"
САУДА/ПРОДАЖА,ТОРГОВЛЯ МЕН САТЫҚ/ПОКУПКА

«Покупка", "покупатель" сөздерінің бүгінде баламасы жоқ, шатып-бұтып жүрміз. Шын мәнінде ол тілімізде бұрыннан бар.
Қазақ тіліндегі қос сөздер архаизмге айналған талай сөздердің қоймасы, оны аршып, іздеп, аралап, Толығырақ ...керек сөздерді таба білу керек. Соның бірі: САУДА-САТЫҚ.
Бірақ бұл қос сөзді "сауда-саттық" деп бұрмалап жібергенбіз.
Аталған қос сөз екі амалды/операцияны білдіреді: сауда - сату, сатық - сатып алу.
"Сауда" сөзі қазақтың ақша "сауу" сөзінен туындайды. Әке-шешеміз ақша жұмсауды "сауу" сөзімен білдіретін: "мен бәлен ақшаны сауып қойыппын..." сықылды сөйлемдер бүгінде ерсі естілер...
Сонда бұйрық райлы етістікке -та, -те, -да, -де жұрнақтары жалғанып жаңа сөз құрайтын сөзжасаммен сауда жасалып тұр: сау+да, бал+та, піл+те,, күр+те ...
Ал бұйрық райлы етіктікке -ық,-ік жұрнақтары жалғанып жасалатын сөзге САТ+ЫҚ жатады: қат+ық, жат+ық, кет+ік... - жатады.
Ал бүгінгідей "сауда-саттық" десек, қос сөздің мәні түбімен тәрк етіледі: "сауданы саттық» дегендей...
Сонымен: САУДА - торговля, продажа, САТЫҚ - покупка, саудагер - торговец, продавец, сатушы да - продавец/совет дәуірінде пайда болған сөз, сатықшы - покупатель.
Сатық сәтті болсын, ағайын!!!
Ақерке Нұрмұхамбетова
  • Ахметов Мұхамбедия 3 жыл бұрын

    "... ерсі естілер..." еді деген сөздеріңізді аузынан тастамай бүгінгі күнге дейін Толығырақ ...айтып келген ҚАЗАҚ түгелдей ақымақ па ?

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.