"
Тонкий клиент (ақпараттық қауіпсіздік саласы) - бұл құрылғы немесе бағдарлама екен, қалай аударуға болады? Үкіметтің қаулысында талғампаз деп тұр, бірақ құрылғының функциясына мағынасы мүлдем келмейді.
  • Жіңішке клиент – тонкий клиент

    Дереккөз: Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, Толығырақ ...инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 322/НҚ бұйрығы.

    «Жұқа клиент» – тонкий клиент

    Дереккөз: "Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 6 тамыздағы № 598 қаулысы.

    «Жұқа клиент» – тонкий клиент

    Дереккөз: Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысы.

    Жіңішке клиент – тонкий клиент

    Дереккөз: Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын ақпараттандыру объектілерімен және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 829 бұйрығы.

    Жіңішке клиент – тонкий клиент

    Дереккөз: "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және байланыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 5 ақпандағы № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2025 жылғы 23 маусымдағы № 20 бұйрығы.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.