Дене шынықтыру, ауыр атлетика саласындағы «Становая тяга« - «бітімге тарту» деп аударудың логикасын түсінбей келемін. <br>
Біріншіден, мектепті қазақша оқып, қазақша өскен баланың санасында, «бітімге тарту« десе, "Бітімің әкеңе Толығырақ ... тартқан«, "Тартпай қоймас негізге» деген ассоциациялық қатар еріксіз ойына келеді. Мұның бұл жаттығуға еш қатысы жоқ.
12 жыл темір залында зілтемірдің иісін иіскеген адам ретінде, мен бұл жаттығу амалын «ТҰРА Тарту» деп аударар едім.
1) Ағылшыншасы «Deadlift", неге "өлік көтеру" неге өлік? Себебі, бұл жаттығуда штанга жерде "өлі» салмақ болып жатады. Яғни, салмақты ешқандай инерциясыз, тыныш күйінен қозғап көтереді.
2) Орысшасындағы «становая" деген атау да "стан" деген сөз емес, "становиться", яғни "тұра қалу" деген сөзге сүйеніп қойылған. Демек, "Тұра тарту» дегеніміз келеді.
3) Ауыр атлетикада, «жұлқи көтеру", "серпе көтеру" деген сияқты тіркесу мақамы ұқсас сөздер бар. Бұл дәстүр шеңберінде »Тұра тарту» »бітімге тартуға» қарағанда үйлесімдірек әрі мағыналырақ естіледі.
4) Тұрып тарту емес, тұра тарту. Неге? Тұрып тарту деген басқа жаттығу болып кетеді. Мынау нақты, еңкейіп жүрелеп отырған қалпыңда өлі салмақты уыстап, бір уақытта тұрып жатып тартуыңды білдіреді. Демек, ТҰРА ТАРТУ.
Alań
Maqalalar
Kitaptar
Bıblıografıa

Asqar myrza, tamasha!!! Júıeli balama. Julqa tartý, serpe tartý, tura tartý! Quttyqtaımyn!
Óte ýájdi. Termınkomnyń qaraýyna usyný qajet