"
Мәзір:
1. Бешбармақ,
2. Сорпа қой етінен,
3. Шұжық,
4. Салат
5. Наурыз көже

Қателері:
1. «Күйшінің қошаметке көңілі тасып, Бес бармақ маймақ қақты перне басып», десе де І.Жансүгіров, тағам атауының бұл баламасы сәтсіз. Қазақ халқының Толығырақ ...мәдениеті «бес саусақпен» жеуден жат
2. Мәзірдегі барлық Тағамның құрамы көрсетілмеген
3.«Сорпа қой етінен» атауы орыс тілінен тікелей аударылған
3.1 Сорпа жеке тағам ретінде емес, бірінші тағамның құрамында немесе ет-нанның алдында немесе кейін (әр өңірде әрқалай) қосымша берілуі тиіс
4. «Шұжық» деликатесі жеке тағам ретінде көрсетілген. Әдетте, ол ет-нанның немесе салқын тіскебасарлардың құрамында кездеседі
5. Наурыз-көже
  • Бесбармақ/Бешбармақ – қазақтың бас тағамының орыс тілінен ауысып қалыптасқан атауы. ХІХ ғ. қазақ арасына орыстарға тілмаш боп келген татар- башқұрттардың қамыр қосып тартқан етті қолмен алып қабылдауын білдіретін «беш бармак» Толығырақ ...деген атаумен байланысты қалыптасса керек. Соңғы бірнеше ондаған жылдар ішінде басқа халықтардың, әсіресе орыстардың айтуымен қазақша еттің жалпы атауы ретінде қолданысқа еніп кеткен. Шынтуайтында, қазақ даласындағы патшалық әкімшіліктің жергілікті шенеуніктерінің ет тағамын кемсітіп атауы. Қазақ ешқашан қонағына тартқан етін бұлай атамаған. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 1-том. – Алматы: DPS, 2011. – 738 б.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.