"

ТЕК ТЕРМИНКОМ МҮШЕЛЕРІ ҒАНА ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ! Республикалық терминология комиссиясының 2026 жылғы 1-отырысында бекітілетін терминдері (жаратылыстану-математика бағыты)

САЛАСЫ ТЕРМИН САНЫ РЕТТІК САНЫ
1 Дене тәрбиесі және спорт саласының терминдері (Спортмастер) 427 1-427
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.автониппельавтоемік
автониппель
автоемік
Дене тәрбиесі және спорт саласының терминдері (Спортмастер)авто (көне грек. αὐτός) – "өзі".
Дефинициясы1. Автоемік – спорттық техникалар мен жабдықтардың (велосипед, автокөлік шинасы, кейбір спорттық доптар) камераларына ауа жіберуге арналған әмбебап, қысымды жақсы ұстайтын клапан түрі.
2. Этимологиясы: авто (көне грек. αὐτός) – "өзі".
3. Өзбек: avtomobil shinalari nipeli
4. Түрік: araba lastik supabı
5. Ағылшын: car tire valve
6. Неміс: Autoreifenventil
7. Бекітілген нұсқасы: автотартқыш (2024)
8. Қолдану саласы: Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі, Дене тәрбиесі және спорт, Электроника, радиотехника және байланыс
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 26 маусымдағы № 348-VI ҚРЗ ... халықаралық автомобиль ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 24 ақпандағы № 461-V ҚРЗ ... ниппельді қосынды нақышты ...
3) Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 24 ақпандағы № 461-V ҚРЗ ... сым мен ниппельдер ...
10. Ұсыныстар: жоғарыда берілген деректер (аударма, түсіндірме, заңнамадағы қолданысы) басшылыққа алынып, «автоемік» нұсқасы ұсынылады.
0
2.аргининаргинин
аргинин
аргинин
Дене тәрбиесі және спорт саласының терминдері (Спортмастер)аргинин (гр. ἀργός) – "жылтыр", "ақ".
Дефинициясы1. Аргинин – азот оксидінің түзілуін стимуляциялау арқылы қан айналымын және бұлшықет жұмысын қолдауға бағытталған спорттық қоспаларда қолданылатын амин қышқылы.
2. Этимологиясы: аргинин (гр. ἀργός) – "жылтыр", "ақ".
3. Өзбек: arginin
4. Түрік: arjinin
5. Ағылшын: arginine
6. Неміс: Arginin
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 9 қарашадағы № 612 бұйрығы ... Триптофан, Валин, Аргинин, Аланин ...
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № ҚР ДСМ-104 бұйрығы ... Глутаргин, Аргинин ...
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-150 бұйрығы ... Аргинин ...
10. Ұсыныстар: терминнің қолданысы, заңнамада берілуі, басқа тілдердегіа аудармалары басшылыққа алынып, «аргинин» нұсқасы ұсынылады.
0
3.ботинки для конькового ходаконькилік жүріске арналған бәтеңке
ботинки для конькового хода
конькилік жүріске арналған бәтеңке
Дене тәрбиесі және спорт саласының терминдері (Спортмастер)коньки (көне слав. конёк) – "ат".
Дефинициясы1. Конькилік жүріске арналған бәтеңке – скейтинг техникасындағы итеріліс пен тұрақтылықты арттыру үшін жасалған қатты табанды және жоғары бүйірлік қолдауы бар арнайы шаңғы аяқ киімі.
2. Этимологиясы: коньки (көне слав. конёк) – "ат".
3. Өзбек: konki uchish etiklari
4. Түрік: kayak pateni botları
5. Ағылшын: skate ski boots
6. Неміс: Schlittschuhe
7. Бекітілген нұсқасы: жүрісжолының аяқталуы (2022), шаңғы бәтеңкесi (2019), гравитациялық бәтеңкелер (2019)
8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт, Әскери іс, Ауыл шаруашылығы
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 3 ақпандағы N 525 Заңы ... доңғалақты конькилер ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 24 ақпандағы № 461-V ҚРЗ ... бекiтiлген конькилерi бар ...
3) Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 346-IV Заңы ... конькилер ...
