"
Орман өртінің бір түрі «қума өрт» (верховые пожары) баламасы жайында

Алаңда ұсынылған терминдердің бірі – «қума өрт» (верховые пожары). Осы терминнің баламаларын табу үшін әдебиет пен қолданыстағы кейбір актілерге шолу жасалды. Толығырақ ... Атап айтқанда:
1) үстіңгі өрт – верховые пожары;
«Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығында осы нұсқа алынған.
2) 1998 жылы жарық көрген Ұлттық энциклопедияның VII томына негізделген ашық энциклопедия парақшасында өртке қатысты төмендегідей ақпарат берілген.
Көлемі кішкене шарпыма өртті топырақ, химиялық заттар (диамоний фосфат, аммоний сульфаты, т.б.), су шашып, жасыл бұталармен соққылап сөндіреді. Қаулама өрт жалыны ағаш басын шалады, оның бұтақтары, жапырақтары жанады. Өрт жел бағытына, күшіне қарай сағатына 5 – 25 км-ге дейін өршиді. Жер астындағы кеулеме өртте топырақ арасындағы өсімдік шірінділері, шымтезек жанады, от жалыны көбіне сыртқа шықпай, бықсып жанады. Бұған қоса орман өртінің түрлеріне де тоқталып өткен орынды. Орман өртінің негізгі үш түрі бар: 1) төселе өртейтін өрт, 2) шарпи өртейтін өрт және 3) дауылды өрт.
Төселе өртейтін өрт
Төселе өртейтін өрт немесе топырақ өрті деп орман төсенішін, топырақ үстіндегі тірі организмдерді, орман маңындағы алаңдарды жалмайтын өртті айтамыз.
Шарпи өртейтін өрт
Шарпи өртейтін өрт ең қауіпті өрт болып саналады. Оған бұндай атау ағаштардың үстімен жүріп өтетіндіктен, яғни ағаш жапырақтарын жалмайтындықтан берілген. Шарпыған өрттердің сумаңдаған жалыны ұзын болады, сондықтан тосқауылдардан, мәселен жолдар мен өзендерден оңай аттап кете береді.
Дауылды өрт
Дауылды өрттер күшті жел от ұшқындары мен жанған бұтақтарды алыс жерге алып кетіп, жаңа өрт ошақтарын туғызады. Кейде осындай өрт ошақтары тұтаса келіп, ірі әрі өте қауіпті қаулаған өртке айналады («Уикипедия» ашық энциклопедиясы).
Бұған қоса «Терминком» дерекқорында «жоғарыдағы өрт (өртке қарсы қызм.)» - «пожар верховный» деп 1999 жылы бекітілген. Талданған материалдардан осы терминнің «үстіңгі өрт», «қаулама өрт», «жоғарыдағы өрт» деп түрліше алынғаны байқалады.
Көрсетілген тіркестің анықтауышы «верховой» сөзінің синонимі «поверхностный», ал оның «үстірт» деген баламасы осы алаңда бекітілмегенімен, әдебиет және лингвистика саласында «үстірт талданым» - «поверхностный анализ», философия және саясаттану саласында «үстіңгі, үстірт» - «поверхностный», жеңіл және тоқыма өнеркәсібі саласында «былғарының үстірт қабаты» - «зеркальная поверхность кожи» деп алынғанын көреміз. Егер терминді «үстірт өрт» деп алатын болсақ, оны орманның үстіңгі жағында болатын өрт деп ұғынуға болады.
Талдау негізінде «үстірт өрт» (верховые пожары) деген баламасы ұсынылады.
Үстірт өрттің кейбір түрі қосымшада берілді. Оның "беглый верховой пожар" деген түрін "қума үстірт өрт" деп, ал "устойчивый верховой пожар" деген түрін "бірқалыпты үстірт өрт" деп алу ұсынылады.
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.