"

ТЕК ТЕРМИНКОМ МҮШЕЛЕРІ ҒАНА ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ! РТК 2026 жылғы 6-отырысында бекітілетін терминдер (жаратылыстану-математика бағыты)

№ САЛАСЫ ТЕРМИН САНЫ РЕТТІК САНЫ
1 Ихтиология саласы терминдері 500 1-500
#Russian versionKazakh versionRating
1.«цветение» водысудың «гүлдеуі»,
судың «гүлденуі»
«цветение» воды
судың «гүлдеуі»,
судың «гүлденуі»
Ихтиология саласы терминдері–
Дефинициясы1. Судың «гүлдеуі», судың «гүлденуі» – ағынсыз сулардың, теңіздердің, көлдердің бетін көптеген балдырлардың, басқа да планктондық организмдердің басып кетуі. Бұл кезде су шалшықтанып, оттегі мүлде азайып,
шаруашылыққа жарамсыз болып қалады.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: suvning gullashi
4. Түрік: suyun çiçeklenmesi
5. Ағылшын: water blooming
6. Неміс: wasserblüte
7. Бекітілген нұсқасы: судың көгеруі (геог.) (2005)
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Биология, Экология
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 маусымдағы N 567 Қаулысы. ... балдырлардың күшті "гүлдеуімен" ...
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 329 бұйрығы. ... Фитопланктонның даму дәрежесі (судың гүлденуі) ...
3) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 12 маусымдағы № 131-НҚ бұйрығы. ... Фитопланктонның даму дәрежесі (судың гүлденуі) ...
4) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 18 қазандағы № 662 бұйрығы. ... судың "гүлденуі" кезіндегі ...
5) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № 201 бұйрығы. ... Фитопланктонның даму дәрежесі (судың гүлденуі) ...
10. Ұсыныстар: терминнің анықтамасын, заңнама актілеріндегі берілуін қолдай отырып, "судың гүлденуі" терминін бекіту ұсынылады.
-1
2.пила-рыбаара балық
пила-рыба
ара балық
Ихтиология саласы терминдері–
Дефинициясы1. Ара балық – тұмсығының екі жағында араның тістері сияқты орналасқан ірі, өткір өсінділері бар, сол арқылы су түбіндегі құм мен балшықты қопсытып, жасырынған балықтар мен омыртқасыздарды іздейтін және ұсақ балықтар тобын аулауға пайдаланатын, негізінен мұхиттардың тропиктік және субтропиктік жағалауларында, сондай-ақ кейбір тұщы өзендерде мекендейтін шеміршекті балықтардың скаттар отрядына жататын тұқымдасы.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: arra balıq


4. Түрік: testereci balığı, testereli vatoz

5. Ағылшын: sawfish


6. Неміс: sägefisch
7. Бекітілген нұсқасы: мұздатылған балық (2024)
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Биология, Су шаруашылығы, Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 9 қаңтардағы № 152-VIII ҚРЗ. ... балық ...
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 76 қаулысы. ... балық және басқа су жануарларын аулаудың ...
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулысы. ... балықты және басқа да су жануарларын қоспағанда ...
4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 223 бұйрығы. ... балық ресурстары мен басқа да су жануарларын ...
5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 481 бұйрығы. ... алық ресурстарын және басқа да су жануарларын ...





10. Ұсыныстар: заңнама құжаттарында берілу ретін, бекітілген терминдерді, басқа тілдегі аудармасын ескере отырып, «ара балық» терминін бекіту ұсынылады.
+1
3.пираньяпиранья
пиранья
пиранья
Ихтиология саласы терминдеріпиранья (лат. pira) – "балық", (лат. anhu) – "жаман, зұлым, ара".
Дефинициясы1. Пиранья – тұқытәрізділер отрядына жататын, Оңтүстік Американың, әсіресе Амазонка мен Ориноко өзендерінің тұщы суларында мекендейтін, жақ сүйектері мықты, ұра бұрышты, пышақ сияқты өте өткір тістері бар, негізінен үйірмен жүретін жыртқыш балықтар тұқымдасы.

