"
Суөлшеуіш құралының «көпағынды» (водомер многоструйный) түрі туралы

Терминологиялық базада «көпағынды суөлшеуіш» деген сөз тіркесі «водомер многоструйный» деп ұсынылған. Суөлшеуіш құралдағы су ағынының жылдамдығын Толығырақ ...өлшеу үшін су ағыны бірнеше ағынға бөлініп тарайтындықтан, ол «многоструйный» деп бөлінеді.
Алаңда «многоструйный» деген сөз сыңарлас келетін сөз тіркестері бекітілмегенімен,
сәулет және құрылыс саласында «көпағынды суөлшеуіш» (водомер многоструйный),
химия саласында «көпағынды компрессорлар» (компрессоры многоструйные) деген баламалары кездеседі.
Сөз тіркесінің «струя» деген сыңары физика және астрономия, механика және машинатану салаларында «ағынша» деп алынады. Ал оның этимологиясы славянша «strújа» «өзен саласы (рукав реки), канал, ағыс (течение)» болады, туыстас лит. «sraujà» «ағыс», латышша «strauja». Мағынасы «ағып жатқан судың, сұйықтықтың тар ағыны», «сусымалы заттардың үздіксіз ағыны».
Бұл ретте «шүмекте – жауынның шүмектен құйғандай құюы; үсті-үстіне жауу» екенін айта кеткен орынды (Б.Қалиев, Ж.Түймебаев, Ш. Құрманбайұлы, С.Исакова. «Мұқағали тілі» сөздігі. – Алматы, 2017). Өйткені оның «шүмектеп аққан су» деген мағынасы да бар. Ал «ағыншамен тазарту» дегеніміз шөміштен аққан сұйық шойынның ағынын оттекпен немесе тотықтырғыш газбен үрлеу арқылы тазалау (Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 13-том / Құраст. А. Фазылжанова, Н. Оңғарбаева, Қ. Ғабитханұлы және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.).
Талдау негізінде «ағынша» сөзін «струя», «көпағыншалы суөлшеуіш» тіркесін «водомер многоструйный» деп мақұлдау қажет деп пайымдаймыз.
  • Ағын – поток, сток; ағынша – струя, струйка; суөлшеуіш – водомер, мұзөлшеуіш – ледомер, жаңбырөлшеуiш – дождемер, қарөлшеуiш – снегомер екендігін ескеріп, Сіз ұсынған «көпағыншалы суөлшеуіш – водомер многоструйный» нұсқасын бекітуге болады.

  • Серік Ерғали 2 ай бұрын

    Струя - ағын емес әрине, дұрысы - шаптырым. Бұл сөзден ұялып тілді қорлауға болмайды. Дәл осылай водителді "айдаушыдан" айырып, жүргізуші/ведущий етіп қойғанымыз дұрыс болмады. Көпшаптырымды суөлшеуіш

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.