10. Ұсыныстар: жоғарыда берілген деректер басшылыққа алынып, «конькилік жүріске арналған бәтеңке» нұсқасы ұсынылады.
0
4.ботинки забродныеөткел бәтеңкесі
ботинки забродные
өткел бәтеңкесі
Дене тәрбиесі және спорт саласының терминдері (Спортмастер)ботинка (фр. botte) – "етік".
Дефинициясы1. Өткел бәтеңкесі – су айдындарының таяз бөліктерінде жүруге арналған, су өткізбейтін не тез құрғайтын материалдан жасалған, табаны таймайтын, арнайы забродтық костюммен бірге қолданылатын берік аяқ киім.
2. Этимологиясы: ботинка (фр. botte) – "етік".
3. Өзбек: suvga kirish etiklari
4. Түрік: su geçiş botu
5. Ағылшын: wading boots
6. Неміс: Watstiefel
7. Бекітілген нұсқасы: шаңғы бәтеңкесi (2019), өткел (2021)
8. Қолдану саласы: Көлік және қатынас жолдары, Дене тәрбиесі және спорт, Әскери іс
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы N 281 және Атырау қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 10 мамырдағы N 708 бірлескен шешімі мен қаулысы ... № 1 өткелге ...
2) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 шілдедегі N 55-IV Заңы ... Теміржол өткелдерінен ...
3) Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 24 ақпандағы № 461-V ҚРЗ ... шаңғы бәтеңкелері ...
10. Ұсыныстар: жоғарыда берілген деректерді (қолданысын, аудармаларын) басшылыққа ала отырып, «өткел бәтеңкесі» нұсқасын ұсынамыз.
0
5.бриджибриджи
бриджи
бриджи
Дене тәрбиесі және спорт саласының терминдері (Спортмастер)бриджи (ағыл. breeches) – "тізеге дейінгі шалбар".
Дефинициясы1. Бриджи – спортта тізеге дейін немесе сәл төмен түсетін, қозғалыс еркіндігін қамтамасыз ететін, жеңіл әрі созылмалы матадан тігілген қысқа спорттық шалбар түрі.
2. Этимологиясы: бриджи (ағыл. breeches) – "тізеге дейінгі шалбар".
3. Өзбек: bridjilar
4. Түрік: briç
5. Ағылшын: breeches
6. Неміс: Reithosen
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі, Дене тәрбиесі және спорт
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 441 қаулысы ... бриджилер және шолақ шалбарлар ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 24 ақпандағы № 461-V ҚРЗ ... бриджилер және шолақ шалбарлар ...
3) Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 9 қаңтардағы № 152-VIII ҚРЗ ... шалбарлар және бриджи ...
10. Ұсыныстар: сөздің өзбек, түрік, ағылшын және неміс тілдеріндегі аудармаларын ескере отырып, қазақ тілінде «бриджи» нұсқасы ұсынылады.
0
6.брюки вратарскиеқақпашы шалбары
брюки вратарские
қақпашы шалбары
Дене тәрбиесі және спорт саласының терминдері (Спортмастер)брюки (фр, "bragues", көне герм."brōka") – "шалбар", "аяққа киілетін киім".
Дефинициясы1. Қақпашы шалбары – қақпашыларға арналған, соққылардан, құлаудан және сырғанаудан қорғау үшін арнайы жұмсартылған төсемдері бар, серпімді әрі берік материалдан жасалған спорттық шалбар.
2. Этимологиясы: брюки (фр, "bragues", көне герм."brōka") – "шалбар", "аяққа киілетін киім".
3. Өзбек: darvozabon shimlari
4. Түрік: kaleci pantolonu
5. Ағылшын: goalkeeper pants
6. Неміс: Torwart-Hose
7. Бекітілген нұсқасы: голкипер;қақпашы (2019), кеңбалақ шалбар (индустрия) (2015)
8. Қолдану саласы: Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі, Дене тәрбиесі және спорт, Әскери іс
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 82 бұйрығы ... Қақпашыға арналған свитер ...
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 524 қбпү бұйрығы ... Қақпашы киім нысаны ...
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 7-1/247 бұйрығы. ... Шалбары бар парадтық китель ...
4) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 3 ақпандағы N 525 Заңы ... төменгi бөлiгiне арналған және шалбар ...
10. Ұсыныстар: өзбек, түрік, ағылшын және неміс тілдеріндегі аудармалары мен заңнамадағы қолданысы ескеріліп, «қақпашы шалбары» нұсқасы ұсынылады.
0
7.брюки-шортышорт-шалбар
брюки-шорты
шорт-шалбар
Дене тәрбиесі және спорт саласының терминдері (Спортмастер)брюки (фр. "bragues", көне герм. "brōka") – "шалбар"; шорт (ескі ағылш. sceort) – "қысқа".
Дефинициясы1. Шорт-шалбар – спортта қолданылатын, тізеден жоғары немесе тізе деңгейінде аяқты еркін қозғалтуға мүмкіндік беретін қысқа шалбар, көбінесе жеңіл және серпімді матадан тігілген, жаттығу немесе жарыс кезінде қозғалысқа икемділік беретін спорттық киім.
2. Этимологиясы: брюки (фр. "bragues", көне герм. "brōka") – "шалбар"; шорт (ескі ағылш. sceort) – "қысқа".
3. Өзбек: short-shim
4. Түрік: şort-pantolon
5. Ағылшын: shorts-pants
6. Неміс: Shorts-Hose
7. Бекітілген нұсқасы: кеңбалақ шалбар (индустрия) (2015)
8. Қолдану саласы: Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі, Дене тәрбиесі және спорт, Әскери іс
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 3 ақпандағы N 525 Заңы ... юбка-шалбар ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 24 ақпандағы № 461-V ҚРЗ ... пиджактар, блайзерлер, шалбарлар, көкірекшесі ...
3) Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 9 қаңтардағы № 152-VIII ҚРЗ ... шалбарлар және бриджи ...
10. Ұсыныстар: жоғарыда берілген деректерді басшылыққа ала отырып, тура аударманың орнына жеңіл және тоқыма өнеркәсібінде қолданысқа ие "келтекей" сөзі ұсынылады.
0
8.булава гимнастическаягимнастикалық ұршық
булава гимнастическая
гимнастикалық ұршық
Дене тәрбиесі және спорт саласының терминдері (Спортмастер)гимнастика (гр. γυμναστική) – "жаттығу өнері", "денені жаттықтыру".
Дефинициясы1. Гимнастикалық ұршық– көркем гимнастикада жұппен орындалатын техникалық және көрсетілімдік элементтерге арналған арнайы спорттық снаряд.
2. Этимологиясы: гимнастика (гр. γυμναστική) – "жаттығу өнері", "денені жаттықтыру".
3. Өзбек: gimnastik tayoqcha (bułava)
4. Түрік: ritmik jimnastik topuzu
5. Ағылшын: rhythmic gymnastics club
6. Неміс: Gymnastikkeule
7. Бекітілген нұсқасы: гимнастика (2019), ат үстіндегі гимнастика (2022), ұршық тәрізді (2017)
8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт, Мәдениет және өнер
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306 Заңы ... гимнастикалық снарядтарды ...
2) Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 346-IV Заңы ... гимнастика жабдықтары ...
3) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы N 220-IV Заңы ... Гимнастика (FIG) ...
10. Ұсыныстар: өзбек, түрік, ағылшын және неміс тілдеріндегі аудармалары ескеріліп, "гимнастикалық ұршық" нұсқасы ұсынылады.
0
9.валенкипима, киіз байпақ
валенки
пима, киіз байпақ
Дене тәрбиесі және спорт саласының терминдері (Спортмастер)–
Дефинициясы1. Пима – қой, сиыр, ешкі, қоян, түйе жүнінің қоспасынан және басқа жануарлардың жүнінен немесе жасанды жүннен басылған жылы киіз етік. Құрғақ қармен жүру үшін пайдаланылады. Пима мен валенкидің айырмашылығы: (валенки) қой жүнін (көбіне табиғи жүн) бу, қысым және ысқылау арқылы біртұтас етіп жасайтын, тігіссіз, киізден дайындалатын дәстүрлі қысқы аяқкиім; пима – жүннен (қой жүні немесе аралас талшықтар) өндірістік киізден тігілетін немесе қалыпқа келтірілетін, табаны бөлек жасалатын, валенкіге ұқсас, бірақ конструкциялық тұрғыда күрделірек қысқы аяқкиім.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: kiyiz etiklar
4. Түрік: keçe çizmeler
5. Ағылшын: felt boots
6. Неміс: filzstiefel
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі, Дене тәрбиесі және спорт, Әскери іс
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 524 қбпү бұйрығы ... Табаны резеңке пима ...