2. Этимологиясы: пиранья (лат. pira) – "балық", (лат. anhu) – "жаман, зұлым, ара".
3. Өзбек: piranya


4. Түрік: pirana
5. Ағылшын: piranha


6. Неміс: piranha
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Биология, Су шаруашылығы
9. Заңнамадағы қолданысы: –
10. Ұсыныстар: заңнама құжаттарында берілу ретін, бекітілген терминдерді, басқа тілдегі аудармасын ескере отырып, «пиранья» терминін бекіту ұсынылады.
+3
4.питательная средақоректік орта
питательная среда
қоректік орта
Ихтиология саласы терминдеріорта (көне слав. sьrdь, слав. срѣда ) – "аптаның ортаңғы күні, орта".
Дефинициясы1. Қоректік орта – микроорганизмдерді, жасушаларды, ұлпаларды немесе басқа биологиялық объектілерді өсіруге, сақтауға және зерттеуге арналған, құрамында қажетті қоректік заттары бар жасанды немесе табиғи орта.
2. Этимологиясы: орта (көне слав. sьrdь, слав. срѣда ) – "аптаның ортаңғы күні, орта".
3. Өзбек: oziqa muhiti
4. Түрік: besleyici ortam
5. Ағылшын: nutrient medium
6. Неміс: Nährmedium
7. Бекітілген нұсқасы: орта (2016), қоректілік құндылығы (мед.) (1995)
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Биология, Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет, Экология
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 232 қаулысы. ... қоректік су ...
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 386 бұйрығы. ... қоректік орта – өсімдіктердің өсуін тарататын субстрат ...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 34 бұйрығы. ... қоректік (тағамдық) ...
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 341 бұйрығы. ... Қоршаған орта және су ресурстары ...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығы. ... қоршаған сулы орта үшін қауіптілігі ...
10. Ұсыныстар: аудармалар мен заң мәтіндерін негізге ала отырып, "қоректік орта" терминін бекітуге ұсынамыз.
+3
5.питомник размножениякөбейту көшеттігі,
көбейту питомник-тоғаны
питомник размножения
көбейту көшеттігі,
көбейту питомник-тоғаны
Ихтиология саласы терминдері–
Дефинициясы1. Көбейту көшеттігі, көбейту питомник-тоғаны – 1. балық шаруашылығында, аквакультурада, ауыл шаруашылығы мен зоологияда асыл тұқымды балық дернәсілдерін, шабақтарды, өсімдік көшеттерін немесе жануарлар тұқымын қарқынды көбейтуге, өсіруге және жерсіндіруге арналған арнайы жабдықталған шаруашылық учаскесі, тоғандар кешені немесе ғылыми-өндірістік орталық; 2. уылдырықтан жаңа шыққан дернәсілдерді отырғызып, оларды шабақ немесе бір жасар балық сатысына дейін аман-есен өсіріп, ары қарай балық тоғандарына немесе табиғи су айдындарына жіберуге дайындайтын негізгі өндірістік орын.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: urug'chilik pitomniki
4. Түрік: üretim fidanlığı, üretim havuzu, kuluçkahane
5. Ағылшын: breeding nursery, hatchery nursery, propagation nursery
6. Неміс: zuchtanlage, aufzuchtbetrieb, brutanstalt
7. Бекітілген нұсқасы: питомник, тәлімбақ (2020), көбею (2023)
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Су шаруашылығы, Экология
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 548-IV Заңы. ... жекеше орман питомниктері ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ. ... зоологиялық питомник ...
3) Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 183-VII ҚРЗ. ... питомниктері өсімдіктерінің тірі коллекциялары ...
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 қазандағы № 803 қаулысы. ... қызметтік иттер үшін тәлімбақ ...
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі N 581б Қаулысы. ... орман көшеттіктері ...
6) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 63 бұйрығы. ... тәлімбақта жануарларды ұстауға және өсіруге байланысты ...







