Attention! To leave a message, please sign in.
Сусын ба, ішімдік пе?

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында:
1) пивные напитки – сыра сусындары;

«Жарнама туралы» Толығырақ ...2003 жылғы 19 желтоқсандағы ҚР Заңында, 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 394-VI ҚР Заңында:
2) алкогольные напитки – алкогольді сусындар;

2014 жылғы 5 шілдедегі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде:
3) алкогольный напиток – алкогольдік ішімдік;

Алаңдағы тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет саласында

4) напиток алкогольный – алкогольді сусын;
5) безалкогольные напитки – алкогольсiз сусындар;

Алаңдағы заңтану саласында
6) спиртные напитки – спирт ішімдіктері. Құрамына спирт (алкоголь) қосылған өнім сусын ба, әлде ішімдік пе?
#Russian versionKazakh versionRating
1.закускабасытқы, дәмтатым, тіскебасар, шайнама
2.алкогольный напитокалкоголь сусын, алкоголь ішімдік
3.безалкогольный напитокалкогольсыз сусын, алкогольсыз ішімдік
Ажар Т, Шынтасова Гульзат Бурабаевна, Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
  • И Айжан 2 жыл бұрын

    Алкогольный/безалкогольный напиток сөздерін алкогольді/алкогольсіз сусын деп аударған дұрыс деп ойлаймын.

  • И Айжан 2 жыл бұрын

    Бірақ, ішімдік сөзі алкогольді сусын мағынасын беретіні шын. Алайда, тамақтану саласында жоғарыда айтқан аударманы қолданғанды жөн көремін

  • Ішімдік – ішуге арнап дайындалған сұйықтық. Салқындатқыш, спиртті және т.б. түрлері бар (Қаз. тілі термин. Тамақ.)
    1. Ішетін нәрсе, сусын. 2. Арақ-шарап т.б. спиртті нәрселер (Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. - Толығырақ ...Алматы: "Сөздік-Словарь". 1997.- 368 б.)
    Заңтану категориясында спирт ішімдіктері – спиртные напитки. Медицина категориясында ішімдікке салыну – злоупотребление алкоголем, запой деген нұсқасы қолданылады.
    Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» № 297-IV Заңында алкоголь өнім, спиртті ішімдіктер деп жазылған.

    Сусын – шөлді қандыратын сұйық тағам (Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 13-том / Құраст. А. Фазылжанова, Н. Оңғарбаева, Қ. Ғабитханұлы және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.)

    Алкоголь шөлді қандыруы кәдік. Жоғарыда баяндалғанды ескерсек, «Алкоголь ішімдік» нұсқасы бекітілген дұрыс.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Attention! To leave a message, please sign in.