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 14 мамырдағы № 188 бұйрығы ... Пима ...
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 118 бұйрығы. ... пима, кроссовкалар ...
10. Ұсыныстар: "пима" мен "валенки" бірдей емес, олар ұқсас болады, бірақ технологиясы, материалы және қолданылу аймағы жағынан айырмашылығы бар екі түрлі аяқкиім түрі. Сондықтан берілген дефиницияға сәйкес салалық сөздіктерде берілген "киіз байпақ" нұсқасын бекітуді қолдаймыз. Комиссия мен сала мамандарының пікірі қажет.
0
10.вейвбордуэйвборд
вейвборд
уэйвборд
Дене тәрбиесі және спорт саласының терминдері (Спортмастер)вейвборд (ағылш. wave+board) – "толқын+тақта".
Дефинициясы1. Уэйвборд – екі дөңгелекті, буындалған платформадан тұратын, толқын тәрізді қозғалыс арқылы жүретін спорттық тақтай.
2. Этимологиясы: вейвборд (ағылш. wave+board) – "толқын+тақта".
3. Өзбек: veýbord
4. Түрік: wakeboard
5. Ағылшын: wakeboard
6. Неміс: wakeboard
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт
9. Заңнамадағы қолданысы: –
10. Ұсыныстар: жоғарыда берілген деректер басшылыққа алынып, «уэйвборд» нұсқасы ұсынылады.

0
11.вейдерсыуэйдерс
вейдерсы
уэйдерс
Дене тәрбиесі және спорт саласының терминдері (Спортмастер)вейдерсы (ағыл. waders) – "су кешу".
Дефинициясы1. Уэйдерс – суға кіріп орындалатын балық аулау және су спорты әрекеттерінде денені судан қорғауға арналған су өткізбейтін етік-комбинезон.
2. Этимологиясы: вейдерсы (ағыл. waders) – "су кешу".
3. Өзбек: veyderlar (suv shimlari)
4. Түрік: tulum çizme
5. Ағылшын: waders
6. Неміс: Wathosen
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 126 бұйрығы ... жартылай комбинезоннан тұрады ...
2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 82 бұйрығы ... резеңке етік жұп ...
10. Ұсыныстар: жоғарыда берілген деректерді басшылыққа алынып, «уэйдерс» нұсқасы ұсынылады.

0
12.вейксерфуэйксерф
вейксерф
уэйксерф
Дене тәрбиесі және спорт саласының терминдері (Спортмастер)вейксерф (ағыл. wake+surf) – "кеменің артынан қалған толқын ізі+толқында жүру".
Дефинициясы1. Уэйксерф – қайық тудырған толқында арқансыз серфинг жасауға негізделген су спорты.
2. Этимологиясы: вейксерф (ағыл. wake+surf) – "кеменің артынан қалған толқын ізі+толқында жүру".
3. Өзбек: veytsörf
4. Түрік: wakesurf
5. Ағылшын: wakesurf
6. Неміс: wakesurf
7. Бекітілген нұсқасы: кайт серфинг (2019)
8. Қолдану саласы: Су шаруашылығы, Дене тәрбиесі және спорт
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 346-IV Заңы ... серфингке арналған тақтайлар ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 24 ақпандағы № 461-V ҚРЗ ... серфингке және виндсерфингке ...
3) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 3 ақпандағы N 525 Заңы ... виндсерфингтерге арналған ...
10. Ұсыныстар: терминнің басқа тілдердегі аудармалары, заңнамадағы қолданысы мен қолданылу саласы ескеріле отырып, «уэйксерф» нұсқасы ұсынылады.