10. Ұсыныстар: заңнама құжаттарында берілу ретін, бекітілген терминдерді, басқа тілдегі аудармасын ескере отырып, «көбейту питомник-тоғаны» терминін бекіту ұсынылады.
+1
6.пичуги,
глиняное грузило,
грузило для сетей
табан тас
пичуги,
глиняное грузило,
грузило для сетей
табан тас
Ихтиология саласы терминдеріпичуга (көне слав. pič) – "шырылдау".
Дефинициясы1. Табан тас – аудың, сүзекінің төменгі желілеріне байланатын, саз балшықтан күйдіріп жасалған салмақты тастар.

2. Этимологиясы: пичуга (көне слав. pič) – "шырылдау".
3. Өзбек: to'r toshi, cho'ктirgich


4. Түрік: ağ kurşunu, ağ ağırlığı

5. Ағылшын: net sinker, clay sinker, fishing weight

6. Неміс: netzsenker, ton-senker

7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Су шаруашылығы
9. Заңнамадағы қолданысы: –
10. Ұсыныстар: басқа тілдегі аудармасын ескере отырып, «табан тас» терминін бекіту ұсынылады.
+1
7.пищевая ценностьтағамдық құндылығы,
тамақ құнарлығы
пищевая ценность
тағамдық құндылығы,
тамақ құнарлығы
Ихтиология саласы терминдері–
Дефинициясы1. Тағамдық құндылығы, тамақ құнарлығы – 1. өнімнің адам немесе жануарлар ағзасының энергияға, негізгі ағзалық және минералдық заттарға физиологиялық қажеттіліктерін, қамтамасыз ету қасиеттерін сипаттайтын толық химиялық және биологиялық көрсеткіштер жиынтығы; 2. балық өнімдерінің, сондай-ақ балыққа берілетін құрама жемнің сапасын бағалайтын негізгі критерий.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: to'plamli oziq-ovqat qiymati
4. Түрік: besin değeri

5. Ағылшын: nutritional value

6. Неміс: nährwert
7. Бекітілген нұсқасы: тамақ өнеркәсібі (2024), құндылық (2016), топырақ құнарлығын қалпына келтіру (2024)
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Медицина, Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік, Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301 Заңы. ... өнімдердің тамақ құндылығы ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 397-VI ҚРЗ. ... Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі ...
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қазандағы № ҚР ДСМ-176/2020 бұйрығы. ... тағамдық және биологиялық құндылығын арттыру ...
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 наурыздағы № 16 бұйрығы. ... тағамдық және энергетикалық құндылығы ...
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 34 бұйрығы. ... тағамдық және энергетикалық құндылығын ...




10. Ұсыныстар: заңнама құжаттарында берілу ретін, бекітілген терминдерді, басқа тілдегі аудармасын ескере отырып, «тағамдық құндылығы» терминін бекіту ұсынылады.
+2
8.пищевод рыбыбалық өңеші
пищевод рыбы
балық өңеші
Ихтиология саласы терминдері–
Дефинициясы1. Балық өңеші – балықтың ас қорыту жүйесінің бастапқы бөлігі, ауыз-жұтқыншақ қуысын қарынмен немесе қарынсыз балықтарда тікелей ішекпен жалғастыратын қысқа, бұлшықетті түтік, балықтың қоректену биологиясы мен денсаулығын зерттеудегі маңызды мүше.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: baliq qizilo'ngochi


