"
Сәлеметсіздер ме, Termincom алаңының қолданушылары! «Деформация" сөзін "қалыпсыздану» деп аударуды ұсынамыз.
Түсініктеме:
“Форма” сөзін “қалып” деп аударсақ, әрі -ция – -sion/-tion латын жұрнағы қазақша -дану болса, түбір сөзге “де” тіркемесін және “ция” Толығырақ ...жұрнағын жалғасақ -сыздану болып бейімделуі керек. Ойларыңызды пікірде күтемін.
  • Сәлеметсіз бе, Gulnaz! Сіз ұсынып отырған терминнің бекітілген нұсқасы бар.
    Деформация – сыртқы әсерлер немесе ішкі күштер нәтижесінде қандай да бір объект конфигурациясының өзгеруі. Физика. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік / Жалпы Толығырақ ...ред. Басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: Павлодар: «Кереку» баспасы, 2011. – 449 б.

    1. Деформация – деформация (2021 жылы бекітілген термин)
    2. Пішінсіздену (хим) – деформация (2018 жылы бекітілген термин)
    3. Агрегат жүрiсiнiң қалыпсыздығы – Неравномерность хода агрегата (Су шаруашылығы)
    4. Жыл iшiндегi қалыпсыздық – Неравномерность внутригодовая (Су шаруашылығы)
    5. Аномалия, қалыпсыздық – Аномалия (Геология, геодезия және география)
    6. Қалыпсыздық, нормасыздық – Анормальность (Педагогика және психология)
    7. Қалыпсыз аудан – Район аномальный (Геология, геодезия және география)
    8. Жер, пішін – Земля, форма (2016 жылы бекітілген термин)
    9. Тербелiстер пiшiнi – форма колебаний (2016 жылы бекітілген термин)
    10. Нысан, пішін – форма (Заңтану)
    11. Қалып (көлік және қатынас жолдары) – колодка (2015 жылы бекітілген термин)
    12. Шаблон, қалып (индустрия) – шаблон (2015 жылы бекітілген термин)
    13. Норма, қалып (эконом.) – Норма (1990 жылы бекітілген термин)
    14. Қалып, түр – Форма (Пән сөздері)
    15. Қалып – Колодка (Пән сөздері)
    16. Жосық, қалып, жағдайы – Положение (Әскерлік атаулар)
    17. Тұғыр, тез, қалып – Станок (Әскерлік атаулар)

  • Gulnaz 1 апта бұрын

    Сәлеметсіз бе! Жауабыңызға рахмет! Бұл аудармаларды іздеп, саралағанмын.
    Сөздің түбірі де, жұрнағы да жат тілдік, әрі төл дыбыстар мен емле ескерілмей аударылған. Қазақша баламасы бола тұра тілімізге “шапан кигізбей” шет тілдегі Толығырақ ...нұсқасын тікелей ала салған қаншалықты дұрыс? “Қалыпсыздану” аудармасының қисының жоғарыда түсіндіріп кеттім, жаңа аударманы әлі де талқыға саласыздар деген үміттемін.
    Бұдан бөлек “кристаллизация” сөзіне де ұсынысым бар. “Кристалл” сөзін қазақша “мөлдіртас”, ал “кристаллизацияны” мөлдіртастану деп аударсақ, “ция” жұрнағы бар сөздерде біртіндеп біркелкілік орнар еді. Бұл ел атауларындағы “ция-ға” да қатысты. Жуан буынды сөздерде -са, ал жіңішкесінде -се деп икемделеді. Мәселен, Францияны Пыранса деуге болады. Бұны Алаштің бірқатар тілмаштары да атап өткен.

  • Мөлдіртас – түссіз мөлдір кварц, сутас. Мөлдіртас – үшінші класты асыл тастар өкілі (Қаз. тілі термин. Геология). Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 11-том. /Құраст.: Ж.Манкеева, С.Бизақов, Ә.Жүнісбек және Толығырақ ...т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.