"
Құрметті тіл жанашырлары. Көптеген оқулықтарда көп сөздердің, тіпті сөйлемдердің калька түрінде аударылып жүргенін байқаймыз. Кейбір медициналық терминдердің аудармалары қолданылмай жүргенін байқап қалып жүрміз. Мысалы: интенсивті-қарқынды, симптомдар-белгілер, дискомфорт-жайсыздық, прогрессивті-үдемелі, модель-үлгі, фасция-шандыр, дефицит-тапшылықдоза-мөлшердефект-ақау, коллатерал-жанама.......
Серік Ерғали
  • Бақытгүл Ысқақова 2 апта бұрын

    Шынымен де терминдердің сәтті аудармалары, баламалары жетерлік. Сала мамандарының ұлт тіліндегі терминдерді қолдануға қызығушылығы төмен шығар, мүмкін жариялап, жарнамалау жағы да жетпей жатқан шығар. Тамаша қазақы терминдердің белсенді қолданысқа еніп Толығырақ ...кетуі тым баяу екенін мойындауымыз керек.

  • Қазақ тіліндегі баламасы бар болса немесе қазақша атаумен жазу мүмкін болып жатса, шетелдік сөздерді мейлінше аз қолданған жөн. Мысалы, Ұлыбританияда немесе көршілес Ресейде қазақ тіліндегі сөздерді көп пайдаланып жатқанын елестету Толығырақ ...мүмкін бе? Ұлттық біртектілік деген ұғым қалыптасуы тиіс.

  • Қазақ терминологиясының негізгі принципі сол ғой Ерболат Ғалымжанұлы. Бірақ тым асыра сілтеп ойға қонымсыз аударма жасағанымыз дұрыс емес. Ал енді сәтті баламаларды кеңінен қолдануымыз керек. Қазақ сөз қорының көбеюіне қарсы емеспін.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.