4. Түрік: balık özofagusu

5. Ағылшын: fish esophagus
6. Неміс: fischspeiseröhre
7. Бекітілген нұсқасы: өңеш (1995)
8. Қолдану саласы: Биология, Су шаруашылығы
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 16 бұйрығы. ... балыққа, ... өңешін кеңірдегінен айыру ...
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығы. ... тірі балықтарды, ... өңешін ...
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығы. ... Балық және балық өнімдерінен ...
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 17 ақпандағы № 9 бұйрығы. ... Өңештің төменгі үштен бірінің ..., балықпен жəне ұлулармен улану ...
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № 30 бұйрығы. ... өңештің ...
10. Ұсыныстар: заңнама құжаттарында берілу ретін, бекітілген терминдерді, басқа тілдегі аудармасын ескере отырып, «балық өңеші» терминін бекіту ұсынылады.
+3
9.пищевые рыбные продуктыбалық тағамдары
пищевые рыбные продукты
балық тағамдары
Ихтиология саласы терминдеріпродукты (лат. productus) – "өндірілген, жасалған, шығарылған".
Дефинициясы1. Балық тағамдары – 1. адам ағзасының табиғи қоректік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында балықтар, шаянтәрізділер, моллюскалар, теңіз омыртқасыздары мен су өсімдіктерінен өңделіп жасалған, тұтынуға жарамды тағамдық тауарлар мен шикізаттар кешені; 2. ешқандай химиялық бөгде қоспаларсыз немесе тағамдық қоспалар қосыла отырып тоңазытылған, тоңазытып қатырылған, тұздалған, кептірілген, қақталған, консервіленген, кулинариялық өңделген дайын өнімдер мен жартылай фабрикаттардың ресми техникалық санаты.
2. Этимологиясы: продукты (лат. productus) – "өндірілген, жасалған, шығарылған".
3. Өзбек: o'ziq-ovqat baliq mahsulotlari


4. Түрік: gıda sınıfı balık ürünleri, su ürünleri gıdaları

5. Ағылшын: edible fish products, seafood food products, fish food products

6. Неміс: fischerzeugnisse, fischlebensmittel
7. Бекітілген нұсқасы: ашымалы сүт өнімдері (2024)
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Су шаруашылығы, Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 15 1 шiлдедегi N 260. ... балықты, ұнды, нанды және нан-тоқаш тағамдарын ...
2) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 қазандағы № 485-IV Заңы. ... балық шаруашылығы, ... арнайы балалар тағамдары мен емдік тамақ өнімдерімен ...
3) Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV Заңы. ... балық шаруашылығын, ... балалар тағамдары ...
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 15 бұйрығы. ... балық өнімдерін, жемістерді, жидектерді ...
5) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 17 ақпандағы № 82 бұйрығы. ... екінші тағамдарға арналған, ... жас балық ...






10. Ұсыныстар: заңнама құжаттарында берілу ретін, бекітілген терминдерді, басқа тілдегі аудармасын ескере отырып, «балық тағамдары» терминін бекіту ұсынылады.
+1
10.пиявкасүлік
пиявка
сүлік
Ихтиология саласы терминдері–
Дефинициясы1. Сүлік – сақиналы құрттар тип тармағына жататын, негізінен тұщы суларды, көлдерді, тоғандарды, батпақтарды мекендейтін паразит, балықтың терісіне, желбезегіне немесе жүзбеқанаттарына жабысып, қанын соратын әртүрлі вирустық, бактериялық немесе паразиттік аурулардың тасымалдаушысы.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: zuluk


4. Түрік: sülük

5. Ағылшын: leech

6. Неміс: egel, blutegel
7. Бекітілген нұсқасы: -
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Биология, Медицина
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 314-IV Заңы. ... араларды, сүліктерді, жібек құртын қоспағанда ...
2) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 392-IV Заңы. ... аралар, сүліктер мен жібек құрттары ...
3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 маусымдағы № 222 бұйрығы. ... Медициналық сүліктер өсіретін және өңдейтін кәсіпорындар ...
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 11 наурыздағы № 30 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 140/НҚ бірлескен бұйрығы. ... медициналық сүліктер ...
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 19 мамырдағы № 54 бұйрығы. ... медициналық сүліктермен және сүліктерден жасалатын дәрілік препараттармен емдеу тәсілі ...




