Бейнесигнал. Видеосигнал сөзіне қатысты болмақ. Меніңше орысша Видеосигнал дегенді бейнесигнал деп тікелей аудара салмай, қазақ тілінің сөзге бай екендігін ескерсек, онда Бейнетаралым деп ұсынар едім. Бұл жерде барлығы түсінікті, неге
Толығырақ ...бұндай, неге олай деген сұрақтар туындамайды. Кейін латын алфавитіне көшкенде «Beinetaralym» болады.Осыған байланысты өз үйімнен мысал келтіре кетейін, үйде інілерімнің оқитын қазіргі физика, химия пәндік кітаптарындағы терминдер түсініксіз. Яғни тікелей орысшадан, не ағылшыншадан аударылған секілді. Кейде осындай олқылықтар да баланың оқуға деген талпынысын төмендетеді. Айтқым келгені не ол термин қазақша баламасы баршаға түсінікті етіп аударылуы, немесе шет тілінен келген күйінде қалдыру.
Sońǵy sóılemdegi oıyńyzben kelisemin. Estir qulaqqa – esti sóz jazǵan ekensiz. Al «Taralym» sózine keler bolsaq, taralym – tıraj (2021 jyly bekitilgen termın). Taralym – taralý mólsheri. Taralym – baspa-polıgrafıaá Tolyǵyraq ...salasynyń tapsyrys talaptaryna baılanysty basyp shyǵaratyn árbir ónimderi ataýynyń dana sany.
Beınebelgi nusqasyn usynar edim, belgi berý sózi sıgnal sózine jaqyn.
Munda vıdeosıgnal uǵymynyń kontekste qoldanylýyna nazar aýdarý kerek. Eger, vıdeosıgnal uǵymyndaǵy sıgnal — beıne arqyly belgi berý, dabyl qaǵý maǵynasynda qoldanylsa, beınebelgi uǵymy utymdy. Al, vıdeosıgnal uǵymyndaǵy sıgnal — Tolyǵyraq ...teledıdarda, radıolokasıada, faksımıldi baılanysta beıneni qurý úshin paıdalanylatyn aýqymdy spektri bar (ádette, birneshe Gs-ten birneshe MGs-ke deıin) elektr sıgnaly uǵymynda qoldanylsa, beınesıgnal uǵymy utymdy. Sebebi, sıgnal sózi qazaq tiliniń leksıkasyna engen sóz. Usynystaǵy ataý ǵylymı termın bolǵandyqtan, beınesıgnal nusqasyn qoldaımyn.
Басқа пікірлерді көрсету