және география, Сәулет және құрылыс, Ауыл шаруашылығы
| -3 |
28. | водолазная техника | сүңгуір техникасы | водолазная техникасүңгуір техникасыСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Сүңгуір техникасы – сүңгуірлік жабдықтардың, жабдықтардың және сүңгуірлік түсулерді, су астындағы сүңгуірлердің жұмысын қамтамасыз етуге, оларды жер бетіне көтеруге және жоғары қысым жағдайында болуға арналған басқа да арнайы техникалық құралдардың жалпыланған атауы. 2. Этимологиясы: техника (еж. үндіеур. tek's, еж. гр. τεχνική) - "бөлу", "шебер", "өнер". 3. Өзбек: sho'ng'in texnikasi 4. Түрік: dalış ekipmanları 5. Ағылшын: diving equipment 6. Неміс: tauchtechnik 7. Бекітілген нұсқасы: водолаз - сүңгуір (2024), водолазный инструмент - сүңгуірлік құрал-сайман (2024), медицинская техника - медициналық техника (2022) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 281-VІ ҚРЗ. ... ұшу даярлығы, сүңгуірлер даярлығы, авариялық құтқару жүйесі ...
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 567 бұйрығы. ... сүңгуірлік телефон станциясы ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 Қаулысы (үзінді). ... құтқару аспабының жинағы, сүңгуір жейде ... 9. Ұсыныстар: "сүңгуір техникасы" терминін бекітуге ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Су шаруашылығы, Әскери іс, Экология
| +8 |
29. | водопроницаемость | сусіңіргіштік (2004), суөткізгіштік (2015) | водопроницаемостьсусіңіргіштік (2004), суөткізгіштік (2015)Саласы Этимологиясы Дефинициясы1. Сусіңіргіштік, суөткізгіштік – материалдың кез-келген формада (мысалы, су буы немесе су) ылғал өткізгіштігі, берілген бастапқы деректер жиынында материал (немесе құрама объект) арқылы қанша ылғал өтетінін өлшеу, яғни, материалдың өткізгіштік мәні неғұрлым жоғары болса, ылғал соғұрлым тез енеді. жинақтап айтқанда, судың материал арқылы өту жылдамдығы. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: suv o'tkazuvchanligi 4. Түрік: su geçirgenliği 5. Ағылшын: water permeability 6. Неміс: Wasserdurchlässigkeit 7. Бекітілген нұсқасы: водопроницаемость - сусіңіргіштік (2004), водопроницаемость - суөткізгіштік (2015) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы N 1894 Қаулысы. ... Қызыл-Тал ауылындағы суөткізгіштік құрылысы ...
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 28 шілдедегі № 11 бұйрығы. ... Электрлік, суөткізгіштік және басқа жабдықтарын монтаждау және орнату ...
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 1 шiлдедегі № 228 бұйрығы. ... су өткізгіштігі және топырақтың сүзу коэффициенті (м/тәулік)...; 9. Ұсыныстар: сараптама бойынша терминнің дефинициясына назар аударсақ, мұнда су сіңіру емес суды өткізу процесіне басымдық берілген. Сондықтан мамандардың кеңесімен "суөткізгіштік" терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Су шаруашылығы, Көлік және қатынас жолдары, Механика және машинатану, Сәулет және құрылыс, Ауыл шаруашылығы
| +7 |
30. | водосбор | сужинағы | водосборсужинағыСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Сужинағы – су жинауға бейімделген немесе қызмет ететін нәрсе. Сөздің бірнеше мағынасы бар: өзен, көл немесе басқа су жүйесі су жинайтын су айдындары арасындағы жер бетінің бір бөлігі (жер асты сулы қабаттары мен тау жыныстарын қоса); барлық ағындардың қосындысы. жер асты суларын алуға қызмет ететін құрылым немесе құрылғы; көлденең (галерея, штольня, тесік құбыр) немесе тік (шахталық және құбырлы құдықтар) болуы мүмкін. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: suv yig'ish 4. Түрік: havza, sujinau 5. Ағылшын: catchment area 6. Неміс: Einzugsgebiet 7. Бекітілген нұсқасы: водосборник - сужинағыш (көлік және қатынас жолдары) (2015), бассейн водосборный - сужинау алабы (2022) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 15 маусымдағы № 322-V ҚРЗ. ... су объектілерінің су жинау алаңдарында ...
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 Кодексі. ... сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді ...
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі. ... су жинағыштарды, жерасты суының ластану ошақтарын, тарихи ластануды ... Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 431 қаулысы. ... Жүзағаш су жинағышының арғы және бергі ... 9. Ұсыныстар: берілген термин ғылым салаларында "су жинағыш", "су жинау алабы" түрінде қолданылған. Белсенді қолданысқа ие болу мүмкіндігі болса, "сужинағы" терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Су шаруашылығы, Көлік және қатынас жолдары, Энергетика, Механика және машинатану, Сәулет және құрылыс, Ауыл шаруашылығы
| -8 |