0
13.велоботинкивелобәтеңке
велоботинки
велобәтеңке
Дене тәрбиесі және спорт саласының терминдері (Спортмастер)вело (лат. velox) – "жылдам".
Дефинициясы1. Велобәтеңке – велосипедшіге арналған, педальмен тиімді күш беруді және аяқтың тұрақты бекітілуін қамтамасыз ететін, қатты табанды, арнайы құлып-механизмі (шип) бар спорттық аяқ киім.
2. Этимологиясы: вело (лат. velox) – "жылдам".

3. Өзбек: velobutin / velosiped etiklari
4. Түрік: bisiklet ayakkabısı
5. Ағылшын: cycling shoes
6. Неміс: Fahrradschuhe
7. Бекітілген нұсқасы: шаңғы бәтеңкесi (2019)
8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт, Әскери іс
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 248-VІ ҚРЗ. ... былғары бәтеңке жұп ...
2) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 3 ақпандағы N 525 Заңы ... конькилер бекiтiлген бәтеңкелер ...
3) Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 7 наурыздағы № 168-VIII ҚРЗ. ... Бәтеңке, құмға арналған ...
10. Ұсыныстар: жоғарыда берілген деректер басшылыққа алынып, «велобәтеңке» нұсқасы ұсынылады.
0
14.велобридживелобриджи
велобриджи
велобриджи
Дене тәрбиесі және спорт саласының терминдері (Спортмастер)вело (лат. velox) – "жылдам"; бриджи (ағыл. breeches) – "тізеге дейінгі шалбар".
Дефинициясы1. Велобриджи – велосипед тебуге арналған, тізеге дейін немесе сәл төмен түсетін, созылмалы және демалатын матадан тігілген, кейде жөргекше жастықшасы (памперсі) бар, ыңғай мен қозғалыс еркіндігін қамтамасыз ететін спорттық қысқа шалбар.
2. Этимологиясы: вело (лат. velox) – "жылдам"; бриджи (ағыл. breeches) – "тізеге дейінгі шалбар".
3. Өзбек: velobridjilar
4. Түрік: bisiklet briçi
5. Ағылшын: cycling breeches
6. Неміс: Rad-Breeches
7. Бекітілген нұсқасы: велотриал (2019)
8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт, Әскери іс
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 3 ақпандағы N 525 Заңы. ... бриджи немесе шорты (сулық денежабымдардан басқа) ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 24 ақпандағы № 461-V ҚРЗ ... шалбарлар бриджилер және шолақ шалбарлар ...
3) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 3 ақпандағы N 525 Заңы ... көкірекшесі және бауы бар шалбарлар бриджилер ...
10. Ұсыныстар: жоғарыда берілген деректер басшылыққа алынып, «велобриджи» нұсқасы ұсынылады.
0
15.веложилеткавелокеудеше
веложилетка
велокеудеше
Дене тәрбиесі және спорт саласының терминдері (Спортмастер)вело (лат. velox) – "жылдам"; жилетка (фр. gilet) – "жеңсіз көйлек".
Дефинициясы1. Велокеудеше – велосипедшіге арналған, жеңіл әрі жел өткізбейтін немесе жылы ұстайтын материалдан тігілген, денені қорғап, аэродинамиканы жақсартатын спорттық жеңсіз сырт киім.
2. Этимологиясы: вело (лат. velox) – "жылдам"; жилетка (фр. gilet) – "жеңсіз көйлек".

3. Өзбек: velo jilet
4. Түрік: bisiklet yeleği
5. Ағылшын: cycling vest
6. Неміс: Fahrradweste
7. Бекітілген нұсқасы: велокросс (2019), жарық-сигналды кеудеше (2021)
8. Қолдану саласы: Дене тәрбиесі және спорт, Әскери іс
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 82 бұйрығы ... Велокеудеше, дана, адам ...
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығы. ... сигналдық кеудеше ...
3) Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 248-VІ ҚРЗ ... броньды кеудеше ...
10. Ұсыныстар: терминнің аудармасы, дефинициясы мен заңнамадағы қолданысы ескеріліп, «велокеудеше» нұсқасы ұсынылады.
0
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.