10. Ұсыныстар: заңнама құжаттарында берілу ретін, басқа тілдегі аудармасын ескере отырып, «сүлік» терминін бекіту ұсынылады.
+3
11.плавтор,
жүзбелі аулау,
ағыспен аулау
плав
тор,
жүзбелі аулау,
ағыспен аулау
Ихтиология саласы терминдері–
Дефинициясы1. Тор, жүзбелі аулау, ағыспен аулау – 1. балық шаруашылығы мен кәсіптік балық аулауда арнайы жүзбелі ауларды ағыс бойымен еркін ағызып жіберу арқылы балық аулау әдісі; 2 өзен немесе су айдынының арнайы дайындалған арналық учаскесі.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: oqim bo'ylab tutish, suzuvchi to'r usuli
4. Түрік: akıntı ağıyla avlanma, sürütme ağı
5. Ағылшын: drift fishing, driftnetting
6. Неміс: treibnetzfischerei, treibfischerei
7. Бекітілген нұсқасы: торлы қабық (2023), батут торы (2025)
8. Қолдану саласы: Су шаруашылығы
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574 Заңы. ... жүзбелi айлақ ...
2) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284 Заңы. ... жүзбелі құрылыс ...
3) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 27 ақпандағы N 390-II Заңы. ... жүзбейтін кемелердің ...
4) Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 18 наурыздағы № 474-V ҚРЗ. ... жүзетін платформалармен ...
5) Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 31 наурыздағы № 25-VII ҚРЗ. ... жүзетін кеменің ...








10. Ұсыныстар: заңнама құжаттарында берілу ретін, бекітілген терминдерді, басқа тілдегі аудармасын ескере отырып, «жүзбелі аулау» терминін бекіту ұсынылады.
0
12.плавательный пузырьторсылдақ
плавательный пузырь
торсылдақ
Ихтиология саласы терминдері–
Дефинициясы1. Торсылдақ – сүйекті балықтардың көбінде орналасқан, іші газға толы, гидростатикалық және тыныс алу, дыбыс қабылдау/бөлу қызметтерін атқаратын ішкі мүше,
балықтың су қабатында өз денесінің меншікті салмағын реттеп, күш жұмсамай белгілі бір тереңдікте қалқып тұруын қамтамасыз ететін, ал жайын, тұқы сияқты балықтарда дыбысты естуге және дыбыс шығаруға қатысатын негізгі орган.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: suzish pufagi


4. Түрік: yüzme kesesi

5. Ағылшын: swim bladder

6. Неміс: schwimmblase
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Биология, Су шаруашылығы
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 319 бұйрығы. ... торсылдақ ...
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 314 бұйрығы. ... торсылдақ ...
3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 12 шілдедегі № 219-НҚ бұйрығы. ... жүзу торсылдақтары және өзге де тағамдық балық қосалқы өнімдері ...
4) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 10 шешімі. ... бастары, құйрықтары, жүзетін торсылдақтары ...
5) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 43 шешімі. ... жүзетін торсылдақтары және өзге де тағамдық балық қосалқы өнімдері ...



10. Ұсыныстар: заңнама құжаттарында берілу ретін, басқа тілдегі аудармасын ескере отырып, «торсылдақ» терминін бекіту ұсынылады.
+3
13.плавная сетьықпа ау,
жүзбе ау,
жүзбелі ау
плавная сеть
ықпа ау,
жүзбе ау,
жүзбелі ау
Ихтиология саласы терминдері–
Дефинициясы1. Ықпа ау, жүзбе ау, жүзбелі ау – балық шаруашылығы мен кәсіптік балық аулауда су түбіне немесе жағалауға бекітілмей, су ағысымен немесе желдің ырқымен еркін қалқып ағатын торлы балық аулау құралы.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: suzuvchi to'r, oqim to'ri


