Жаратылыстану-математика бағыты бойынша Республикалық терминология комиссиясының 2024 жылғы 3-отырысында бекітілетін кейбір терминдерге шолу
«Анастомоз» термині
Алаңда көрсетілген терминнің қазақ тілінде «жалғама», «ұштасым», «анастомоз» деп үш нұсқасы ұсынылған. Анықтамасы бойынша ол – Толығырақ ...қуыс мүшелердің ішкі көлемін (мысалы, ішек, қан немесе лимфа тамырлары), сондай-ақ, жүйке тіндері, бұлшықет және т.б. ұлпаларды олардың арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін хирургиялық немесе басқа жолмен қосу, бітістіру. Этимологиясы: анастомоз (көне грекше ἀναστόμωσις) – «саңылау, тесік, жырық». Өзбек тілінде «anastomoz», ал түркі тілінде «anastomoz» деп алынады.
Осы терминді, туындылары мен сөз тіркестерін Республикалық терминология комиссиясы былайша бекіткен:
2017 жылы «анастомозит» – «анастомозит»;
2017 жылы «гастроэнтероанастомоз» – «гастроэнтероанастомоз»;
2017 жылы «артерия-веналық анастомоз» – «артерио-венозный анастомоз»;
2005 жылы «тамыржалғау (мед.)» – «анастомоз»;
1971 – 1981 жылдары «анастомоз (мед.)» – «анастомоз».
Оның баламасы ретінде ұсынылған «жалғама» және «ұштасым» терминдерінің бекітілген-бекітілмегеніне де тоқталып өткен орынды. Атап айтқанда,
2021 жылы «цифрлық жалғама» – «цифровая приставка»;
1971 – 1981 жылдары «жалғама (мед.);» – «связка». Бұл жағдайда «жалғама» сөзінің «приставка» және «связка» деген сөздердің аудармалары ретінде бекітілгені айқын. Ал «ұштасым» деген баламасы алаңда кездеспегенмен, оның кейбір дереккөздердегі қолданыс қалпын көруге болады. Мәселен,
ұштасым (мед.) – шунт (Казахско-русский словарь лингвистическо-образовательного веб-ресурса «Ace Linguo Portal»);
ұштасым – шунт (Русско-казахский терминологический словарь «Медицина»).
2014 жылғы Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздікте (14-том. Медицина) термин:
Анастомоздар бітелісі – непроходимость анастомозов (24-б.);
Анастомоз – анастомоз, жалғама
Анастомоз артериовенозный – артериявнеалық анастомоз;
Анастомозит – жалғама қабынуы (279-б.) деп қолданылып, терминді екі баламамен көрсету арқылы терминнің бірізділігі сақталмаған.
Негіздемеге сүйеніп, «анастомоз» (анастомоз) деген баламасы ұсынылады.
Анастомоз, қосылымдар. Адам анатомиясы: оқулық. Жалпы редакциясын басқарған профессор Т.М. Досаев. - Алматы: «АҚНҮР баспасы», 2013. - 366 б.
Анастомоз, қосылым. Адам анатомиясы (Атлас), 3-том. Жүрек-тамыр жүйесі.-Астана: Фолиант, 2010.- 280 Толығырақ ...б.
Анастомоз – жалғама, екі қуысты ағзаны бір-біріне жалғау. Дереккөзі: https://erketai.kz/terminder/patalogiyalyk-anatomiya-sozdigi-a/
Қосылым, жалғама, ұштасу деген қазақша нұсқалары кездескенімен, медициналық термин ретінде қолданылуы түсінікті бола ма? Медицина, биология, анатомия саласы мамандарының пікірін ескеріп, «анастомоз» нұсқасын қалдыруды қолдаймын.
Айгүл Көбейсінқызы тамаша талдау жасапты!