"
Сүңгуір жарақтарының бір бөлігі «шланг» термині туралы

Баламасы «сүңгуірлік құбыршек», «сүңгуірлік құбырішек» деп ұсынылған «водолазный шланг» терминінің кейбір анықтамасына тоқталсақ:
1) шланг – сұйықтықтарды немесе газдарды беру үшін су өткізбейтін Толығырақ ...материалдан жасалған иілгіш құбыр (Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі / Құрастырғандар: Ш. Құрманбайұлы, С.Исақова, Б.Мизамхан және т.б. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 596 б.);
1) «шланг» термині 20-шы жылдары неміс тілінен енген, мұндағы «Schlange» - «шланг» сөзі schlingen – «орау, шырмалу» сөзінен туындаған «Schlange» - «жылан» сөзінен түзілген. «Шланг» атауы оның «жылан тәріздес» бұралаңқы келген түріне байланысты қойылған (Происхождение слова шланг в этимологическом онлайн-словаре Шанского Н.М.).
Сонымен қатар ол алаңда өзбек тілінде «sho'ng'in shlangi» деп ұсынылса, 2015 жылы «шлангы» деп бекітілген.
Қолданыстағы құқықтық актілерге шолу жасалып, онда терминнің былайша берілетіні анықталды, яғни «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында, «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы» 2016 жылғы 24 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында «шланг» – «шланг» деп өзгеріссіз алынған.
Талданған материалдарды негізге алып, терминді «сүңгуір шланг» деп мақұлдау ұсынылады.
  • Шланг сөзінің «құбырішек» деген қазақша нұсқасы кездескенімен, оның қолданысқа еніп кетуі не термин ретінде жарауына қатысты сұрақ туындайды. Шланг термині 2015 жылы қазақ тілінде «шланг» деп бекітілгенін ескерсек, «сүңгуір шланг» Толығырақ ...терминінде де осы қалпында қолдануға болады.

  • Бақытгүл Ысқақова 4 апта бұрын

    "Сүңгуірдің" ең бірінші анықтамасы - сүңгуірлік жабдықта су астында жұмыс істей алатын адам. Одан басқа "алакөз сүңгуір" деген құс атауы, "сүңгуір қайық" және т.б. тіркестер бар. Ал "сүңгуір шланг" терминдік Толығырақ ...тіркес ретінде нені білдіреді?! Тіркесте анықталушылық және анықтауыштық қатынас айқын көрініп тұруы тиіс. Сондықтан "сүңгуірлік шлангы" немесе "сүңгуірлік құбырішек" деп алған дұрыс.

  • Серік Ерғали 4 апта бұрын

    Ішек сөзі "струнамен" шатастырады. Шланг сөзін қазақылап шыланг" түрінде алса да болар еді, түбірі прототүркілік: жылан. Негізі ол - шылаң ғой. Сүңгуір шылаңы десе кірігіп кетер еді

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.