4. Түрік: sürütme ağı, akıntı ağı, drift ağı

5. Ағылшын: drift net, driftnet

6. Неміс: treibnetz
7. Бекітілген нұсқасы: суару жүйесі (ауыл шар.) (1971), мат торы (2020), логистикалық желі (2021), оптикалық байланыс торабы (2021)
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Су шаруашылығы
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574 Заңы. ... жүзбелi айлақ ...
2) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284 Заңы. ... жүзбелі құрылыс ...
3) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 27 ақпандағы N 390-II Заңы. ... жүзбейтін кемелердің ...
4) Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 18 наурыздағы № 474-V ҚРЗ. ... жүзетін платформалармен ...
5) Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 31 наурыздағы № 25-VII ҚРЗ. ... жүзетін кеменің ...







10. Ұсыныстар: заңнама құжаттарында берілу ретін, бекітілген терминдерді, басқа тілдегі аудармасын ескере отырып, «жүзбелі ау» терминін бекіту ұсынылады.
+3
14.плавникибалық қанаттары,
жүзбеқанаттар
плавники
балық қанаттары,
жүзбеқанаттар
Ихтиология саласы терминдері–
Дефинициясы1. Балық қанаттары, жүзбеқанаттар – балықтардың, су сүтқоректілерінің және кейбір су омыртқасыздарының су ішінде қозғалуына, дене тепе-теңдігін сақтауына, бағытты өзгертуге және тоқтауға арналған қозғалтқыш мүшелері.

2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: suzgich qanotlar

4. Түрік: balık yüzgeçleri

5. Ағылшын: flippers

6. Неміс: flossen
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Биология, Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 9 қаңтардағы № 152-VIII ҚРЗ. ... акуланың жүзбеқанаттары ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 24 ақпандағы № 461-V ҚРЗ. ... жүзбеқанаттар ...
3) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 18 қазандағы № 662 бұйрығы. ... кеуде жүзбеқанатының сәулесі ...
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 105 бұйрығы. ... акуланың жүзбеқанаттары ...
5) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 25 маусымдағы № 106 шешімі. ... тұтас жүзбеқанаттылар ...
10. Ұсыныстар: заңнама құжаттарында берілу ретін, басқа тілдегі аудармасын ескере отырып, «жүзбеқанаттар» терминін бекіту ұсынылады.
+1
15.плавсоставкемеде істейтіндер құрамы
плавсостав
кемеде істейтіндер құрамы
Ихтиология саласы терминдері–
Дефинициясы1. Кемеде істейтіндер құрамы – азаматтық, әскери, ғылыми-зерттеу, кәсіптік балық аулау немесе көлік кемелерінде қызмет атқаратын және кемені басқаруды, техникалық пайдалануды, балық аулауды немесе ғылыми жұмыстарды қамтамасыз ететін мамандар мен теңізшілердің жалпы тізімдік құрамы.

2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: kema ekipaji, suzuvchi tarkib


4. Түрік: gemi mürettebatı, yüzer personel

5. Ағылшын: floating crew, vessel crew, seagoing personnel


6. Неміс: schiffspersonal, schiffsbesatzung
7. Бекітілген нұсқасы: көшіп-қонушылар құрамы (2025)
8. Қолдану саласы: Әскери іс, Су шаруашылығы
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 наурыздағы N 207 Қаулысы. ... жүзу құрамы мен тиiстi персонал үшiн ...
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 шілдедегі N 763 Қаулысы. ... жүзушi құрамның жоғары буыны мамандарын даярлау ...
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 170 Қаулысы. ... жүзу құрамындағы ...
4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 599 бұйрығы. ... теңіз флоты кемелерінің жүзу құрамының жұмыс уақыты ...
5) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 16 мамырдағы N 280 Бұйрығы. ... Жүзу құрамына тамақ рационынның құны ақшамен өтелмейді ...

10. Ұсыныстар: заңнама құжаттарында берілу ретін, бекітілген терминдерді, басқа тілдегі аудармасын ескере отырып, «кемеде істейтіндер құрамы» терминін бекіту ұсынылады.
-2
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Attention! To leave a message, please sign in.