Республикалық терминология комиссиясының 2024 жылғы 5-отырысында бекітілетін терминдерге қатысты пікір. Мұнда орысша атауы "Многолюдный мир" емес, дефинициясына сәйкес "Многополярный мир, многополюсный, мультиполярный мир" болуы тиіс. Многолюдный мир деп "Переполненный мир" ұғымы туралы айтылуы мүмкін.
Әр терминді мұқият қарап, пікір білдіргеніңізге ризамыз, Ерболат. Өте дұрыс айтылған ұсыныс ретінде қабылдап, орысша нұсқасы "многополюсный мир" деп түзетіледі.